ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
49
сыз қалу ықтималдығы жоғары екенін эмпирикалық дәлелдермен көр-
сетсек, онда келесі міндет - неліктен солай болғанын түсіндіру. Түсін-
дірмелер көбінесе теорияға айналатын идеялардың жиынтығы болып
табылады, яғни байқалған заңдылықтарды кеңірек мағынада түсіндіре-
ді. Теориялар әдетте қолда бар деректердің ауқымынан кең болады және
эмпирикалық дәлелдерді түсіндіретін болжамдарды да, сыналмаған
болжамдарды да қамтиды.
Жұмыссыздық туралы мысалымызды алсақ: «Афроамерикалықтар-
дың ақ нәсілділерге қарағанда көбірек жұмыссыз қалуының себебі - қа-
зіргі ересек афроамерикалықтардың білім беруде нәсілдік кемсітушілік
көп болған кезде өсіп-жетілген азаматтар екендігі» деген теория түзуіміз
мүмкін. Бұл қарапайым түсіндірме қолда бар деректердің ауқымынан
шығып кетіп, «білім беру нәсілге және жүмыссыздыққа байланысты»
деген кейбір болжамдарға қосылуға мүмкіндік береді. Теория эмпири-
калық жалпылауға негізделгенімен теорияның өзі эмпирикалық емес.
Басқа әртүрлі теориялар эмпирикалық жалпылаумен үйлесімді
болуы мүмкін. Біз білім берудегі айырмашылықтар нәсіл мен жұмыссыз-
дық арасындағы корреляцияны түсіндіреді деген тұжырым ұсындық.
Басқалар корреляцияның пайда болуын кемсітушілікке байланысты
деп түсіндіруі мүмкін. Корреляцияның шындыққа сай түсіндірмелері
көп болғандықтан, зерттеу процесі теория түзумен аяқталмайды. Жаңа
деректер жинау арқылы теорияны сынауды жалғастыруымыз керек.
Ғылыми процесті теориядан дерекке және кері қарай үнемі айна-
лып тұратын дөңгелек ретінде қарастыруға болады. Мысалы, «білімі аз
болғандықтан, ақ нәсілділермен салыстырғанда афроамерикалықтар-
дың арасында жүмыссыздық деңгейі жоғары» деп теория түзе аламыз.
Сонымен қатар «білім деңгейі шамалас афроамерикалықтар мен ақ нә-
сілділердің жұмыссыздық деңгейі де шамалас болады» деп болжаймыз
және осы болжамды ғылыми зерттеулер арқылы сынап көреміз. Алайда
әдетте екі топтың білім деңгейі бірдей болса да афроамерикалықтардың
жұмыссыздық деңгейі жоғары болады. Бұл зерттеулер (деректер) ғалым-
дарға жаңа теориялар түзуге мүмкіндік береді, ал бұл жаңа гипотезалар
мен жаңа зерттеулерге жол ашады. Деректерден теорияға көтерілу про-
цесі индукция деп аталады және теориядан деректерге өту дедукция
деп аталады. 1.1-сызбада осы екі процесс берілген.
Теория - байқалған үлгілерді
анағұрлым кең ауқымда
түсіндіретін идеялар жиынтығы.
Индукция - эмпирикалық түрде
бақыланған заңдылықтарға
қатысты теория түзу арқылы
деректен теорияға көшу процесі.
Дедукция - теориядан алынған
болжамдарды сынау арқылы
теориядан дерекке көшу процесі.
Индукция:
Эмпирикалық
түрдебақыланған
Дедукция:
Теорияны
тексеру
үшін гипозета
Теория
1.1-СЫЗБА. Ғылым дөңгелегі.
Ғылыми
процесті үнемі айналып тұратын
дөңгелек деп қарастыруға болады. Ол
бізді үнемі теориядан дерекке және
деректен теорияға жетелеп отырады.
4-251
50
1-ТА РА У
Зерттеу әдістері
Осы кітапта баяндалған теориялар мен зерттеулер түрлі зерттеу әдіс-
терінен бастау алады. Бул тарауда алкоголь тұтынуды мысал ретінде
ала отырып ең көп таралған әдістерді қарастырамыз және олардың
артықшылықтары мен кемшіліктерін талдаймыз (Зерттеу әдістері:
«Ұғымдар қорытындысы: зерттеу әдістерін салыстыру» деген тақы-
рыпшада қысқаша тұжырымдалған).
Эксперимент - себеп-салдар
теорияларын сынау мақсатымен
тәуелсіз айнымалы
шамаларды
басқару әдісі.
Эксперименталды топ - тәуелсіз
айнымалы шаманы зерттеу
мақсатында
экспериментке
тартылған топ. Осы топтың
нәтижелері бақылау тобымен
салыстырылады.
Эксперимент
Эксперимент дегеніміз - себеп-салдар теорияларын сынау үшін
тәуелсіз айнымалы шаманы зергтеуші басқарып отырып зерттейтін
әдіс. Классикалық тәжірибеде зерттеуші эксперименталды топты
бақылау тобымен салыстырады. Екі топтың арасындағы жалғыз
айырмашылық сол - эксперименталды топ зерттеліп жатқан тәуел-
сіз айнымалы шаманың әсеріне үшырайды. Егер топтар басқа жағы-
нан бірдей болса, оларды салыстыру арқылы тәуелсіз айнымалының
әсерін біле аламыз.
Мәселен, егер біз алкогольді ішімдік ішудің үлгерімге әсерін ба-
ғалағымыз келсе, алкоголь ішкен эксперименталды топты ішпеген
бақылау тобымен салыстыруымыз қажет. Бәлкім, алдымен студент-
терді кездейсоқ түрде екі топқа бөлу керек шығар. Алғашқы жиын-
тық ауқымды болса, екі топ барлық жағынан бірдей деп болжауға
болады. Мысалы, екі топта да жақсы оқитындар мен жаман оқитын-
дар, жалқаулар мен алғыр студенттер саны тең болуы мүмкін. Бұдан
кейін бақылау тобынан бес апта бойы алкогольді ішімдік ішпеуді
сұраймыз, ал эксперименталды топқа күн сайын ішімдік ішуді тап-
сырамыз. Бес аптадан соң екі топтың бағаларын салыстырамыз. Әу
баста топтардың үлгерімі бірдей болғандықтан, егер алкоголь ішпе-
ген студенттердің бағасы жақсарса, онда «ішімдіктен бас тарту олар-
дың үлгерімін жақсартуға мүмкіндік берді» деген қорытынды жасай
аламыз.
Бұл мысал көрсеткеніндей, эксперимент - себеп пен салдар тура-
лы гипотезаны сынаудыц тамаша тәсілі. Алайда оның үш кемшілігі
бар. Біріншіден, адамдарға зиянын тигізетін болса ондай экспери
менты жүргізу адамгершілікке жатпайды. Мысалы, студенттерден
күн сайын ішімдік ішуді талап етсек олардың үлгерімі нашарлауы
мүмкін немесе сол эксперименттің кесірінен маскүнем болып кетуі
ықтимал. Екіншіден, эксперимент жасаған кезде субъектілер көбіне
басқаша әрекет етеді. Мәселен, әдетте алкогольді ішімдік ішу сту-
денттің үлгерімін төмендетуі мүмкін болса да экспериментке қа-
тысушылар зерттеушілердің өздері туралы дерек жинап жатқанын
білетіндіктен жоғары баға алу үшін қосымша дайындалып жүруі
мүмкін. Оның үстіне, эксперимент тым жасанды ортада өткізіледі.
Сондықтан эксперимент нәтижесін бүкіл қоғамға тән құбылыс деп
жалпыландыруға болмайды.
Бақылау тобы - тәуелсіз
айнымалы шама
қолданылмайтын, экспериментке
тартылған топ.
Сауалнама - салыстырмалы
түрде көп адамға стандартталған
сұрақтарды қоюды көздейтін әдіс.
Сауалнама
Сауалнама барысында зерттеуші салыстырмалы түрде көп адамға
стандартталған сүрақтар қояды. Бұл сүрақтарды: бетпе-бет сұхбат-
тасу, телефон арқылы, онлайн режимінде немесе қағазға толтыру
жолымен қоюға болады. Зерттеушілер көп адамға бірдей сүрақ қой-
ғандықтан мінез-құлықтың немесе үлгінің қаншалықты жиі кезде-