Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет18/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   147

ҚОҒАМ  ТУРАЛЫ  ІЛІМ
43
тейді.  Алайда  екі  теорияның  бұл  байланыстар туралы  айтар  пайым- 
дары әртүрлі.
Жеке түлғалардың әлеуметтік құрылымдарға қатысын және олар- 
ға эсер ету ерекшеліктерін зерттейтін әлеуметтанушылар символдық 
интеракционизм  теориясын  пайдаланады.  Символдық  интеракция 
теориясы  (немесе  символдық  интеракционизм)  адам  әрекеттерінің 
субъективті  мәнін  және  осы  мәнді  қалыптастырып,  дамытатын  про- 
цестерді қарастырады (Страйкер, 2008).  Бұл теория адамдардың өзара 
әрекетке  түсуінің  символдық  (немесе  субъективті)  мағынасын  зерт- 
тегендіктен осылай аталады. Символдық интеракционизм теориясы -  
осы тарауда сипатталған дәстүрлі үш  георияның ішіндегі ең жаңасы.
Символдық интеракционизм теориясының 
тужырымдары
Символдық  интеракционизм  теориясы  галымдарының  пайым- 
дауынша адамның мінез-құлқын зерттеуі мынадай үш негізгі нысан- 
дықтұжырымнан бастау алады (Харон, 2006):
1. 
Мән-мағына өте маңызды. Кез келген мінез-құлық пен қимылдың 
я  сөздің  бірнеше  мағынасы  болуы  және  олар  әркелкі  нәрселерді 
сипаттауы мүмкін. Адамның мінез-құлқын түсіну үшін оның сол 
мінез-құлыққа я қимылға қалай қарайтынын зерттеуіміз керек.
2.  Мән-мағына қарым-цатынастың арқасында дамиды. Қарым-қаты- 
нас өзгергенде мағына да өзгереді.
3.  Мән-мағынаны  адамдар  өзара  келісу  арқылы  жасайды.  Біз  басқа 
тараптан  шыққан  мән-мағынаны  ойланбастан  бірден  қабылда- 
маймыз.  Бір  нәрсенің  бізге  және  өзгелерге  қатысты  мән-мағына- 
сын келісуге әрқайсысымыз үлкен үлес қосамыз.
Символдық интеракционизм теориясын қрлдану
Осы үш тұжырым  символдық өзара  әрекетті зерттейтін ғалымдардың 
өзара  қарым-қатынастар  мен  әлеуметтік  қүрылымдардың  адамдарды 
қалай қалыптастыратынын түсінуіне жағдай туғызады.  Мысалы, әйел- 
дерге  қатысты  зорлық-зомбылықты  зерттеген  интеракционистер  хок­
кей ойнағанда басқаларды ұрғаны үшін мақтау естіген, өзін мазақтаған 
баланы әкесіне айтып сазайын бергізген, өзі де ағаларынан таяқ жеп өс- 
кен бала агрессияны еркекке тән табиғи қасиет деп қабылдайтынын ай- 
тады.  Сондай-ақ  символдық  интеракционистер  мүғалімдердің  мектеп 
ауласындағы жұмысты үлдарға тапсырып, сыныпта ұл баланың қызды 
мазақтауына жол беру арқылы қыздардыц ұлдардан әлсіз екенін дәріп- 
тейтінін  аңдамайтынын  айқындады.  Кейбір  зерттеушілердің  айтуын- 
ша, бұл әрекеттер кейін әйелдерге қарсы әлімжеттікке жол ашады.
Бұған  қоса,  символдық  интеракционистер  адамдардың  қарым- 
қатынастарды  қалайша  белсенді  түрде  өзгертетінін  және  қалайша 
келісімге келетінін анықтайды.  Бір отбасында тәрбиеленген екі бала 
неліктен  бір-бірінен  өзгеше  болып  шығады?  Теорияшылардың  ай- 
туынша,  мүның  бір  себебі  -   тіпті  бір  отбасында  өскен  балалардың 
өздері қарым-қатынастар мен оқиғаларды  әртүрлі сезінеді және олар- 
дың мән-мағынасын әркелкі қабылдайды.
Интеракционистер  көбіне  бала  кезінен  бастап  қартайғанға  де- 
йінгі  өмірінде  қарым-қатынастар  адамды  қалай  өзгертетініне  назар 
аударады.  Символдық  интеракционизмнің ең ұтымды  тұсы  сол:  ол -  
өмірімізге,  өз-өзімізді  түсінуге,  тұлғааралық  қарым-қатынас  пен  ке- 
ліспеушіліктерді бағалауға үлкен әлеуметтік құрылымдардың қалай 
эсер ететінін зерттейді.
Символдық интеракционизм 
теориясы - ортақ мәндердің 
қалыптасып, дамуына ықпал 
ететін адами әрекегтер мен 
процестердің субъективті 
мән-мағыналарын зерттеумен 
айналысады.


44
1-ТАРАУ
Ауыспалы объективтер
Символдық  интеракционизм  теориясы  да,  конфликт  теориясы  да, 
құрылымдық-функциялық теория да  жеке-дара  әрекет  ете  алмайды. 
Әрқайсысы  қоғамдық  өмірдің  белгілі  бір  қырын  айқындау  үшін  қо- 
лайлы.  Мұны әйелдер арасындағы жезөкшелік туралы мына бір әлеу- 
метганулық зерттеуден байқаймыз.
Қүрылымдық-функциялық теория: 
жезөкшел іктің функциялары
Құрылымдық  функцияшылдар  жезөкшелікті  талдағанда,  көбінесе 
оның әлеуметтік құрылымын зерттейді әрі жеңгетай, жезөкше, тұтыну- 
шы  арасындағы  қарым-қатынастың  үлгілерін  анықтайды.  Мұнан  соң 
осы әлеуметтік құрылымныц салдарын қарастырады. 1961 жылы жарық 
көрген әйгілі мақаласында Кэсли Дэвис жезөкшелік мынадай функция- 
ларды атқаратынын айтты:
• 
некеге тұруға  шамасы  жетпейтін  кедей  я  мүгедек жандарға 
төсек ләззатын сыйлайды;
• 
үйінен алыс жүрген кәсіпкерлердің, матростардың және басқа- 
лардың жыныстық мүқтажын өтейді;
• 
ерекше  жыныстық  талғамы  бар  адамдардың  қажетін  қана- 
ғаттандырады.
Жезөкшеліктің негізгі мақсаты мен функциясы да осы қызмет түрле- 
рін үсыну. Дэвистің айтуынша, бұл қызметтерді ұсыну арқылы жезөкше- 
лік ерлі-зайыптылардың некелерін қорғап, астыртын функция атқарады, 
белгілі  бір  себептермен  әйелдерінен  қанағатганбайтын  ер  адамдарға 
көмектеседі. Жезөкшелік -  абыройлы  қарым-қатынасты  (соның  ішінде, 
бала  көтеру мен  оны  өсіруді)  некенің аясында  шектегенімен, адамиың 
сыртта жыныстық тоят алуына мүмкіндік беретін қызмет түрі.
Конфликт теориясы: ресурстар теңсіздігі 
және жезөкшелік
Конфликт  теориясын  қолдаушылар  жезөкшелікті  ресурстарға  бір- 
дей  қол  жеткізе  алмаудың  салдары  ретінде  қарастырады.  Олардың 
пікірінше,  әйелдер  экономикалық  мүмкіндіктерге  бірдей  шамада 
қол жеткізе алмайды. Кей қоғамдарда  олардың заңды түрде меншік- 
ке  ие  болуына  жол  жоқ;  енді  бір  елдерде  жүмыс  істеп,  ақша  табуда 
әйелдер  көп  қағажу  көреді.  Өздерін  асырай  алмайтындықтан,  әйел- 
дер  еркектердің  экономикалық  қолдауына  мүқтаж.  Олар  өздерінде 
бар  ресурсты  ұсыну арқылы  ерлерден қолдау табады.  Конфликт тео­
риясы бойынша, бүл қызмет жезөкшелік арқылы жасала ма, әлде не­
кеге  тұру  арқылы  жасала  ма  -   оның  айырмашылығы  аз.  Себебі көз- 
делген мақсат бірдей.
Конфликт  теориясы  әсіресе  үйінен  қашып  кетіп,  жезөкшелік 
жолға  түскен  балалар  мен  қыздардың  әрекеттерін  түсіндіру  үшін 
пайдаланылады.  Бұл жастардың тұрақты жұмыс орнын табуға мүм- 
кіндігі жоқтың қасы, көбінің заңды жүмысқа тұруға жасы жетпейді, 
қанша тырысса да ең төменгі жалақыға да қол жеткізе алмайды. Сон- 
дықтан балғын дене -  олар үшін ең бағалы ресурс.
Символдықөзара әрекет теориясы: жезөкшелер 
өздеріне деген сенімін қалай жоғалтпайды?
Жезөкшелікті  зерттеген  интеракционистер  мүлде  басқа  көзқарасты 
үстанады.  Олар жезөкшелердің тәнін  сатуды қалай меңгергенін және


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау