Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет15/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   147

36
1-ТАРА У
Герберт Спенсер (1820-1903)
Әлеуметтанудағы  алғашқы  ғалымдардың  бірі  -   британдық  фило- 
соф-ғалым Герберт Спенсер болды.
Спенсер  әлеуметтік және табиғи  өмірдің дамуына  эволюция  себеп 
болды  деп  санайды.  Ол  қоғамды  алып  жаратылысқа  ұқсатады:  жүрек 
пен өкпе  ағзаның өмірін қамтамасыз  ету үшін  бірігіп жұмыс істейтіні 
сияқты қоғамныц бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді.
Бүл идеялар арқылы Спенсер әлеуметтік зерттеулерді бағыттайтын 
екі негізгі қағиданы қалыптастырды. Біріншіден, ол «әр қоғам -  қоршаған 
ортаға бейімделу» деп түсіну керек деген қорытындыға келді. Бүл бейім- 
делу қағидаты бойынша қоғамды түсіну үшін өсу мен өзгерістер процесі- 
не баса назар аудару керек. Бұл, сондай-ақ қоғамды үйымдастырудың бір 
ғана  жолы  «дұрыс»  болмайтынын  білдіреді.  Керісінше,  түрлі  жағдай- 
ларға байланысты қоғам да өзгеріп отыратынын байқатады.
Спенсердің  әлеуметтануға  қосқан  екінші  үлкен  үлесі  -   оның 
ғылыми  әдіске қатысты үстанымы  болды. Өз заманындағы көптеген 
ғалымдармен салыстырғанда Спенсер зерттеу барысында моральдық 
бейтараптық пен  мұқияттықтың маңыздылығын дәлелдеді. Таптық 
жіктеліске, патриоттыққа және теологияға деген жалған көзқарастар 
туралы еңбектерінде ол әлеуметтанушыларға қоғамды зерттеген кез- 
де өз пікірін және қалауын таңбауы керектігін ескертті.
Карл Маркс (1818-1883)
Карл Маркс (1818-1883)
Карл  Маркс  1818  жылы  Германияда  дүниеге  келген.  Философ,  эконо­
мист және қоғам қайраткері  23  жасында  философия докторы дэреже- 
сін  алды.  Радикалды  көзқарастарына  байланысты  ол  ешқашан  про­
фессор болмады және өмірінің көп бөлігін қуғында және жоқшылықта 
өткізді (Маклеллан, 2006).
Маркс XIX ғасырға тән кедейлік пен теңсіздікке қарсы шықты. За- 
мандастарының  көбінен  айырмашылығы  -   ол  кедейлікті  табиғи  қү- 
былыс немесе Құдайдың жазғаны деп мойындамады. Оның орнына ол 
кедейлік пен теңсіздікті жекеменшікке бағытталған, бай адамдардың 
мүдделерін  қорғайтын  жүйенің  адамдарға  келтірген  зияны  ретінде 
қарастырды.  Нәтижесінде,  өзінің  күш-жігерін  сол  жүйені  түсінуге 
және  жоюға  арнады.  Маркстың  идеяларының  басым  бөлігі  әлеумет- 
танушыларға қарағанда саясаттанушылар мен экономистерді көбірек 
қызықтырды.  Бірақ оның идеялары экономикалық жүйе, әлеуметтік 
конфликт және әлеуметтік өзгеріс тәрізді қүбылыстардың маңызына 
әлеуметтанушылардың назар аударуына зор ықпал етті.
Маркс кез келген адамзат қоғамының ең негізгі элементі -  оның 
экономикалық  жүйесі  деген  сенімде  болды.  Оның  пайымдауынша, 
бұл  жүйе  барлық әлеуметтік және  саяси  құрылымдардың негізін құ- 
райды.  Мысалы,  дәстүрлі  ауылшаруашылық  қоғамдарында  әдетте 
қожайын басты экономикалық ресурс -  жерге ие болады. Нәтижесінде, 
әйелінің күйеуіне қарсы шығуға  құқығы жоқ, ал балалары әкесі жар 
таңдап, үйленуге рұқсат бермейінше шаңырақкөтере алмайды.
Маркс  мұраға  таласудың  әулеттегі  жанжалға  негіз  болатыны 
сияқты,  бәсеке де  қоғамның экономикалық топтары  арасында конф­
ликт  тудырады  деп  санады.  Сол  замандағы  ғалымдардың  басым 
көпшілігі қоғам бірқалыпты әрекет етеді, ал әлеуметтік өзгеріс бола 
қалған  жағдайда  баяу  және  бейбіт  түрде  дамиды  деп  пайымдады. 
Маркс,  керісінше,  әлеуметтік  өзгерістерді  экономикалық  мүдделе- 
рі  қарсы  келген  топтардың  арасындағы  конфликтің  нәтижесі  деп 
санады.  Шын мәнінде,  қоғам  қайраткері және  ғалым  ретінде  Маркс 
конфликтерді  өршітуден  және  байларды  әлсіретіп,  жүмысшыларға


ҚОҒАМ  ТУ РАЛ Ы  ІЛІМ
37
лайықты  өмір  сүруге  мүмкіндік  беретін  (коммунистік)  революция- 
ны жандандырудан үміттенді.
Эмиль Дюркгейм (1858-1917)
Эмиль  Дюркгеймнің  өмірі  Маркстың  өміріне  ұқсас  болды.  Алайда 
Маркс Англияда қуғынға ұшыраған кезде, Дюркгейм Францияның ең 
таңдаулы  университет!  -   Сорбоннада  профессор  болып  қызмет  етті. 
Дюркгейм  қоғамды  жоққа  шығармай,  оны  мойындады.  Оның  зерт- 
теулері  қоғамның  түрақтылығын  сақтауға  және  тұрақты  қоғамның 
жеке  адамдардың  бақытты  болуына  көмектесетінін  түсіндіруге  ар- 
налған.  Маркстың  мұрасы  -  әлеуметтік  конфликтер  мен  әлеуметтік 
өзгерістерді көрсететін теория болса, Дюркгеймнің мұрасы әлеуметтік 
түрақтылықты көрсететін теория болып саналады.
Дюркгеймнің басты ойларының бірі -  «әлеуметтік тұрақтылық - 
әлеуметтік  тәртіп  пен  еркіндіктің  арасында  лайықты  теңгерім  бол- 
уын қажет етеді» деді. «Суицид» деп аталатын зерттеуінде Дюркгейм 
қатаң  тәртіп  пен  шексіз  еркіндік  адамдардың  өзін-өзі  өлгіруіне  се- 
бепкер болатынын  айтады. Жазмыштық (фаталдық)  суицид қоғамда 
еркіндік аз және тәртіп қатал болған жағдайда  орын алады:  әлеумет- 
тік институттар  мінез-құлыққа  шектеу қойған  кезде адам  өзін торга 
түскендей  сезінеді  ([1897]  1951,  276).  Ал  аномиялық  суицид  еркіндік 
тым  көп,  тәртіп  тым  аз  болғанда  өршіп  кетеді:  қоғамның  ықпалы 
жеке  адамның  ынталылығын  ескермейді  ([1897]  1951,  258).  Мысалы, 
қазіргі уақытта  ата-анасынан, діннен, мектеп пен сыныптастарынан 
аулақтау жүретін жас америкалықтар  арасында  өз-өзіне  қол жүмсау 
көрсеткіші  жоғары,  себебі  олар  аталмыш  тараптардан  қандай  да  бір 
бақылауды сезінбейді (Maimon & Kuhl, 2008).
Дюркгейм  әлеуметтанушылар  арасында  да  белгілі,  себебі  ол  - 
әлеуметтік  өмірдің  қалай  жұмыс  істейтінін  түсіну  үшін  статисти- 
каны  пайдаланудың  маңыздылығын  (мысалы,  өзіне-өзі  қол  жұмсау 
статистикасын)  айтқандардың  бірі.  Ол  айғақтарға  ғана  сүйенетін 
бейтарап  бақылаушы  болуға  тырысты.  Әлеуметтану  қалыптасқан 
ғылымга  айналғаидықтан,  әлеуметтік ғылымның стандартты үлгісі 
ретінде  объективті  бақылаудың  бұл  идеясы  Маркстың  әлеуметтік 
белсенділігін алмастырды.
I
I   Эмиль Дюркгейм (1858-1917)

Маркстыңайтуынша, кедейлер 
I   менбайлардыңқарама-қарсы 
экономикалықмүдделері -  міндетті 
түрде конфликтіге әкеледі, мәселен, 
азық-түлік бағасының өсуіне қарсы 
Египеттегі көтеріліс сияқты.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау