138
Жігіттер, мына қатынның сӛзін қойдырып, ӛзін де ала жүрейік. Теретін
тезек біздің елде де бар! – дейді...» деген тұсқа дейін оқылады.
«Екінші аялдамада»
да сұрақ-тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі. Мақсат
– мәтіннің ішкі мазмұнын терең меңгерту. Оқушының назарынан тыс қалған
кейбір детальдарға кӛңіл аударту.
1.Барымташылардың соңына түскен қуғыншылар кімдер?
2.Екінші қуғыншының іс-әрекетінен не аңғарылады?
3.Әйел неше қолдан ӛтеді?
4.«Қызды сатып алсаң да қатын, тартып алсаң да қатын...» Әйелдің
сол қоғамдағы рӛлі қандай?
Үшінші бӛлік: «...
Манадан ойға кӛміліп, тұнжырап отырған Жалпақ
таудан құлағандай құлап отыр екен...» деген тұстан басталып
, «Жалпақтың
соңғы сӛзін естуі-ақ мұң екен, бірі сары атқа, бірі торы бестіге мініп, екі
әйел ойнап шыға берді...» деген сӛйлеммен аяқталады.
«Үшінші аялдамада» қойылатын сұрақтар:
1. «Манадан ойға кӛміліп, тұнжырап отырған Жалпақ таудан құла-
ғандай құлап отыр екен» деген сӛздің мәнін аш.
2. «Сені батыр деп жұмсайды да, мені қатын деп жұмсайды: айырмасы
осы-ақ» деген сӛздің мәнін түсіндір?
3. «Сен кӛзімнің оқырасын алып, шымылдығын аштың» деген сӛздің
мәні қандай?
4. Әйелдің портретінен не байқалады?
5. «Түйілген қабағынан, от жанған кӛзінен жаның шошырлық.
Жалынған жоқ,
сасқан жоқ, қырық жігітті билеп әкетті».
«Үшінші аялдамада» мәтіннің мазмұны толық дерлік игеріледі. Тек
оқиғаның шешімі ғана құпия. Әңгіме шешімінің тосын арнаға бұрылуы
оқушы шығарманы дербес оқығанда аңғарылмай, кӛмескі қалатын кездері
болуы себепті әңгіме шешімін алдын-ала сыныптың талқылауына ұсынамыз.
Яғни, «шығарма қалай аяқталады деп ойлайсыңдар?», «Ӛздерің жазушы
ретінде шығарманы қалай аяқтар едіңдер?» деген сауал тӛңірегінде әңгіме-
сұхбат жүргіземіз. Сыныптан бірнеше пікір туындауы заңды. Содан кейін
ғана жазушының шешімін оқуға тӛртінші аялдамаға аяқ басамыз.
Әңгіме соңы: «...
Бір кезде әйел, сар қасқа атты қалт тоқтатып,
артына бұрылып:
- Керей деген ел кӛрсеңдер, сәлем айт, Жалпақ деген батыр кӛрсеңдер,
сәлем айт! – деді де жӛнеле береді. Әйелді аттандырған бойы тұра кеп
тұрған Жалпақ балуан гүрс етіп құлап түсті. Біз де сонда ғана есімізді
жинаппыз. Айтып-айтып не керек, жылқы да қалып, Жалпақты сүйеп елге
әрең жеткіздік, - деді.
- Шіркін, әйелдің де әйелі екен, - деп Жанай балуан ылғи айтатын еді, - деп
Әйтілес қарт сақалын тағы бір салалап қоятын еді...»
Тӛртінші аялдамада оқушылар шығарманың аяқталу тұсынан күтпеген
жазушы шешімін оқи отырып, әңгімені басынан тағы бір саралауға кӛшеді.
Бұл үдеріске мұғалім қатыспай-ақ, оқушылар ӛзді-ӛзі қызу талқылап кетеді.