143
шығарманың ой қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты, кейіпкер-
лері, ондағы халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер кӛрінісі, табиғат суреті
шығармадағы
адамгершілік мәселелер, сӛз қолданыстар зерделеніп,
оқушыны
қызықтыратын оқиғалар жайлы пікір алмасуға кең орын беріледі» делінген.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің міндеттері ретінде де «оқушыларға тӛл
әдебиеттің ұлттық сипатын, ондағы халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының
кӛрінісін, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, кӛркем туындының идеялық-
адамгершілік мәнін түсіндіру; кӛркем шығармадағы мазмұн мен форма
тұтастығын, тарихи-әдеби мәліметтердің негізін және әдебиет теориясын
меңгерту; әдеби-теориялық білімін сауатты қолдана алу, ауызша және
жазбаша тілін дамыту»
1
деген мәселелер қойылған.
Әдебиеттің тарихи курсы жаратылыстану бағыты мен гуманитарлық
бағытқа жіктелуіне байланысты базалық деңгейдің 10-11 сыныптарына
арналған оқу бағдарламасында «қазақ әдебиетi туралы жалпы ұғымдары бар,
оқырмандық мәдениетiнiң негiздерi қалыптасқан, кӛркем туындыны
рационалды және эмоционалды меңгере алатын,
әдеби теориялық бiлiм –
дағдыларын қолдана бiлетiн оқушыларға арналып жасалынды» деп арнайы
ескерте ұсынады. Бағдарламада кӛрсетілгеніндей әдеби-теориялық білім
мазмұнының негізі орта буын сыныптарға қалыптасатыны, әдеби-ториялық
білім беру салмағы 5-9 сыныптарға түсетіні аңғарылады. Ал жоғары 10-11
сыныптарда «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің білім мазмұнына: әдебиеттiң
теориялық мәселелерi, құрамдас бӛлiктерi, әдеби ағымдар мен бағыттар,
әдеби кӛркем шығармаларды тұтас талдау жүйесi, әдеби шығарма және
болмыс, ұлттық мәдениет, әдебиет және ұлттық рух, әдебиет және ғаламның
шындық бейнесi, әдебиеттiң ӛзге ғылымдармен байланысы, қазiргi
әдебиеттегi заманауи мәселелер, әдеби оқырмандық мәдениет, сӛз ӛнерi және
шығармашылық даму, кӛркем шығарманың стильдiк ерекшелiктерi ӛзек
етiлiп, әдебиет туралы бiртұтас ұғым қалыптастыру кӛзделген.
Әдебиеттің тектері мен түрлері, оның мектептегі әдеби білім
мазмұнына қатысы. Әдебиеттану ғылымында әдебиеттің тектері мен
түрлері туралы қалыптасқан, орныққан ұғым бар. Әдетте кӛркем шығарма үш
үлкен текке жіктеледі. Олар: эпикалық тек, лирикалық шығарма тегі,
драмалық тек. Эпикалық тектер кӛркем қара сӛзбен де, ӛлеңмен де жазылады.
Эпикалық немесе эпостың түрлеріне: миф, аңыз, ертегі, мысал, очерк,
новелла, әңгіме, дастандар, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, баллада,
поэма, повесть, роман, роман-эпопея жатады.
1
Қазақ әдебиеті пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама. V – IX, X –
XI сыныптар, - А., 2013.