130
2.Аударма (трансформация) - мағынасын сақтай отырып, оқушылардың
идеяларды қандай да бір белгілеу жүйесінен ӛздеріне таныс жүйеге немесе
қалыпқа ауыстыру.
Мұнда мынандай тапсырмаларды келтірсе болады: мәліметті ӛз сӛзімен
мазмұндау немесе қысқаша келтіру, сӛзбен берілген тапсырманы кесте,
график, диаграмма түрінде кӛрсету.
3.Мысалдар – мәліметті, ойды дұрыс түсінгендікті кӛрсету үшін
практикадан алынған фактілерге жүгіну, соларды келтіру.
Әрине, оқушылар мысалдар келтіргенде, сабақта мұғалім айтқан
мәтіметтер мен оқулықтарда кӛрсетілгендерден басқаларын айтқаны дұрыс,
ӛйтпеген жағдайда олар қайтадан «Білім» деңгейіне оралады.
4.Анықтамалар – атау немесе түсініктің мағынасын ӛз сӛзімен жеткізу,
таныс және түсінікті сӛздермен анықтама түрінде тұжырымдау.
Мұнда да оқушылар оқулықта немесе сӛздікте берілген анықтаманы
жатқа айтпай, ӛзіндік тұрғыдан ұғым немесе құбылыстың анықтамасын
ӛздеріне таныс әрі түсінікті сӛздермен құрастырады.
3)
Қолдану – қандай да бір жағдаятты шешу үшін мәліметті іс жүзінде
қолдану, жүзеге асыру. Бұл деңгейде оқушылар мұғалімнің кӛмегінсіз
таныс емес
жағдаятты ӛздігінше шешу керек. Мұнда қорытынды маңызды мәселе болып
қалмай, сонымен бірге шешім іздеу үдерісінің ӛзі де маңызды болып танылады:
оқушылардың шешім іздегені шешімнің ӛзінен де маңызды болуы мүмкін.
Қолдануда оқушылар тарапынан мынадай әрекеттер атқарылады:
– Жағдаятпен танысады.
– Жағдаят мүлдем
таныс болмағандықтан, ол жан-жақты қарастырылады.
–Бұл жағдай «Білім» деңгейіне сәйкес келеді.
– Жағдаяттың ерекшеліктерін анықтайды.
– Жағдаят басқа да ұқсас мәселелермен салыстырылып, сол арқылы оның
ерекшеліктері айқындалады. Бұл әрекет «Түсіну» деңгейіндегі әрекеттерге
ұқсайды.
– Шешім қабылдайды.
– «Қалай жасаймын?», «Не істеу керек?» деген сұрақтарға жауап береді.
– Шешімді жүзеге асырады, қолданысқа түсіреді.
– Бұл шешім
анықтама, ереже күйінде келтіріледі.
Мысалы, оқушылар қандай да бір мәліметті жатқа біледі. Олар, мәлі-
метті ӛз сӛзімен түсіндіріп немесе басқаша кӛрсетіп беріп, оның басқалардан
айырмашылығы мен ұқсастықтарын айқындайды.
Енді оқушылар осы мәліметті нақты бір қолданыста кӛрсетеді: ереже
немесе анықтаманы қолданып
жаттығу орындайды, жағдаятты шешеді.
Бұл деңгейге мынадай тапсырмалар мен сұрақтар жатады:
– Қалай қолдануға болады?
– Ӛздеріңіз жасап кӛріңіздер.
– Не білгіңіз келеді?
– Қалай жасау керек?
– Кесте, график жасаңыздар.