136
КУБИЗМ – тақырыпты жан - жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын
оқыту стратегиясы. Кубизм стратегиясы бойынша ойлау мен жазуға
кӛмектесу үшін кубикті және оның жан-жағындағы сӛздерді қолданады. Ол
кубикті қағаздан 15 тен 20 см кӛлемінде жасау керек. Кубиктің әр жағына 6
кӛмекші сӛздер мен сӛз тіркестерін жазу керек.
– Суреттеңіз;
– Салыстырыңыз;
– Ойға байланыстырыңыз;
– Саралаңыз;
– Қолданыңыз;
– Талқылаңыз немесе қарсы болыңыз.
Мұғалім берілген тақырып бойынша осы үдерісте оқушыларға 3-4
минуттай еркін жаздырады. Әдіс мынандай іс-әрекеттермен жүзеге асады:
біріншіден, тақырып беріледі. Содан соң оқушыларды сол тақырып туралы
ойлауға
және оны суреттеуге бағыттайды, басқаша
айтқанда пәнге тақырыпқа
еніп, ӛздерінің түсінгендерін суреттеу керек. Берілген бағыт бойынша, бірақ
еркін түрде тақырып туралы оқушылар ӛз ойын жазуы керек. Бұл іс-әрекет
кубик алты жағындағы кӛмекші сӛздерді түгел қамтып біткенге дейін
жалғасады.
–
Суреттеңіз: тақырып бойынша түсінгеніңізді суреттеңіз, түсі, кӛлемі және т.б.
–
Салыстырыңыз: Неге ұқсас? Басқалардан қандай айырмашылығы бар?
–
Ойыңызды жүйелеңіз: Нені еске салады? Ұқсас заттар бар ма, әлде бӛлек
заттар ма? Ойыңызбен шолып ӛтіңіз, осы мәселеге байланысты қандай
нәрселер бар, біліңіз.
–
Саралаңыз: қалай жасалғандығын айтыңыз (ӛзіңіз жасаңыз, соны айтыңыз).
–
Қолданыңыз: онымен не істеуге болатындығын айтыңыз. Қалай қолда-
нылатынын айтыңыз.
–
Талқылаңыз немесе қарсы пікір, уәж айтыңыз:
Ӛз ойыңызда қалуға табандылық жасаңыз. Ӛзіңіздің дәлеліңізді –
логикалық, дұрыс емес немесе дұрыс ой мен бұрыс ойдың ортасынан
туындаған бір пікірді айтыңыз. Жазған кезде оқушылар кубтың 6 жағындағы
сӛйлемдерге жауап беруі керек. Алғашқыда ӛз кӛршісімен ой алмасып, ӛз
ойын ортаға салады. Әр адам кубтың 3 жағын таңдап алып, сол туралы
жазғанын ӛз серігіне оқып береді.
Ӛз ойын ортаға салған кезде, бір ғана мақсат, ол – аса ұтымды
талқылап, ой алмасу керек. Бір жұптың біреуі оқып болғаннан соң екіншісі
сӛйлеп «мадақтайды» және «сұрақ» қояды. Біз, әсіресе, бізге қатысты арнайы
ойларды ерекше етіп кӛрсетіп жауап береміз және оларды «жақсы болды»
деп қана айтқызып қоймай, олардың нені ұнатқанын және неге ұнатқанын
тыңдап қолдау кӛрсету керек. Мысалы мынандай сұрақтар арқылы: «Сіздің
ӛз танымыңызды суреттегеніңіз ұнайды, менің оның бұрын сондай екендігін
бұрын соңды білген емеспін», немесе «Мен түсінбедім...», немесе «Бұл
туралы кӛбірек білгім келеді».
Топ мүшелеріне суретте, салыстыр және т.б. оқығысы келетіндерге топ
алдында ӛз жазғанын оқуға мүмкіндік беру керек. Жұптың біреуі екіншісін