«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
180
пайдалана білу,іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру жолдары
көрсетіледі.
Аннотация
В статье рассматривается вопрос повышения эффективности учебного
процесса на казахском языке с использованием новых информационных
технологий. Когнитивная деятельность учащихся - это способы
улучшить качество образования и как его использовать на практике, как
наращивать свои навыки и способности.
Тіл үйренуші студенттің саналылығы қазақ тілінің төл дыбысының,
сөзінің, сөз тіркесінің, сөйлемнің өзіндік болмысын танып-білу барысында
ғана және сол үшін ғана емес, жүйе теориясының заңдылықтарын
ғылымның барлық саласында қолдану жолдарын меңгеру қажет екенін
түйсігімен түйсінуі барысында ғана қалыптасады. Қазақ тілінің жазу және
сөйлеу заңдылықтарын іс-тәжірибе жүзінде танып-білу тіл үйренушілердің
қазақша ойлау қабілетін қалыптастырады және біртіндеп дамуына
ұласады. Оның өзі тіл үйренушінің ауызша және жазбаша тілі даму
үдерісіне жалғасып, қазақ тілін үйреніп жүрген жеке адам жаңа сатыдағы
дүниетанымдық аппаратын қалыптастыруға қызмет етеді. Оқытушының
басшылығымен меңгерілген танымдық әдістермен тоқтап қалмай, оларды
қолдану мен тағы басқа түрлерін іздеуі теориялық ойлауымен сөйлеу
тетіктерінің біртұтастықта дамыған тіл үйренушінің моделі болады.
Сондықтан бұл ұстаным қазақ тілін оқыту үдерісінде басшылыққа
алынады. Қазақ тілін оқытуда талдау әдісін студентке дұрыс үйрету
арқылы қазақ тіліндегі дыбыстарды, сөз құрамын, сөз тіркесін, сөйлем
мүшелерін т.б. өз бетімен анықтай білу дағдыларын қалыптастырады. Тіл
үйренуде байқалатын түрлі заңдылықтар мен құбылыстарға бақылау
жасату барысында жеке талдау жасатудың мәні зор. Талдау әдісін орынды,
белгілі бір тәртіппен қолдана білу дағдылары қалыптасуы барысында, тіл
үйренушінің теориялық ойлау дағдылары дамуы да жүзеге асады. Қазақ
тілін оқыту барысында тіл үйренушінің мемлекеттік тілді жақсы меңгеруін
ұйымдастыру қазақ тіліндегі жекелеген тіл бірліктерінің бірлесе келіп,
жинақталған ұғым жасауына жетекші қызмет атқарады. Қазақ тіл
бірліктерінің болмысы туралы жаңа аспектілердегі білім мазмұнын алу
тетіктері мен ұстанымдарын анықтау таным теориясын негіз ете отырып,
жасалатын арнайы әдістеменің кешенді проблемаларын зерттеуге алып
келеді. Тіл үйренушінің қазақша еркін де сауатты сөйлеуі мен жаза білу
дағдыларын қалыптастыруды олардың ғылыми білім алуымен үйлесімді
ұйымдастыруда таным теориясының ілімдері үлкен тірек болады. Қазақ
тілін оқытудың технологиялық жабдықталуы мен техникалық құралдарды
қолдану турасында екі бағыт бар: «техникалық құралдар - жанды оқу
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
181
процесінен артық емес» деген болса, екіншісі - «техникалық құралдар-
қазіргі кезеңдегі оқу процесінің басты жетекшісі» деп келеді. Екі бағыттың
бірін ұстану- біржақтылыққа алып кететіні белгілі. Жалпы, тілді оқыту
теориясы адамның тілді меңгеруінің жалпы немесе жекелеген
заңдылықтарын білдіреді.
Тіл
үйрету
сабақтарында
ақпараттық
технологияларды
пайдаланудың тиімділігі лексикалық және грамматикалық тақырыптарды
таныстыруды (презентацияларды) әзірлеу, студенттердің білімін тест
арқылы
тексеру,
аудио,
бейнематериалдарды
қолдану.
Аудио,
бейнематериалдарды қолдану үщін, ақпарат көзі ретінде ғаламтордың
анықтамалық мүмкіндіктерін пайдалану, онлайн тәртібінде қашықтықтан
оқыту
сабақтарын
өткізу
кезінде
байқалады.
Ақпараттық
коммуникациялық технология әдістерін дәстүрлі әдістермен ұштастыра
жаңаша сабақ түрлерін өткізгенде студенттердің пәнге деген
қызығушылықтың жаңа бір белесіне шыққандай болды. Мультимедиялық
кабинетте өткізілетін сабақтардың негізгі артықшылықтары - бұл
студенттерге өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен
шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын
көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
Қазақ тілін жаңаша оқыту барысында сабақта жан-жақты
технологияларды ұтымды қолданып, студенттердің шығармашылықпен
жұмыс жасауына мүмкіндік туғызып отыру қажет. Оқыту кезең бойынша
ұйымдастыру, сол арқылы әрбір кезеңде оқытудың мазмұнын, формасын,
әдістерін және құралдарын сәйкестендіріп таңдап алуды, нәтижелерді
кезең бойынша диагностикалауды есепке алу негізінде дидактикалық
міндеттерді қою мен шешудің логикалық бірізділігін қамтамасыз ету
керек. Жаңа технологиялар дәуірі жағдайында студенттерге қазақ тілін
жеделдете оқытудың әдістемелік жүйесінің мазмұны айқындалып, соңғы
ғылыми жаңалықтар негізінде жеделдете оқытудың мәні айқындалып,
ұстанымдары нақтыланады.
Мемлекеттік тіл – аса маңызды да өзекті мәселе, тіл- халықтың жан
дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ол
ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші
фактор. Сондықтан мемлекеттік тілді білу-өмір талабы, заман сұранысы,
қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып,
аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға
тиіс. Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен атастыра қарап, туған тілдің
тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды.
Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын
көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық
болса да бұл мәселені айналып кеткен емес. «Өнер алды- қызыл тіл» деп
қазақ халқы сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Бүгінгі таңда
Достарыңызбен бөлісу: |