Сборник материалов


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет43/94
Дата21.12.2019
өлшемі1,36 Mb.
#24742
түріСборник
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94

«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
94 
 
барынша көбірек сөйлесіңіз. Музыканы көбірек тыңдап, есту қабілетіңізді 
дамыта беріңіз. Жақсы естіп – білу, шетел тілін үйренуде жақсы көмекші. 
Олай  болса  ,  жастарға    полиглот  болу  үшін,  тек  алға  ұмтылыңдар,-
демекпіз! Антик философтары тілді бесіктегі деміңнен, соңғы деміңе дейін 
үйренсең  де  аз  дегенін  ұмытпайық!  Түрлі  –  түрлі  байлық  бар.  Солардың 
таңдауын  берсе,  мен  тіл  байлығын  таңдар  едім.  Өйткені  тіл  байлығы  – 
бәрінен 
де 
сенімді 
байлық.  
Міне,  Елбасымыз  бүгінгі  таңда  жастарға  үш  тілді  білуді  міндеттеп  отыр. 
Егер  адам  өзге  тілді  білетін  болса,  ол  рухани  бай  адам  деп  ойлаймыз. 
Өйткені  сол  тіл  арқылы  басқа  халықтың  мәдениетін,  дәстүрін  үйренеді, 
басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді.  
          Мейлі сен көп тілді біл «қой» демес ем! 
          Пушкин, Байрон, Шекспир, Гейнеге сен. 
          Бірақ сені қазақ деп айта алмаймын 
          Туған  ана  тіліңде  сөйлемесең,  -  деп  ,Қадыр  Мырзалиев 
жырлағандай,  ертеңі  бар  елдің  болашағы  -  сенімді    жастар,  «  өзге  тілдің 
бәрін  біл,  өз  тіліңді  құрметте»  дегендей,  басқа  тілді  біле  отырып,  ең 
алдымен өзінің ана тілінде сөйлеп, білмесе үйренуі, меңгеруі тиіс.  
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі  –  қазақ  тілі. 
Мемлекеттік  тіл  туралы  Заңның  4  –  бабында:  «Мемлекеттік  тіл  – 
мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында 
қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару,сот ісін жүргізу және іс – 
қағаздарын 
жүргізу 
тілі». 
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын 
мемлекеттік  тілді  меңгеру  –  Қазақстан  Республикасының  әрбір 
азаматының  парызы.  Үкімет,  өзге  де  мемлекеттік,  жергілікті  өкілді  және 
атқарушы  органдар:  Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  тілді 
барынша  дамытуға,оның  халықаралық  беделін  нығайтуға;  Қазақстан 
Республикасының  барша  азаматтарының  мемлекеттік  тілді  еркін  және 
тегін  меңгеруіне  қажетті  барлық  ұйымдастырушылық,  материалдық  – 
техникалық  жағдайларды  жасауға  деп  жазылған  [1,89-б.].  Олай  болса, 
Қазақстан  Республикасының  кез  келген    азаматы  мемлекеттік  тілді  біліп 
қана қоймай, оны көздің қарашығындай қорғауға міндетті. Мемлекеттік тіл 
туралы  заң  қабылданып,  халқымыз  тәуелсіздіктің  рухани  қуатын  толық 
сезінгенде  ғана  Елбасымыздың  «Қазақстанның  болашағы  қазақ  тілінде» 
деп  қойып  отырған  қазіргі  стратегиялық  мақсаты  күнделікті  шындыққа 
айналары  сөзсіз.  Ең  бастысы  –  ұлттық  тіл  ұлттық  сананы,  ұлттық 
намыстың   жоғарылығына, оның  қажеттілік  дейгейіне  байланысты екенін 
де ескермеуге болмайды. Түркі әлемінің асыл перзенттерінің бірі Мұстафа 
Шоқай: «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондайды 
көрген  жоқ  та,  білмейді  де.  Ұлт  азаттығы  –  ұлттық  рухтың  нәтижесі.  Ал 
ұлттық  рухтың  өзі  ұлт  азаттығы  мен  тәуелсіздігі  аясында  өсіп  дамиды, 


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
95 
 
жеміс  береді»,  -  деп  атап  көрсеткен  болатын.  Осы  тұрғыдан  келгенде, 
мемлекеттік тілдің тағдыры қазақ халқының өз қолында болып отыр.[1,90-
б.]. Әлеуметтік – мәдени әлеуеті артқан, халықаралық ынтымақтастықтың 
толыққанды  субъектісіне  айналып,  әлемдік  деңгейдегі  халықаралық 
одақтар мен ұйымдардың мүшесі болған «мәңгілік тіл» ретінде, қолданыс 
аясы  кеңіп-өсіп  жетілген  мемлекеттік  тілі  –  қазақ  тілі  бар  қазақ  елі 
болашақта  дүние  жүзіндегі  алдыңғы  қатарлы  мемлекеттердің  қатарынан 
көрінуі қажет.  
Бүгінгі  қоғамда  мемлекеттік  тіліміздің  беделі  мен  болашағын 
жоғарлатамыз  десек,  Елбасы  ұсынған  қазақ  тілінің  латын  әліпбиіне  көшу 
мәселесінің  маңызды  болып  табылатынын  зерделеп  түсіну  керек.  Қазақ 
елінің  әлеуметтік  –  экономикалық  дамуы  жоғары  білімді  бәсекеге 
қабілетті,  рухани,  мәдени  өресі  кемел,  білікті,  тілдік  құзіреттілігі  жоғары 
болса,  латын  әліпбиіне  көшу  концепциясын  қолданғанымыз  жөн  деп 
есептеймін.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаев  2017  жылы  12  сәуірде  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» 
мақаласында:  «Біріншіден,  қазақ  тілін  біртіндеп  латын  әліпбиіне  көшіру 
жұмыстарын  бастауымыз  керек.  Біз  бұл  мәселеге  неғұрлым  дәйектілік 
қажеттігін  терең  түсініп,  байыппен  қарап  келеміз  және  оған  кірісуге 
Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» – деп атап көрсетеді.[2,5-
б.].  Бүгінгі  күні  бұқаралық  ақпарат  құралдары  мен  зиялы  қауым  өкілдері 
арасында кеңінен талқыланып, талданып жатқан күрделі мәселелердің бірі 
– қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі. Өйткені жазу – белгілі бір 
әріптердің  жиынтығы  ғана  емес,  кез  келген  ұлттың  өзіндік  болмысын 
танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған 
жәдігері. Ол  – әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, 
барлық  саладағы  даму  деңгейін  көрсететін  маңызы  зор  әлеуметтік  – 
мәдени  құбылыс.  Жазу  арқылы  ғана  өткен  мен  бүгінгі  және  болашақ 
өміріміздің  жалғастық  табатыны  сөзсіз.  Ол  –  ұрпақтар  сабақтығын 
қамтамасыз  ететін  алтын  көпір.  Ал,  жазудың  өзгеруі  сол  халықтың 
қоғамдық  өмірінің  барлық  саласына,  рухани  әлемі  мен  мәдени  деңгейіне, 
тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер ететіні анық.  
Рухани  жаңғыру  дәуірінде  латын  әліпбиіне  көшу  қажеттілігі  өз  – 
өзінен  түсінікті  жайт  екені  белгілі.  Қазірдің  өзінде  тілші  ғалымдар  латын 
әліпбиіне көшудің тиімді жақтарын жан – жақты дәлелдеп анықтап берді. 
Латын  әліпбиіне  көшу  барысында  мынандай  нәтижелерге  қол  жеткіземіз 
деп айтсақ болады: 
1. 
Алыстағы туыстас қазақтармен мәдени әрі рухани байланысты 
нығайту; 
2. 
Қазақ  тілінің  өзіне  тән  төл  дыбыстарын  таңбалап  жазуда 
ұтымды мүмкіндіктерге қол жеткізу; 


жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау