131
шаруашылығымен байланысты пайда болады. Олардың көпшілігі көшпенді халық үшін зор
маңызы бар – жылқы шаруашылығымен байланысты. Жылқының дене мүшелері қатысқан
өлшем бірліктері де баршылық. Мысалы, қазақтар ертеде қыстыгүні жауған қардың
қалыңдығын: шашадан қар кешу, аттың қара тұяғынан келу, тұсардан, тізесінен, қара
қапталынан, аттың қабырғалығынан келу (биіктік, қалыңдық өлшемі) деген сөз орамдарымен
жеткізсе, су тереңдігін ат бойымен өлшеген. Мәселен, аттың шашасынан, толарсақтан,
тілерсектен, үзеңгіден, қабырғалықтан, ат кекілінен (құлағынан, бауырынан, бойынан) асады
(келеді) деп мөлшерлеген. Кебіс басы қар – халықтық өлшем. Жұлықтан аса жауған, тобыққа
таяу, кебіс басы батарлық қар. [3].
Қазақ тіліндегі өлшем атаулары танымдық тұрғыдан зерттеліп, халықтың рухани
мәдениеті, наным-сенімі, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бейнесі айқындалды. Сондай-ақ,
қазақ тілінде жазылған көркем шығармалардың бәрінде де метрикалық өлшемдерден гөрі,
халықтық өлшемдерді қолдану дәстүрі үстем болғандығы белгілі. Өркениет табиғатының
алғашқы қадамының бірі – халықтық өлшем. Халықтық өлшем адамның айналадағы
құбылыс пен заттардың алыс-жақындығын, ауқымын, көлемін, мөлшерін, жылдамдығын,
уақыт мөлшерін, аласа-биіктігін, кең-тарлығын т.б. жағдайын шартты түрде болса да
анықтауға арналған, оларды ғасырлар бойы қолданған. Одан кейін барып адам бірте-бірте
дамуының арқасында бір жүйеге келтірілген, дәл өлшемді беретін метрикалық өлшем
дүниеге келді. Бұл адам баласы санасының жемісі десек қателеспейміз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: «Сөздік
– Словарь» баспасы, 2006.
2 Кенжеахметұлы С. Жетi қазына. 1кітап, 2 кітап. – Алма – Ата: Ана тiлi, 2003.
3 Sabaq.kz
4 Әмірбекова А.Б. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар. – Алматы: Елтаным, 2011.
ӘОЖ 821.512.122.09
КОЛХОЗБЕК А.А,. БИЯРОВ Б.
С.
Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ӨЛЕҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Өлең - адамға өзінің ішкі мазмұнымен, суреттілігімен, бейнелілік мәнімен ғана емес,
айтылу қалпы, әсем үнділігімен де әсер етеді. Мұны қандай ақын болсын тәжірибе жүзінде
анық байқайды. Қазіргі уақытта өлең құрылысы, мазмұны, ырғағы, ұйқасы, буын – бунақ
сандары тереңірек зерттелуде. Қазір, бойына ақындық қасиет дарыған қазақтың ұл – қыздары
қалам тербеп, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылуда. Ақын – жырау, жыршы, айтыскер
бабаларының сара жолын жалғап, сөздің қадірін түсірмей, өлең құдіретін паш етіп жүрген
ақын аға – әпкелеріміз де, жастарымыз да жетерлік. Бірақ, кейбір жас ақындардың өлеңдерін
оқыған кезде өлең теориясынан, яғни буын, бунақ, ұйқас деген дүниелерден хабары жоқ па
деп ойлап қаламыз. Бұл мәселені таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, бір қырынан ғана емес,
жан – жақты қарастыру қажет. Біріншіден, өлең – тек бір жүйеге, бір заңдылыққа бағынып
жазылуы дұрыс па деп санаймын. Себебі, бұл сөз өрнегінің көркемдігін, оның бар сұлулық,
әдемілігін сақтаудың бірден бір жолы. Атам заманнан қалыптасқан ұйқас түрін, буын –
бунақ санын сақтап, кейінгі ұрпаққа да дәл сол қалпында, бұзбай жеткізу – бізге парыз.
Екіншіден, дәл осы тұста ақын біткеннің қиялы, ізденісі, өлеңнің жетілгендігінің, ақын
ойының дамығандығының көрінісі. Ал, шын ақындармен қатар небір жас өлеңшілер де бар
ғой. Олар өзінен үлкендерге еліктеп, өз алдына жаңалық ашқандай болып, жеке – дара
соқпақ салғандай небір өлеңдерді тудыруда. Бұл қазір еленбегенмен, кейін уақыт өте бізден
кейінгі буынға үйреншікті нәрсе болып қалады. Сөйтіп, келешек буынның ақындары әркім
түрліше өлең тудырып, бет – бетімен кетеді. Осыған дәлел ретінде мына жас ақынымыздың