133
Немерең жігіт болды ата бүгін [2;19б]
[Атадыгүн//жәнеде// батадыгүн 3\\11
Осылай//зулапөтүп// жатадыгүн 3\\11
Кешеөзің// мектепке//жетелеген 3\\11
Немерең//жігітболдұ// атабүгүн] 3\\11
Бұл өлеңге пікір айтудың да қажеті жоқ. Құрылысында мін жоқ. Буын, бунақ сандары
сайдың тасындай тізіле қалған.
«Он буынды тармақтың қазақ поэзиясында қолданылып
жүрген түрінің бунақтық өрнегі былай келеді: 3 буын + 2 буын + 3 буын + 2 буын. Мұнда
бунақтар ұсақтау және көптеу, сондықтан тармақ ырғағы жағынан бес – бес буыннан екіге
бөлінуге бейім тұрады.» [1;131б]
Омарова Лунара Ақылбекқызы
Анашым,
жанашырым өзіңсің,
Мәпелейтін, қадірлейтін көзімсің.
Мақтан тұтам, үлгі қылам өзіңді,
Құпиясың, нұр шертетін сезімсің. [2;6б]
[Анашым// жанашырым//өзүңсүң 3\\10
Мәпелейтн// қадірлейтүн//көзүмсүң 3\\11
Мақтантұтам// үлгүқұлам//өзүңдү 3\\11
Құпыйасың// сыршертетін//сезүмсің] 3\11
Негізі, қазақ поэзиясында бұрын да, қазір де он буынды өлең жазу кең етек алған жоқ.
Біріншіден оны оқу, жеткізу өлеңшіге ыңғайсыздау. Екіншіден естір құлаққа да түрпідей
тиеді. Тек, кейде бағана Серік Ақсұңқар айтпақшы жүрекпен, бір тебіреністе отырып туып
қалған өлең болмаса, қазіргі ақындар әдейілеп он буынды өлеңдерді дүниеге әкелмейді.
« Жеті буынды тармақтың бунақ өрнегіне назар аударалық. Оның 4 буын + 3 буын
болып келуінде айрықша қисындылық бар. Тармақтың ырғағы мейлінше жеңіл, әуезді. Бұл
жерде буын саны тең түсетін бунақтардан гөрі мына сияқты 4 буын + 3 буын болып келетін
бунақтар көбірек жымдасып тұратынын, тармақтың ырғақтық күштірек болатынын айту
керек.»[1;134б]
Молдағалиева Меруерт
Ел
ордасы Астана,
Шарықтасын мерейің.
Алтын орда бас қала,
Саған өлең өрейін.
[Елордасы// Астана 2\\7
Шарықтасын// Мерейің 2\\7
Алтынорда// басғала 2\\7
Сағанөлөң// өрөйүн] 2\\7
Бұл шумақ та Зәки Ахмет айтқандай заңдылыққа, өлең жүйесіне бағынып жазылған.
Сын да, мін де жоқ. Қазір, дәл осы уақытта «он бір буынды өлеңмен қатар сегіз буынды да
кеңінен қолданылады. Ол өлеңдер әрі нақышты, әрі өтімді болып келеді. Бірақ кей жағдайда
8 +10, 8 + 9, 8 + 9 + 10 болып жымдасып [1;132б]жүреді.»Мысалға: Қалымбек Аянның мына
бір өлеңін алайық.
Тәубеңе кел,
иманды бол
Аллаға сиын бауырым,
Исламға сенбей, шайтанға еріп
Туғызба шайтан дауылын.
[Тәубеңегел// имандыбол
2\\8
Аллағасиын\\ бауырым
2\\8
Исламғасенбей\\ шайтанғаеріп 2\\10