212
ӘОЖ811.512.122
ШӘРІПЖАНОВА А.Қ., АЛИМХАН А.А.
С.
Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖАЗБА ӘДЕБИ ТІЛІН
ДАМЫТУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
Аса көрнекті демократ – ағартушы, жазушы Ыбырай Алтынсарин қазақтың ұлттық
жазба әдеби тілін дамытуда зор еңбек сіңірді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ
әдеби тілінің дамуында Ыбырай Алтынсариннің рөлі зор болған. Ыбырай Алтынсарин – сол
дәуірдегі қазақ әдеби тілін ерекше сапамен дамытып, оны жаңа белеске, биік дәрежеге
көтеріп, жазба, әдеби тілді жаңа ұлттық сипатқа жеткізуге атсалысқан тұлға. Ыбырай кейінгі
ұрпақ үшін екі түрлі саладағы еңбегімен ардақты: бірі- жазушылық қызметіболса, екіншісі-
ағартушылық қызметі болып табылды.
Қазақ халқының қалың бұқарасының сауатын ашып, көпшілікті оқу- білімге тарту –
Ыбырайдың қоғамдық және азаматтық борышы мен қызметі болды. Ол өз тұсында болып
отырған діни оқуды емес, азаматтық оқу-білімді қоштады және білімді қалың жұртшылыққа
таныс халық тілінде беруді шарт етіп қойды.
Ыбырай Алтынсариннің қазақ тілін дамытудағы рөлі оның ағартушылық қызметімен
тікелей байланысты. Ыбырайдың әдеби шығармалары, әсіресе прозалық туындылары оқу
кітабы ретінде арнайы жазылған. Бұл тұста Ыбырайға екі түрлі жүкті тұңғыш рет арқалауға
тура келді: бірі – қазақ әдебиетінде бұрын жоқ проза жанрын бастау, яғни қазақ әдеби тілінде
бұрын болмаған шағын әңгімелер стилін жасады.Екіншісі– өз өлеңдері мен қазақтың ауызша
тараған мол көркем әдеби үлгілерін оқушы жастарға ұсыну. Ыбырай өлеңдерінің тілі
қарапайым,
жатық та тартымды, мақал – мәтелдерге де толы.
Ыбырай – қазақ әдебиетіндегі көркем прозаның негізін салушы, демек, көркем проза
стилін
бастаушы.
Оның
ішінде
мектеп
оқушыларына
арналған
әңгімелер
жанрыболғандықтан, олардың көлемі шағын, тілі мейлінше түсінікті болуды көздеген. Ол
үшін сөйлемдері қысқа болып, ауыр әшекейлі фразалары өте аз келеді. Керісінше,
Алтынсарин ұсынған бұл стильде халықтың сөйлеу тіліне мейлінше жақындату қағидасы
күшті. Сондықтан да Ыбырай тіліндегі фразеологизмдердің баршасы дерлік халықтың
сөйлеу тіліне тән: жұрттан асқан бай болыпты, сөзге семірді, жаны көзіне көрінді, көңіліне
жел кірді т.б. Теңеу, эпитет, метафоралардың да дені халықтық сөйлеу тілі мен байырғы
әдебиеттен алынған. Адамды құстай ұшырды, қорғасын оқтай балқытты, суы мұздай,
шыныдай жылтылдап, қазандай тасты дегендердегі теңеулер Ыбырай туындылары емес,
бұрыннан қалыптасқандар. Оның әңгіме, өлеңдерінде кездесетін жұмсақ шырай, жарқыраған
алтын тәрізді эпиттеттер де әбден кәнігі. Ауызекі сөйлеуде белгілі бір экспрессивтік бояу
үшін сөзді қайталап қолдану тәсілі бар, Ыбырай тілінен осы әдісті де табуға болады:
одырайып қарап тұрып-тұрып, мұнан келе-келе жатып...
Ыбырай да, Абай сияқты, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің негізі етіп
жалпыхалықтық сөйлеу тілі мен қазақтың қолтума байырғы әдеби тілін қалады. Оның
шығармалары – прозасы да, өлеңдері де – осы негізде жазылған.
Ыбырай да, Абай сияқты, бірсыпыра түркі халықтарына қызмет етіп келген
ортаазиялық түркі әдеби тілі мен сол тұстағы қазақша «кітаби тілден» бас тартты. Сол
«кітаби тілде» жазылған, не көркемдік, не нормалық сипаты шамалы кейбір үлгілерді қатты
сынады. Әсіресе діни кітаптардың тіліне қарсылық білдірді.
Ыбырай шығармалары тілінің лексикалық-фразеологиялық құрамы қазақ әдеби тілінің
байлығынан алынған. Граматикалық құрылысында да Ыбырай кітаби тілге тән тұлға-
тәсілдерді қолданбайды. Тіпті ол сол кезде қазақтың жазба әдеби тілі ішінара пайдаланған
кітаби орфографилық дәстүрді де қабылдамай, қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарын
ескеріп, қазақша жазу принципін ұстады. Оған Ыбырайдың қазақ жазуы үшін орыс
графикасын ұсынуы себепкер болды.
Қазақтың жазба әдеби тілінің даму бағытын белгілеудегі Ыбырай Алтынсариннің рөлі
мен орнын сөз еткен тұста оның араб-парсы тілдері мен орыс тіліне қатысын айқындап алу