Ильясова гульжахан уалибековна


БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет2/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46


 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
Абай атындағы ҚазҰПУ 

Абай  атындағы  қазақ  ұлттық  педагогикалық 
университеті 
ЖОО 

Жоғары оқу орны 
ЖББ 

Жалпы білім беру бағдарламалары 
ҚР  

Қазақстан Республикасы 
ҚР БҒМ 

Қазақстан  Республикасының  Білім  және                                                         
Ғылым Министрлігі 
ҚР МЖМБС 

Қазақстан 
Республикасы 
мемлекеттік                                                         
жалпыға міндетті білім беру стандарты 
ЭТ 

Эксперименттік топ 
БТ 

Бақылау топ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің  ӛзектілігі.Қазіргі    таңда    білім  берудің  қай  саласы  болса  да, 
Республикамыздың    білім  алушыларды  дамытуға  байланысты  қойып  отырған 
талаптарын  жүзеге  асыру  бағытында  жұмыс  жасауда.  Осы  тұрғыдан  алғанда, 
орта мектептегі  білім мазмұны мен құрылымы педагогикалық, психологиялық 
және  әдістемелік  зерттеулер  нәтижесіне  сүйене  отырып,  жыл  сайын  қайта 
қаралып,    жетілдіріліп  келеді.  Жас  буынға  білім  беру  ісін  қазіргі  ғылым  мен 
техниканың    даму  деңгейіне  лайықтау,  осы  саладағы  қолжеткен  жетістіктерді 
білім  мазмұнына  ендіріп  отырудың  керектігін  жыл  сайынғы  Елбасымыздың 
Қазақстан халқына жолдауынан да кӛріп отырмыз. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  2018  жылғы 
«Тӛртінші  ӛнеркәсіптік  революция    жағдайындағы    дамудың  жаңа 
мүмкіндіктері»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында  адам  капиталына  баса 
кӛңіл  бӛлді.  Сондықтан,  онда:   
Барлық  жастағы  азаматтарды  қамтитын білім 
беру  ісінде  ӛзіміздің  озық  жүйемізді құруды  жеделдету  қажет.  Білім  беру 
бағдарламаларының негізгі басымдығы ӛзгерістерге үнемі бейімболу және жаңа 
білімді  меңгеру  қабілетін дамыту  болуға  тиіс-  деп  кӛрсетті
[1].  Сол  сияқты, 
Елбасының  2012  жылғы  Қазақстан  халқына  «Қазақстан-2050»  стратегиясы- 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Жолдауында  «Білім  және 
кәсіби  машық  -  заманауи  білім  беру  жүйесінің,  кадр  даярлау  мен  қайта 
даярлаудың  негізгі  бағдарын  айта  отырып,    бәсекеге  қабілетті  дамыған 
мемлекет  болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз  керек.  Барлық 
жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор кӛңіл бӛлу қажет», 
– деген болатын  [2]. 
Сонымен  қатар  Елбасының  «  Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 
мақаласында  «Табысты  болудың  ең  іргелі,  басты  факторы  білім  екенін  әркім 
терең  түсінуі  керек.  Жастарымыз  басымдық  беретін  межелердің  қатарында 
білім  әрдайым  бірінші  орында  тұруы  шарт.  Себебі,  құндылықтар  жүйесінде 
білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді»-деп атап кӛрсеткен-ді[3]. 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстанның 
үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауында Елбасы 
ең алдымен, білім беру жүйесінің рӛлі ӛзгеруге тиіс және 
біздің міндетіміз  – білім беруді экономикалық ӛсудің жаңа моделінің орталық 
буынына  айналдыра  отырып,  оқыту  бағдарламаларын  сыни  ойлау  қабілетін 
және  ӛз  бетімен  іздену  дағдыларын  дамытуға  бағыттау  қажеттілігін 
кӛрсетеді[4].
 
Міне, мұның бәрі біздің елімізде жас жеткіншектерге білім беру ісіне аса 
жауаптылықпен    қараудың  кӛрінісі.  Осыған  байланысты  орта  мектепте  білім 
беретін әрбір пәннің ӛз алдына қоятын мақсаттары мен айқындалған міндеттері  
бар.  Ал,  қоғамдағы    ғылымның  даму  қарқыны  мектеп  оқушыларына 
жаратылыстану негіздерінен білім беретін пәндердің ғылыми деңгейін онан әрі 
дамытуды кӛздеп отыр. 



 
Себебі, орта мектепті тамамдаған жастардың адам, қоғам, табиғаттың бір-
бірімен байланысын ғылыми  тұрғыдан  терең меңгеріп, дүниенің біртұтастығы 
жайында  материалистік  кӛзқарасының  қалыптасуы  қажет.  Сонымен  қатар, 
қазіргі  таңда  оқулықтар  сапасына  қойылатын  талаптар  да  күрделеніп  ӛзгеріп 
отыр.  Мәселен,  оқулық  мазмұнының  ғылымилығы,  жүйелілігі  талаптарын 
былай 
қойғанда 
оныңқұндылық 
бағдарлы 
болуы, 
Қазақстандық 
компоненттердің енуі сияқты жаңа талаптар қойылуда. 
Осыған  орай,    жаратылыстану    ғылымдарының  бір  саласы  болып 
есептелетін  химия  пәнінің  де  алдына  қоятын  мақсаттары  мен  міндеттері 
жаңарып  жетілдіруді  талап  етеді.  Соңғы  жылдары  Қазақстанның  орта  білім 
беретін мектептерінде  химия пәні бойынша жаңа буын оқулықтарының жарық 
кӛріп, қазіргі таңда сол оқулықтармен білім беруді жүзеге асып отыр. 
XX  ғасырдың  соңындағы  қоғамда  болған  ӛзгеріс  жалпы  білім  беру 
жүйесіне  де  күрделі  серпілістер  әкелді.  Мемлекетіміздің  дүние  жүзілік  білім 
беру  кеңістігіне  шығуы,  Қазақстанда  осы  кезеңге  дейінгі  қалыптасқан  тарихи 
жағдайларға,  жинақталған  құндылықтарға  және  қоғамның  түбірімен  ӛзгеруіне 
байланысты  қазіргі  уақытта  химиядан  білім  беру  жүйесінің  маңызы  артуда. 
Химия      пәні  7-  сыныптан  басталып,  оқушыларғазаттар,  денелер,  химиялық 
заңдар      мен  теориялар,  химиялық  ӛндіріс  туралы  білім  деңгейін  меңгертуді 
кӛздейді.Болашақ  қоғам  мүшелерінің    белгілі  мӛлшерде  химиялық    білімі 
болмаса «әлемнің химиялық кӛрінісін» саналы түрде ұғынбаса, «заттық әлемге» 
деген  шындыққа  сәйкес  келетін  кӛзқарасын,  оның  дүниетанымын,  ойлау 
үдерісінің  дамуын  қалыптастыру  мүмкін  емес.Еліміздегі  алуан  түрлі 
шаруашылық салаларының бәрі де дерлік химиямен байланысты дамуда. 
Химиядан  білім  беруде  әдетте  заттар  мен  химиялық  үдерістердің 
арасындағы  обьективті  заңдылықты,  деректерді,  ұғымдарды  және  олардың 
байланысы  ашылады.  Мәселен,  оқушыларға  ӛндірістік  материалдар  туралы 
білім беру  олардың политехникалық дайындығын күшейтеді. Сонымен қатар,   
бұл  пән-  нің  жаратылыстану  ғылымдарының  арасындағы    алатын  орнын, 
заттардың  күрделену  сатысын,  олардан  түзілетін  табиғи  және  жасанды 
денелермен  таныстырады.  Қазіргі    таңдағы  жасанды    синтетикалық    заттарды  
тұтынушылықтың  басым  заманында  болашақ қоғам  мүшелерінің оны толық 
және ғылыми тұрғыдан терең  меңгеруін керек етеді. Әсіресе, 7-9 сыныптарда 
химиялық  құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы, шарттылығы жӛнінде 
ғылыми  кӛзқарас      қалыптастыру    міндеті  орындалады.  Химияның  қазіргі 
қоғамда  алып  отырған  күрделі  орны  оны  бүкіл  жаратылыстану  пәндерімен  
байланыстыра оқытуды керек етеді. 
Шын мәнінде де, Қазақстандағы жалпы ӛндірістің дамуы әсіресе химиялық 
қосылыстардан  туындайтын  материалдарды  күнбе-күн  кеңінен    керек  етіп 
отырғаны    даусыз.  Ал,  біздің  Республиканың  келешегі  болып  есептелетін  
жастарымыздың бұл саланың ерекшелігін, теориялық және практикалық негізін 
мектептен бастап ақ меңгеруге тиісті. 
Бұл мақсатқа жету үшін бірнеше себеп бар. Әрине, мектеп қабырғасында 
оқушылардың химия пәнінің теориялық тұстарын толық меңгеруіне ең бірінші 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау