16
мақсатына арналынып жазылады. Ол материалдар сол сыныптағы
оқушылардың жас ерекшелігіне негізделеді. Оған енетін материалдардың
берілуі ӛзінің бірізділігімен, жүйелілігімен, тұжырымдылығымен ерекшеленеді
[58]. Біз оқулық пен оқу құралдарын құрудың дидактикалық негізіне сүйенетін
болғандықтан, дидактиканың білім мазмұнын анықтаудағы орынына тоқталмай
ӛте алмаймыз.
Дидактика -білім беру, оқыту, тәрбиелеу
теориясы.
Яғни, білімді,
дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын, білім мазмұнының, оның
кӛлемі мен құрылымын, білім берудің әдістері мен
формаларын
зерттейді.
Дидактика ежелгі
Грекияда
жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің
негізінде пайда болды. «Дидактика» терминін XVII ғасыр да
чех
ғалымы
Я.А.Коменский
ӛзінің «Ұлы дидактика» (
1657
) деген зерттеуінде алғаш
рет қолданды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптерді ғылыми
тұрғыдан тұжырымдады. Бұл идея
XVIII–XIX ғасырлардағы
швейцариялық
педагогИ.Г.Песталоции, неміс
ғалымы
Ф.А.Дистервег, Ресейде К.Д. Ушинский
ӛз еңбектерінде одан әрі дамытты [59-61].Дидактикалық ойлар
Әбу Насыр әл-
Фарабидің
,
Қожа Ахмет Иасауидің, Махмұд Қашқаридің, Жүсіп Баласағұн
ның
және т.б. алдыңғы қатарлы ойшылдардың еңбектерінде де кӛрініс тапты. Олар
дидактикалық талаптарды кӛбіне жастарды тәрбиелеу мәселесіне байланысты
қолданды.
Ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлының философиялық ойларында да
дидактикалық тұжырымдар мол. Отандық педагогика ғылымы тарихында
ағартушыпедагог – Ы.Алтынсарин ӛз еңбектерінде дидактика мәселелерін әр
қырынан сӛз етті [62].
XX ғасырдың
басында балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша
А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев,
т.б. еңбектерінде
дидактика мәселелері жан-жақты талқыланды[63-66].А.Байтұрсынұлының
оқыту әдістерін талдаған мақалалары мен әдістемелік «Баяншы» кітабы
отандық кәсіби дидактика ғылымының дамуына негіз қалады. Қазақстанда
оқыту
теориясымен
айналысқан
педагог
-ғалымдар:Қ.Жұбанов,
Т.Тәжібаев
Р.Г.Лемберг,
Н.Кӛшекбаев, т.б. әлемдік дидактиканың заңдылықтары мен
принциптерін отандық оқу-ағарту ісіне қатысты тұжырымдап,тәжірибеге
енгізді. Қазіргі заманғы дидактика оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары
мен принциптерін анықтайтын ғылыми білім беру
теориясы.
Ол ӛзінің алдына
қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге
негізделеді. Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды
жүйесін кӛрсетеді.
Дидактикалық принцип (латын сӛзі) - басшылыққа алатын идея, негізгі
талап, қағида екені белгілі. Егер, дидактикалық принциптер –оқытудың
мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен
заңдылықтарын анықтайтын қағидалар жүйесі десек, оқулықтар мен оқу
құралдарын құруда негізгі басшылыққа алатын қағидаларымыз да осы болмақ.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға
байланысты ӛзгеріске ұшырап отырады. Егер, Я.А.Коменскийдің заманынан
17
бастап, дидактикалық принциптің негізі - білімнің ғылымилығы, кӛрнекілігі,
теория мен тәжірибенің байланыстылығы бірізділігі, жүйелілігі, жергілікті
материалдармен байланыстылығы сияқты принциптер орныққан болса, қазіргі
таңда бұған қоса, білімді ізгілендіру, кіріктіру, тұлғаға бағдарлау,
шығармашылықты дамыту т.б.принциптер қосылғаны белгілі.
Жалпы алғанда дидактикалық принциптердің қызметі, оқушылардың
берілетін білім мазмұнын саналылықпен белсенді түрде меңгеруін қамтамасыз
ету. Міне, осы қағидаға К.Д.Ушинскийдің пікірі де қабысып жатады
[67]
. Ол
«парасаттылық нағыз білімнің арқасында ғана дамиды» мектеп адамды
біліммен қаруландырып, оны ӛмірде қалай қолдануды үйретеді- дейді. Бұл
қағидалар жалпы білім берудің мақсатын, оның мазмұнының қандай болуын
кӛрсетсе, қазіргі таңда тұлғаның қызығушылығын айқындайтын білім беру
мазмұны мен оның алға қойған мақсаты екенін кӛрсете отырып, білім тұлға
бойына қажетті қасиеттерді дамытуға бағытталуды кӛздеп отыр. Сондықтан
да, адамныңқоршаған ортамен бірлікте тұлға болып қалыптасатын
динамикалық жүйе екенін ескере отырып, оқулық пен оқу құралдарында
беріліетін материалдар мазмұнының жан-жақты жетілген, ақыл ойы дамыған,
білімді ӛздігінен ізденіс арқылы меңгеретін тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз
етуге бағытталуы керектігі белгілі. Мұндай материалдар білім алушының оқу
іс-әрекетін түрлендіруге, олардың ізденуіне, қоршаған ортадан, жалпы ӛмір
тәжірибесінен меңгерген білімдерімен байланыстыруға мүмкіндік туғызуға
тиісті. Психологиялық тұрғыдан алғанда білім алушының іс-әрекеті: ойын,
еңбек, оқу екені белгілі. Бірақ, мектепке келісімен осы әрекеттердің ішінде оқу
іс-әрекеті басым орын алады. Сонымен қатар, жоғары сыныптарда оқу іс-
әрекетінің мазмұны да тереңдей түспек. Мұнда оқушылардың ӛзіндік іс-
әрекеттері:ізденуі, зерттеуі, тәжірибе жасауы, эксперименттеуі, талдауы,
салыстыруы, қортынды шығаруы басым болмақ. Сондықтан.да, оқулық пен оқу
құралындағы материалдардың мазмұндық байланысы және құрылымының
сәйкестігі оқушының жеке бас мүмкіндігін ашуға негіз салады.
Пән бойынша білім мазмұнын іріктегенде сол пәннің пәндік ғылыми
негізі беріле отырып, оқушының іс-әрекеттін ұйымдастыруға мүмкіндік
туғызатын материалды ендіру қарастырылады.
В.С.Ледневтың пікірі бойынша оқулық мазмұнын оқушылардың іс-
әрекетіне қарап анықтауға болады дейді [68]. Ал, В.В.Краевскийдің -
педагогикалық теориясында білім беру мазмұны қоғамның, ғылымымның,
мәдениеттің дамуымен сәйкес келуі керек деп кӛрсетеді
[69]
. Сонымен қатар,
ол оқулықты тек білім мазмұнын беруші құралы ғана емес, сонымен бірге ол
оқытушының әдістемелік кітабы деп кӛрсетеді. Бұл екі пікірмен де келісуге
болады. Себебі, оқушылардың ізденісі, ӛзіндік іс-әрекеті негізінен оқулықтағы
берілген материал мазмұнынан туындайтыны белгілі.В.В.Краевскийдің
пікіріндегі әр заманның, қоғамның даму деңгейімен оқулық мазмұнының
сәйкес келуі қазіргі талаптармен қабысып жатқан пікір десек артық емес.
Пән бойынша білім мазмұнын іріктегенде сол пәннің пәндік ғылыми
негізі беріле отырып, оқушының іс-әрекеттін ұйымдастыруға мүмкіндік
Достарыңызбен бөлісу: |