Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет14/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46

30 
 
қарастырылғаноқулықтардың  барлық  мүмкіндіктерін  пайдалануға,  мұғалім-
дердің жоғары дәрежедегі дайындығын қажет етеді. Оқулықтың  дидактикалық 
функцияларын толық аша отырып қолдану үшін және  оқулықтың басқа барлық 
оқу құралдарымен ӛзара байланысын күшейтуде, Қазақстандық компоненттер-
дің  берілуі,  сол  арқылы  еліміздің  әлеуметтік,  зкономикалық  ғылыми 
технологиялық дамуына оқушылардың кӛзін жеткізу мүмкіндігі туады. 
Бүгінгі  күні  қазіргі  кездегі  заманауи  оқулықтарға  функционалдық 
мақсатты  амалдар  тұрғысынан  келу  мәселелерін  тұжырымдап  қана  қоймай, 
дидактикалық  функцияларды  күшейту  бойынша  нақты  жұмыстар  жүргізіліп,   
оқулықтарды құру теориясын дамытуға оңтайлы  қадам жасалуда. 
Зерттеу нәтижелері кӛрсеткендей, заманауи оқулыққабілім беру кітабына, 
білім мазмұнын тасымалдаушыға, соның ішінде, оқушылардың жасы мен басқа 
да  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  міндетті  түрде  меңгеруге  тиісті  бағдарлама 
талабымен    анықталған  қызмет  түрлеріне  тән  дидактикалық  функциялар 
тӛмендегідей: 
Ақпараттық  –  пәннің  базалық  ғылыми  мазмұнын  сақтай  отырып, 
оқушылар үшін химия пәнінен берілетін міндетті теорияларды, қағидалар мен 
заңдарды,  ережелерді,  және  ғылыми  жаңалықтарды  бере  отырып, 
оқушылардың  біртұтас  дүниетанымын  қалыптастыратын  ақпарды    қамту. 
Пәннен  берілетін  материалдың  кӛлемін  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне 
және  олардың  осыған  дейінгі  қалыптасқан  ӛмір  тәжірибелеріне  сәйкестей 
отырып, 
пәнді 
оқыту 
кезіндегі 
оқушылардың 
ӛзіндік 
іс-әрекетін 
қалыптастыратындай  деңгейде  болуы.  Мәселен,  бейорганикалық  химия 
оқушыларға  негізінен  заттар,  олардың  физикалық,  химиялық  қасиеттері,  ол 
заттардың  алынуы  мен  тұрмыста,  ӛндірісте,  ауылшаруашылығында 
қолданылуы  туралы  ғылыми  ақпараттар  береді.  Бұл  арқылы  оқушылар 
ақпараттық материалдардың мәнін ӛздігінен аша алатындай  ӛзіндік жұмыстар 
атқару  барысында  беріліп  отырған  деректердің  шындығына,  олардың 
ғылымилығына  кӛз  жеткізетіндей  болуға  тиісті.  Осы  арқылы  оқулықтың 
ақпараттық  функциясы  оқушылардың  алған  білімдерін  іс-әрекет  барысында, 
ӛмірлік  жағдаяттарда,  тұрмыста,    тӛтенше  жағдайларда  ұтымды  қолдануға 
дайындайды.  Оқулықтан  тек  ғылыми  ақпаратты  жаттап  алумен,  оқушыардың 
жан-жақты  дамуы  жүзеге  асуы  мүмкін  емес.  Сондықтан  да,  оқулықтың 
ақпараттық  функциясы  дегенге  дұрыс  түсініп,  бұл  тек  ақпарат  беру  құралы 
емес,  сол  ақпараттарды  ізденушілікпен  меңгертуге  жағдай  жасайтын  құрал 
ретінде  қарауға  тиіспіз.  Ақпараттық  мазмұндағы  әрбір  мәтін  оқушының  сыни 
тұрғысынан  ойлануына,  ізденіс  арқылы  ұғынуға,  ӛздігінен  талдап  түсінуіне, 
мәселелерді  шешудің  тың  жолдарын  табуға  жетелейтіндей  болмақ.  Соның 
негізінде  ғана  оқушылардың  химиялық  білімі,  тәрбиесі  мен  дамуында 
ілгерілеушілік болады. 
Ақпараттық  функция-  оқу  құралы  жүйесінің  ажырамас  бӛлігі  бола 
отырып,оқушыларда    ғылыми  ұғым  қалыптастыруда    ерекше  рӛл  атқарады. 
Мұғалімнің  түсіндірме  сӛзімен  қатар,  оқулық  оқушылар  үшін  міндетті 
ақпаратты  меңгерудің  негізгі  көзі  болып  табылады.  Адамзат  ойлап  тапқан 


31 
 
барлық ғылыми жетістіктерді  шоғырландырып кӛрсете отырып, оқулық білім 
берудің  негізгі  мазмұнын  ашады,  оқушыларды  бұл  туралы  хабардар  етеді. 
Сондықтан  да  оның  мазмұны  қазіргі  заман  жетістіктерімен,  жаңалықтарын 
қамтуы міндетті. 
Оқу жоспарларының, бағдарламалар мен оқулықтардың белгілі бір бағытта  
қажетті кӛлемдегі тиісті ғылымдардың негізінде берілген материал оқытылатын 
пәннің    логикалық  ішкі  сабақтастығын  қамтамасыз  ете  отырып,  оның 
политехникалық,  еңбектік,  тәрбиелік  бағытын,  оқытудың  барлық  кезеңінде 
оқулыққа  қойылатын   талаптарды қамтамасыз етеді. 
Оқулықтың  ақпараттық  функциясын  толығымен  жүзеге  асырудың 
негізінде,  білім  мазмұнына  енгізілген,  оқу  пәнінің  ғылыми  тұрғыда    берілетін 
мазмұны  әрі  қарай  жетілдіруді  керек  етеді.  Бағдарлама  талабы    бойынша 
берілген оқулықтағы ақпарат кӛлемінің нақты ӛлшемдерін анықтайды, осыған 
орай,  ол  шын  мәнінде  оқушылардың    жүктемелерінің  шамадан  тыс  артық 
болмауын  қамтамасыз етеді. 
 Оқулықта  бағдарламадағы  негізгі  білімдер  мен  дағдыларға  қойылатын 
талаптарды  айқын  тұжырымдап,  оқыту  мен  тәрбиелеу  үрдісінің  мақсаттарын 
егжей-тегжейлі  сипаттап  кӛрсетеді.Оқулық  мазмұнының  ғылымилығы  мен 
түсініктілігі,  оқушылардың  жас  ерекшелігіне  сәйкестігі  оларға  білім  берудің 
тиімділігін  арттыруда  ең  басты  тірек.  Себебі,  қандай  пәнді  оқытсақ  та, 
оқытудың  әдістері  оның  мазмұнына  байланысты  анықталады.  Бұл  оқулықта 
берілетін,  материалды  мұқият  ойластыруға,    пәнаралық  байланыстарды 
қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беріп,  оқулықтың  ақпараттық  функциясының 
ойдағыдай іске асуының алғы шарты болып есептеледі. 
Тасымалдаушы  (трансформациялық)  түрлендіру,  ғылыми-техникалық, 
дүниетанымдық,  кӛркем  құндылықты,  жаратылыстану  және  басқа  да  ғылым- 
дарды ӛңдеумен байланысты, дидактикалық  қағидалар мен ережелер негізінде 
мемлекеттік  оқу  бағдарламасын  қалыптастыру  және  нақтылау.  Бұл  жерде  ең 
алдымен  қолжетімділік  қағидасы  есепке  алынады.  Қолжетімділікмәтіндер, 
тапсырмалар  және  иллюстарциялар  арасындағы  ұтымды  байланыстың 
болуы.Оқу 
материалын 
мазмұндау,құбылыстар, 
заттар, 
нысандарды 
сипаттаудың  нақтылығы  мен  түсініктілігі.  Оқулыққа  енген  жаңа  атауларға 
байланысты  түсініктемелердің берілуі. Сол арқылы оқушылардың материалды 
түсінуіне жеңілдік туады. 
Оқулық  мазмұны  берілетін  білімнің  неден  басталып,қалай  жалғасып, 
немен  аяқталатынын  кӛрсетеді,  яғни  белгілі  бір  тақырып  бойынша  берілетін 
білімнің бірізділікпен берілетін жүйесін кӛрсетеді. 
Алайда,  білім  мазмұны  ретінде  оқулыққа  енгізу  үшін,  белгілі  бір  білім 
деңгейін  педагогикалық  ӛңдеу  –  бұл  тасымалдаушы  функцияның  тек  бір  ғана 
сыртқы маңызды бӛлігі. Бұл функция химиядан берілетін білім негіздерін оқу 
материалына  айналдырумен  байланысты  (мысалы,  тапсырмалар  мен 
жаттығулар жүйесіне). Онда қоғамның және педагогиканың талаптарын ескере 
отырып, химиядан берілетін білімді ӛмірмен, күнделікті ӛздерін қоршаған орта 
тәжірибесімен  байланыстыруға,  сондай-ақ,  оқушылардың  жасы  және  басқа  да 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау