18
туғызатын және оның жан-жақты дамуына жағдай жасай отырып, тұлғаның
дамуын қамтамасыз ету жағы бірлікте қарастырылады. Сондықтан да, қазіргі
дамыған қоғамда берілетін білім мазмұнында , тұлғаның ӛзін-ӛзі анықтауы,
еңбек және экономикалық мәдениеті, интеллектуалдық, адамгершілік,
экологиялық, отбасымен қарым-қатынасы сияқты кӛптеген жағдайлар
ескеріледі. Бұған қоса, пәнаралық сабақтастық, жаратылыстану білімдерін
кіріктіру тұстары да назарда болуға тиіс. Сол арқылы ғана білім
алушылардың, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, оларды жаңа біліммен
қаруландыру, ӛздігінен жұмыс атқару дағдыларын меңгерту мақсаттары
жүзеге асады.
Педагогика ғылымында маңызды дидактикалық теориялар мен
тұжырымдамалар баршылық. Әрбір дидактикалық теорияны зерттеп, оны
негіздеуші ғалымдар бар. Мәселен, танымдық әрекетті дамыту тұжырымдамасы
(Г.И.Щукина, т.б.), дамыта оқыту тұжырымдамасы (Л.В.Занков, т.б.), оқулық
түзудің
дидактикалық
негіздерін
И.Я.Лернер,
проблемалық
оқыту
тұжырымдамасы(М.И.Махмутов, А.М. Матюшкин т.б.), ақыл-ой әрекетін
кезеңді қалыптастыру теориясы (П.Я.Гальперин, т.б.), білім беру мазмұны
теориясы (В.В.Краевский,Л.Я. Лернер, В.С.Леднев, т.б.), мазмұнды жинақтау
теориясы (В.В.Давыдов, т.б.), оқу процесін оңтайландыру теориясы
(Ю.К.Бабанский), оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру теориясы
(Т.И.Шамова, т.б.), оқыту әдістерінің теориясы (М.И.Махмутов, В.А.Онищук,
т.б.), ӛзіндік жұмыстарды ұйымдастыру теориясы (Л.Я.Зорина, Н.К.Журавлев,
т.б.), біртұтас педагогикалық процесс теориясы (Н.Д.Хмель, т.б. ұжымдық
оқыту теориясы (В.Дьяченко, т.б.)
[70-77]
. Ал, осы теорияларды жүзеге
асырудың негізінде оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұны жатыр.
Қазақстанда білім берудің дидактикалық негізіне кӛп кӛңіл бӛлген ғалым-
профессор Т.Сабыров болды. Ол негізінен бастауыш сыныптарда берілетін
білім мазмұнына кӛп кӛңіл бӛлді. Бірақ, ғалымның «Оқушылардың бойында
нақты ғылым қоры болмаса, оның ӛздігінен жұмыс атқаруы мүмкін емес»-деген
пікірі білім берудің қай саласына болса да негіз болатын қағида. Шын мәнінде
оқушыға білім беру құралы оқулық болатын болса, оның мазмұны мен
құрылымы оқушыға қойылатын талаптарды орындатудың негізі болып
табылады.
Кейінгі кездерде оқулық жазудың теориялық және практикалық
мәселелерін сӛз етіп жүрген авторлар баршылық. Соның бірі А.М. Таганова ӛз
пікірінде жалпы оқулықтың мына тӛмендегідей
қызметін атап ӛтеді:
- білімді хабарлау, баяндау;
- оқушыларды әртүрлі дағдыларға жаттықтыру;
- алған білімді ӛмір кәдесіне жарата білуге үйрету;
- белгілі пәнді білмекке
ынталандыру, қызықтыру;
- білімді оқушылардың ӛздігінен пайдалануына жағдай жасау.
Әрине, бұл жалпы оқулықтың маңызын ашуға тырысқан пікір деп
қараймыз. Бірақ, оқулықтың атқаратын қызметі бұдан да күрделі. Әсіресе,
химия оқулығынан берілетін білімнің ғылыми теориялық негізін оқушыға