20
- бірінші, ақпараттық, яғни вербальды немесе материалдың мазмұны
кӛрнекі құралдар арқылы түсіндіру үшін ұсынылған болуы;
- екінші, репродуктивті, мұнда берілетін білім оқушылардың іс- әрекетін
ұйымдастыруға бағытталуы;
- үшінші, теориялық материалдың мазмұны шығармашылық іс-әрекетке
жұмылдыратындай, ынталандырушы бағытта болуы;
- тӛртінші, әлеуметтік тұрғыдан бағытталған эмоционалдық қарым-
қатынасты игеруге ықпал етуші ретінде қызмет кӛрсетуі қажет[78].
Оқулыққа қойылатын талаптың күрделілігіне байланысты оны құрастыру
мәселесі теориялық тұрғыдан да, әдістемелік тұрғыдан да кӛп ізденуді талап
етеді. Белгілі педагог-ғалым Д.Д. Зуев оқулықтың пәндік мазмұнның
оқушылардың
танымдық
шығармашылық
жұмыстарының
түрлерін
ұйымдастырушылық мүмкіндігін жоғары бағалайды [6, б. 50].
И.Зверев «Жоғары білікті оқулық-ойлылық пен эмоционалдықты, ғылым
мен кӛркемдікті, бейнелі баяндаумен ұштастыру үлгісі»- деп атап кӛрсетті[79].
Оқулық–Білім және ғылым министрлігімен бекітілген оқу бағдарламасына
сәйкес оқу пәні мазмұнының жүйелі баяндалуын қамтитын оқутеориялық
басылым және бұл мемлекеттік құжат болып есептеледі. Егер оқу
бағдарламасы пән бойынша берілетін білімнің тақырыптарын анықтап және
оған қанша сағат бӛлінетінін кӛрсетсе,оқулық сол тақырыптардың
әрқайсысының мазмұнын ашып кӛрсетеді.
Химия пәні әлем туралы жан-жақты мазмұнмен дамытылған кӛптеген
биологиялық білімнің жетістіктерімен толықтырылып, кіріктірілген пән.
Мәселен, кез келген заттың күрделі құрылымы мен қасиеті арасындағы
байланыс, зат массасының сақталу заңы энергия формалары т.б.химиялық
заңдылықтар ӛздерін қоршаған ортаның негізгі қасиеттерімен таныстырып қана
қоймай оқушылардың жүйелі ойын дамытып, олардың ойлануына, қорытынды
жасауына негіз болады [80]. Қазіргі кезде заттар мен химиялық үрдістер
туралы материалдардың жеткіліктілігі және олардың толық зерттелгендігі,
химияның ғылым ретінде қарқынды дамуы бұл пәннен берілетін білімнің тек
ғылыми шындықты беруінің кепілі.
Оқулықтың кӛлемі мен құрылымы мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарты мен пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес болуы
қажет және онда кӛрсетілген білім мазмұны толықтай қамтылуы тиіс. Оқулық
басқа басылымдардан атқаратын ӛзіндік қызметтері, мазмұны мен мәтініне
қойылатын талаптар және ерекше құрылымы арқылы ажыратылады.
Химия пәнінің оқулықтарының мазмұндық құрылымдық сипаты қазіргі
қалыпқа бірден келе қалған жоқ. Оқулықтар мазмұнының ӛзгеру даму қалпы
негізінен үш кезеңді бастан кешірді. Оның алғашқы кезеңі –Д.И.Менделеев
ашқан периодтық заңның негізінде жазылып, бейорганикалық химияны
оқытуға негіз салды.Сол кездің ӛзінде ол химияны догмалықжолмен оқытудың
зияндылығын атап кӛрсетіп, оқушыларды ғылыми ізденіске жетелеу керектігін
айтып, кӛбіне практикада қолданатын заттарды зерттеу, олар туралы ғылыми
21
мағлұмат беру жағын қарастырды. Міне, бұл қазіргі таңдағы білімді
практикамен байланыстыру талабының бастамасы еді.
Химия пәнінің бағдарламалық мазмұнының ӛзгерген екінші кезеңі-
революциядан кейінгі кезең. Бұл кезеңде химияны оқыту психологиялық,
педагогикалық ғылымдармен байланысын күшейтіп, білім беруді әдістемелік
тұрғыдан қарастыруда кӛптеген жетістіктерге қол жеткізді. Әрине, мұндай
ізденістер ол кезеңде орыс авторларының ғана еңбектері арқылы жүзеге асты.
Қазақ мектептерінде химиядан білім беруде 1936-50жылдар аралығында
орыс авторларының оқулықтарын аударып пайдаланудың маңызы зор болды.
Олардың
қатарында
П.П.Лебедевтің
«Химия
жұмыс
кітабы»,В.Н.Верховскийдің «Анорганикалық және органикалық химия»
оқулықтарын атауға болады[81,82]. Сондықтан да, ол оқулықтар мен оқу
құралдары қазақшаға аударылып басылды.Орта мектептің оқу жоспарына
химиядан берілген сағаттың кӛбеюіне байланысты Қазақстанда ӛз ана тіліндегі
химия оқулықтары мен оқу құралдарын шығару қолға алынды. Әсіресе, жан-
жақты ӛркендеген химиялық жетістіктерді оқушыларға нақты жеткізу үшін
қазақ тіліндегі химиялық атауларды (терминалогия) қолдануға оның ата
тіліндегі нұсқалары керек болды. Бұл мәселемен республикамыздың белгілі
ғалымдары: Б.Бірімжанов, Х.Молдағалиев, С.Омаров айналысты
[33,83,84]
.
Осыдан кейін-ақ, химияны оқытудың оқу құралдары, лабораториялық
жұмыстарды жүргізудің әдістемелік нұсқаулары, жарық кӛре бастады. Ал, қазақ
тілінде химиялық терминологияның жасалуы Б.Бірімжанов, Х.Молдағалиев,
С.Омаров сияқты белгілі ғалымдардың атымен байланысты екенін естен
шығармауға тиіспіз.
Осымен қатар, алғаш рет мектеп оқушыларына арналған оқу құралы 1939
жылы жарық кӛрген Ғ.Қазбековтің «Химияның лабораториялық жұмыстары»
атты кітабы болды.
Химияны оқыту мен оның пәндік мазмұнының әр кезеңде ӛзгеру сипаты
К.Ш.Арынованың «Орта мектепте химиядан оқу-әдістемелік кешенді
пайдаланудың әдістемелік негіздері» және Ж.Р. Нұрмұхамбетқызының «
Химия пәні сабағында оқушыларды жаңа буын оқу-әдістемелік кешенмен
оқыту әдістемесі»атты еңбектерінде толық кӛрсетілген
[85,86]
. Қай кезеңде
болса да, оқулық мазмұнының ғылыми тілінің түсінікті, деректерінің нақты
болуы және оқушылардың күнделікті қоршаған ортадан кездестіретін
заттармен байланыстылығы білімалушының сол пәнге деген қызығушылығын
оятуына түрткі болады. Оқулықтың сапалылығы оқушылардың білімділігінің
кепілі екендігі туралы оның аса күрделі мәселелер қатарына жататындығын
ғалымдар мойындайды. Бұл туралы В.П. Беспалько «Оқулық жазу оңай шаруа
емес, нағыз оқулықтар жасайтындай болып кемелдену үшін, педагогика
жӛніндегі қазіргі ғылыми монографияларды байыбына жете зерттеп оқыған
жӛн» деп сипаттаған[87]. Жоғары мектепке арналған оқулықтарды зерттеумен
айналысқан ғалым П.Г.Буга ЖОО арналған оқулықтарды дайындауда
жіберілетін кемшіліктерді кӛрсетеді:
- оқу материалын бергенде пәнаралық байланыстың ескерілмеуі;
Достарыңызбен бөлісу: |