Экономикалық шолу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет7/30
Дата24.11.2018
өлшемі1,49 Mb.
#24500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30

 

17 


 

шығады.  Соңғы  жылдарда  Еуропада  дағдарыстың  салдарынан  зейнетақы  жасын 

жоғарылату  туралы  талқылаулар  қайта  жүріп  жатыр.    ЭЫДҰ  19  елінде  зейнетақы  жасы 

ұлғайтылған  және  әйелдер  мен  ерлер  үшін  теңестірілген,  ал  5  елде    (Греция,  Польша, 

Латвия, Венгрия, Украина) осындай теңестіру жоспарланды. Барлық реформалар уақытқа 

бөлінген,  зейнеткерлік  жасты  біртіндеп  ұлғайту  көзделген,  ол    халықтың  зейнет 

алдындағы  тобына  ықпалын  төмендетеді.  Сарапшылардың  пікірінше,  ол  зейнетақы  мен 

медициналық  қызмет  көрсетуді  қол  жетімді  етуге,  сондай-ақ  демографиялық  жүктемені 

төмендетуге  мүмкіндік  береді.  Зейнеткерлік  жасын  ұлғайту  адамдарды  ұзағырақ  жұмыс 

істеуге мәжбүр етеді, ол жас буынға  жүктелген ауыртпалықты біршама жеңілдетеді. Одан 

басқа,  бұл  еңбекке  қабілетсіз  жаста  өмірдің  лайықты  деңгейін  қамтамасыз  етуге 

мүмкіндік береді.  

Қазақстан Республикасындағы әйелдердің жалақысының орташа деңгейі төмен, ал 

ерлерге қарағанда зейнетке шығу жасы бұрын болғандықтан, әйелдердің зейнетке шығу  

кезінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары тиісінше ерлерден 

кем  болады.  Осылайша,  әйелдер  үшін    зейнеткерлік  жасты  ұлғайтумен  жинақтарды 

арттыра отырып, ұзағырақ жұмыс істеу мүмкіндігі пайда болады.  

 Қазіргі  кезде  әйелдер  мен  ерлер  елу  (50)  және  елу  бес  (55)  жасқа  жеткенде 

тиісінше және ең аз зейнетақы мөлшерінен төмен емес төлемдерді қамтамасыз ету үшін 

зейнетақы  жинақтары  жеткіліктілігі  зейнетақы  төлемдерін  ертеден  алуға  құқылы  екенін 

ұмытпаған  жөн.  Зейнеткерлік  жасты  ұлғайтқанда  осы  құқық  сақталады.  Одан  басқа,  5 

баласы бар әйелдер зейнетке 53 жаста шыға алады.  

Дамудың  оң  үрдістеріне  қарамастан,  зейнетақымен  қамсыздандыруда  оның 

қаржылық 

тұрақтылығы, 

сенімділігі, 

жеке 

әділдік 


(зейнетақы 

төлемдерінің 

барабарлығы)  және  қолданыстағы  жинақтаушы  жүйесінің  жай-күйіне  кешенді  зерттеу 

жүргізуді  және  оны  бұдан  әрі  жетілдіруге  арналған  талаптарды  жасау  бойынша 

көзқарасты  айқындауды  талап  ететін  әлеуметтік  тиімділік  қатысты  бірқатар  шешілмеген 

жүйелі проблемалар бар. 



Екінші  кезең  зейнеткерлік  жастағы  азаматтарды  әлеуметтік  қорғауды  деңгейін 

арттыруға, жалпы жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және жинақтаушы 

зейнетақы  жүйесінің  институционалды  базасын  бұдан  әрі  дамытуға  бағытталған 

реформалау зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін  жаңғыртуды көздейді. 

Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесе отырып, Президенттің 2014 жылғы 18 маусымдағы 

Жарлығымен  бекітілген    Қазақстан  Республикасының  зейнетақы  жүйесін  одан  әрі 

жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірленді, 

онда  зейнетақы  жүйесін  2030  жылға  дейін  бұдан  әрі  дамытудың  негізгі  әдістері 

белгіленген.  

Қолданыстағы  жинақтаушы  жүйені  жұмыс  берушінің  қаражаты  есебінен 

қызметкерлердің  кірісінен  5%  мөлшеріндегі  жұмыс  берушілердің  жарнасы  есебінен 

қалыптастырылатын  жаңа  шартты-жинақтау  компонентімен  толықтыру  негізгі  түбегейлі 

өзгеріс  болып  табылады.  Жинақтаушы  жүйеге  қатысу  өтіліне  байланысты  базалық 

зейнетақы тағайындау тәртібін өзгерту басқа түбегейлі жаңалық болып табылады. 

Тұжырымдамада 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап құрылымдардың қызметкерлерін 

мемлекеттік 

зейнетақымен 

қамсыздандыруға 

толық 

көшірумен 



зейнетақымен 

қамсыздандырылуын реформалау ұсынылады. 

Қызметкерлердің  өздерінің  10%  есептеулерінен  құралатын  қолданыстағы 

жинақтаушы  зейнетақы  жүйесі  сақталады.  Бұл  ретте  оны  бұдан  әрі  дамыту  мақсатында  

осы деңгейде  параметрлік өзгерістер жүргізілетін болады. 

 Сонымен  бірге  Тұжырымдамада  халықты  зейнетақы  жүйесімен  қамтуды  кеңейту 

және  зиянды  (аса  зиянды)  еңбек  саласында  жұмыс  істейтін  адамдарды  зейнетақымен 



 

18 


 

қамсыздандырудың  кәсіби  сызбасын  бұдан  әрі  дамыту  бойынша  негізгі  әдістер 

белгіленген. 

  

Қорытынды  ретінде  әлемде  әр  елдің  қаржылық  мүмкіндіктеріне  қарай 



зейнетақы  жүйесінің  аралас  үлгілері  пайдаланылатынын  атап  айтқымыз  келеді.  Бір 

мезгілде барлық елге тиімді болатын үлгі жоқ. Әлемдік тәжрибе көрсетіп отырғандай 

гибридті үлгілерді ғана пайдалану сәтті болып табылады.   

 Түрлі  буындар  үшін  зейнетақы  жүйесі  әр  түрлі  болуы  мүмкін.  Қарт 

зейнеткерлердің  әлеуметтік  және  медициналық  қажеттіктеріне  шығындарды 

ұлғайта  отырып,  жасы  үлкен  адамдар  үшін  зейнетақының    сатып  алу  қабілетін 

сақтап  қалуға  болады.  «Жас»    зейнеткерлер  мен  зейнет  алдындағы  жастағы 

адамдарға келешекте зейнетақының маңызды арттырумен (зейнетақыны индекстеу) 

зейнетақыдан  ерікті  уақытша  бас  тарту  бағдарламасын  ұсынуға  болады.  Орташа 

және  кіші  жастағыларға    жинақтаушы  компоненттің  тиімділігін  арттыруға  және 

тарату  жүйесіне  «кіру»  ережесін  қатаңдатуға  аса  көңіл  бөлген  жөн.  Жастар  үшін 

(еңбекке 

жаңа 

ғана 

кіріскендерге) 

зейнетақымен 

қамсыздандырудың 

бүкіл 

парадигмасын өзгертуді көздеу қажет. 

 Бұл  ретте  қаржы  құралдарына,  жылжымайтын  мүлікке  және  өмір  бойы 

жинақталатын  басқа  активтерге  ерікті  инвестициялау  қосымша  табыс  көзі  және 

зейнетақыға қосымша болатынын есте сақтаған жөн.  

  

 

Әдебиеттердің тізімі: 

1.  «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңы. 

2. 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2014  жылғы  18  маусымдағы  №  841 



Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасының  зейнетақы  жүйесін  одан  әрі 

жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы.  



 


жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау