Экономикалық шолу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет8/30
Дата24.11.2018
өлшемі1,49 Mb.
#24500
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30

 

19 


 

Кәсіпорындардың Ұлттық Банктің мониторингіне қатысуын ынталандыруды 

қамтамасыз ету проблемасы және оны шешу тәсілдері  

 

Орлов  П.Е.  –  Ұлттық  Банктің  Зерттеулер  және  стратегиялық  талдау 



департаменті кәсіпорындар мониторингі басқармасының бастығы 

 

Мақалада  Ұлттық  Банк  жүргізетін  мониторингке  тұрақты  түрде  қатысуға 

кәсіпорындарды  іріктеуді  ынталандыру  проблемасын  шешу  тәсілдері  сипатталды. 

Пікіртерімге  қатысушы  кәсіпорындардың  іріктеу  репрезентативтілігінің  жетістігі, 

пікіртерім  нәтижелері  бойынша  алынатын  көрсеткіштердің  уақытша  қатарларын 

салыстыру және түпкілікті нәтижесінде, елдегі ағымдағы жағдай және экономиканың 

нақты 

секторындағы 

қалыптасып 

келе 

жатқан 

үрдістер 

бойынша 

қалыптастырылатын  бағалар  мен  тұжырымдардың  барабарлығы  бұл  міндетті 

шешуге байланысты. 

2000  жылғы  3-тоқсаннан  бастап  Ұлттық  Банк  тоқсан  сайын  экономиканың  нақты 

секторының  кәсіпорындарына  мониторинг  (бұдан  әрі  –  мониторинг)  жүргізеді. 

Мониторингтің  мақсаты  экономикалық  конъюнктураның  жай-күйін  және  өзгеру 

үрдістерін,  тұтастай  алғанда  және  негізгі  салаларда  ел  экономикасының  нақты 

секторындағы қаржылық жай-күй мен инвестициялық ахуалды жедел тәуелсіз бағалаудан 

тұрады. 

Ресми статистика деректерімен салыстырғанда осындай бағалаудың артықшылығы 

мынада.  Біріншіден,  олар  жедел  түрде,  іс  жүзінде  нақты  уақыт  режімінде  (шамамен  20 

күн ұзақтықпен) қалыптастырылады және көрсеткіштердің тек іс жүзіндегі өзгеруін (есепті 

тоқсанда)  ғана  емес,  сол  сияқты  күтілетін  (келесі  тоқсандағы)  өзгеруін  көрсетеді, 

екіншіден, 

олардың 

тәуелсіздігіне 

байланысты. 

Соңғысы 


кәсіпорындардың 

пікіртерімдерге  ерікті  негізде  қатысатынына  және  нақты  сектор  мен  оның  салалары 

бойынша жиынтық бағалауды Ұлттық Банктің кәсіпорындардағы экономикалық ахуалдың 

бағаларын олардың басшыларының жинақтауы негізінде қалыптастыруына байланысты. 

Кәсіпорындардың 

сауалнамалық 

пікіртерімдерінің 

негізінде 

алынатын 

индикаторлардың  маңызды  қасиеті  озық  индикаторларды  құру,  нақты  секторда  және 

оның  салаларында  экономикалық  және  қаржылық  тәуекелдердің  ағымдағы  бағаларын 

алу  мен  болжау  мүмкіндігі  болып  табылады.  Осыған  орай  Кәсіпорындар  мониторингін 

дамытудың  2013  –  2017  жылдардағы  кезеңге  арналған  тұжырымдамасында  мынадай 

міндеттерді  (бұдан  әрі  –  функционалдық  міндеттер)  шешу  жолымен  Ұлттық  Банктің 

қызметін  ақпараттық-талдамалық  қамтамасыз  етуге  мониторинг  нәтижелерінің 

практикалық үлесін арттыруға баса назар аударылған: 

 

тұтыну  тауарлары  мен  көрсетілетін  қызметтерді  өндіруші  кәсіпорындарды 



іріктеу  бойынша  жалпы  бағалық  және  олармен  байланысты  индикаторларды 

жинақтайтын  инфляциялық  процестерге  жедел  талдау  жасау  және  серпіні  мен  күтілетін 

әсерін бағалау; 

 



кредиттер  мен  кредиттік  тәуекелдерге  қажеттіліктің  ағымдағы  жай-күйін  және 

күтілетін  өзгерісін,  тұтастай  алғанда  және  негізгі  қызмет  түрлері  бойынша  нақты 

сектордың қаржылық жай-күйі мен қаржылық орнықтылығын талдау; 

 



мониторинг  деректері  негізінде  озық  индикаторлар  жүйесін  құру  негізінде 

тұтастай  алғанда  нақты  сектордың  экономикалық  белсенділігінің  циклдық  өзгеруін 

көрсету  [1]. 

   Дамыған  елдердің  тәжірибесі  ақша-кредит  саясатының  міндеттерін  шешу  үшін 

нақты  сектордағы  ахуал  туралы  жедел  және  тәуелсіз  деректерді  орталық  банк  тек 

мақсатқа  бағдарланған  өзінің  тұрақты  пікіртерімдерін  ұйымдастыра  отырып  тікелей 




 

20 


 

кәсіпорындардан ала алатынын көрсетіп отыр  [2]. Мұндай пікіртерімдерді жүргізу оларға 

кәсіпорындардың  қатысу  еріктілігі  шарттарымен  мыналар  сияқты  маңызды  міндеттерді 

шешуге байланысты: 

 

пікіртерімдер  нәтижелері  бойынша  саладағы,  өңірдегі  және  тұтастай  алғанда 



елдегі  экономикалық  жағдайдың  өзгеруі  туралы  барабар  тұжырым  жасауға  болатындай 

кәсіпорындардың мониторингке жеткілікті түрде көрсетілуі (репрезентативтілігі); 

 

пікіртерімдерді және алынған деректерді өңдеуді жедел өткізу; 



 

көрсеткіштердің  уақытша  қатарларының  салыстырмалылығын  қамтамасз  ету 



үшін кәсіпорындардың пікіртерімдерге қатысу тұрақтылығы; 

 



 пікіртерім 

сауалнамаларының 

қарапайымдылығын 

және 


көрнекілігін 

қамтамасыз ету – респонденттерге «артық жүктеме бермеу» үшін мәселелердің саны мен 

мазмұны бойынша; 

 



кәсіпорындардың  пікіртерімдерге  тұрақты  түрде  қатысуға  мүдделілігі 

(мотивация). 

Осы  міндеттердің  алғашқы  төртеуі  жоғарыда  көрсетілген  функционалдық 

міндеттерді  шешу  тиімділігіне  және  кәсіпорындар  мониторингінің  негізгі  мақсатына  қол 

жеткізуге тікелей әсер етеді, себебі құрамы мен сапасы бойынша көрсеткіштердің қажетті 

уақытша  қатарларын  қалыптастыруды  қамтамасыз  етеді.  Бесінші  міндетті  шешуге  (яғни 

пікіртерімдерге қатысушы кәсіпорындар осы пікіртерімдердің нәтижелеріне қаншалықты 

мүдделі  болады)  барлық  қамтамасыз  ететін  және  функционалдық  міндеттерді  шешу 

мүмкіндігі  мен  тиімділігі  байланысты.  Бұл  міндеттің  осындай  маңызды  мәні  бірінші 

кезекте  кәсіпорындардың  «ерікті  болмай  мүдделілік  болмайды,  мүдделілік  болмай 

шынайы  жауаптар  болмайды»  деген  айқын  тұжырымға  негізделген  пікіртерімдерге 

қатысуының еріктілігі қағидатына байланысты [2]. 

Сонымен  бірге  еріктілік  –  мүдделіліктің  қажетті,  бірақ  жеткіліксіз  шарты.  Осыдан 

кәсіпорындардың  пікіртерімдерге  тұрақты  түрде  қатысуын  ынталандыруды  қамтамасыз 

ету  міндеті  туындайды,  оның  шешімінен  функционалдық  міндеттерді  шешу  үшін  шығыс 

деректері 

ретінде 

пайдаланылатын 

пікіртерімдердің 

нәтижелері 

бойынша 

қалыптастырылатын көрсеткіштердің уақытша қатарларының салыстырмалылығы тікелей 

байланысты. 

 Мониторингте кәсіпорындарды ынталандыру міндеті қалай шешіледі? 

Әлемдік 


практиканы 

ескере 


отырып, 

кәсіпорындарға 

пікіртерімдерді 

ұйымдастырған  кезде  Ұлттық  Банк  олардың  әрқайсысын  пайдалы  ақпарат  алмасу  өтетін 

тең құқылы нарықтық субъект ретінде қарастырады: кәсіпорын сауалнамалық сұрақтарға 

жауаптар  ұсынады,  оның  орнына  Ұлттық  Банк  кәсіпорынға  орташа  салалық  деректерді 

(таратылатын талдамалық ақпарат топтамасы – ТТАТ түрінде) жіберу міндеттемесін өзіне 

алады, оларды тиісті саланың кәсіпорындарынан алған сауалнамалық деректер негізінде 

есептейді  [2].  Бұл  ретте  ТТАТ-тың  сапасы  болуға  тиіс:  ол  пікіртерімдерге  қатысушы 

кәсіпорындар  үшін  іс  жүзінде  пайдалы  болуға  тиіс.  Осыдан  ТТАТ-ты  жетілдіру  міндеті 

туындайды,  ол  кәсіпорындардың  Ұлттық  Банктің  пікіртерімдеріне  тұрақты  қатысуының 

жеткілікті  ынталандыруын  қамтамасыз  ету  үшін  қажет.  Бұл  міндет  қамтамасыз  ететін 

міндеттердің  ішінде  неғұрлым  күрделі  болып  табылады,  оның  шешімі  ТТАТ  шеңберінде 

көрсеткіштердің  құрамына  және  олардың  талдауына  ниеттерді  есепке  алу  үшін 

пікіртерімдерге қатысушы кәсіпорындармен жеке жұмысты талап етеді. 

Қосымшада,  тау  кен  өндіру  саласының  К  шартты  кәсіпорнының  үлгісінде 

мониторингтің  осы  даму  кезеңінде  пікіртерімдерге  қатысатын  кәсіпорындарға  тұрақты 

түрде (тоқсан сайын) жіберілетін ТТАТ келтірілген. 

ТТАТ  құрамы  сала  бойынша  талдамалық  материалдарды  қамтиды,  олар  4 

бөлімнен тұрады: 




жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау