ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет50/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   142

149

келеді.  Адамның  ұлылығы  оның  ақыл-парасатында  жатқанмен, 

«жүректің  де  ақыл-ой  білмейтін  өз  заңдары  бар».  «Ақыл  даналығы» 

және «жүрек даналығы» деген бар. Экзистенциалистердің өз филосо-

фиялары бастауларын соларға тірейтіні тегін болмаса керек. Кейіннен 

Гете:  «Ұлы  ақылдың  алдында  басымды  иемін,  ұлы  жүректің  алдын-

да тізе бүгемін», – деген-ді. Бүгінгі күні, XXI ғасырдың басында өмір 

сүріп,  оқытудың  батыстық  технологияларын  көзсіз  көшіре  отырып, 



тәрбеленушімен  жүрек  байланысын  орнатып,  құрметпен  қарап, 

сонымен  бірге  талап  қоя  білетін  әңгіме-сұхбаттарда  болашақ  маман 

тұлғасын қалыптастыра алатын оқытушының тәлімгер ретіндегі рөлін 

біз аяқасты еттік. Компьютердің жүрегі жоқ, тек қалыпқа келтірілген 

бағдарламасы ғана бар екені белгілі.

Паскальды  адам  мәселесі  ерекше  толғандыратын.  Ол:  «Адамның 

қадір-қасиеті  мен  ұлылығы  оның  ойында,  сол  оны  Ғаламнан  жоғары 

көтеріп,  танымға  оятады»,  –  деп  жазды.  Адам  шындықтың  болмашы 

бір  бөлшегін  ғана  біле  қойсын,  соның  өзінде-ақ  ұлылық  бар,  өйткені 

жануарлар мүлде ештеңе білмейді емес пе. Оның жоғарғы мақсаты да 

осында. Табиғатының жануарлар табиғатына ұқсап кеткеніне налиды, 

яғни  бұрын  оған  тән  болған  биік  табиғаттың  құлағаны  деп  түсінеді. 

Бұл  жерде,  шамасы,  сол  уақытта  орын  алған  бастапқы  капиталдың 

жинақталуының теріс ықпалына налу көрініс берсе керек.

Паскальдың  ғылымның  өркендеуіне  ғана  емес,  сонымен  қатар 

барлық  келесі  философия  мен  мәдениетке  де  зор  ықпалы  бол-

ды.  Л.Н.Толстой  оны  «адамзаттың  оқытушыларына»  жатқызып, 

«шындықты  ғасырлардың  басынан  асырып  көре  білген  философ-

пайғамдар» санады.

Параграфты  ойшылдың  атақты:  «Адам  –  табиғаттағы  ең  бір 

әлсіз  собық  қана,  бірақ  ол  собық  ойлай  алады.  Ұлылығымыз  біз 

есте  сақтай  алмайтын  кеңістікте  немесе  уақытта  емес,  осы  ойлай 

алатындығымызда», – деген қанатты сөзімен аяқтайық.

Сөйтіп,  біз  XVII  ғасырдың  ұлы  философтары  мен  ғылым 

қайраткерлерінің шығармашылығын айтып өттік. Ал енді алдымызда 

XVIII  ғасырдың  жаңаеуропалық  философиясы  мен  ғылымына  саяхат 

жасау күтіп тұр.



150

5-тарау. ағаРту ДәуіРінің ФилОсОФиЯсы және 

ғылымы

5.1. кейіннен ағарту дәуірі деп аталған XVIII ғасыр 

философиясының ерекшеліктері

XVIII ғасырда Еуропа топырағында «ағарту» деген атқа ие болған 

зияткерлік  (интеллектуалдық)  қозғалыс  пайда  болды.  Алғаш  рет 

«Ағарту»  деген  термин  Вольтердің,  Гердердің  және  басқаларының 

еңбектерінде кездескенмен, Канттың «Ағарту деген не?» депи аталатын 

мақаласынан  кейін  орнықты.  Оның  идеялары  көпшілік  зерттеушілер 

үшін ол кезеңді «Жаңа дәуірдің философиясы мен ғылымы» деген жал-

пы түсінікке енгізуге негіздеме берген XVII ғасырдың философиялық 

және ғылыми мұраларының тікелей жалғасы болғанмен, алайда Ағарту 

XVII ғасырдың дәстүрлерін айтарлықтай нақтылы етті. Оның үстіне, 

философиялық  ойдың  қызықты  ерекшеліктері  анықталды:  ағылшын 

ойшылдары  Бэкон  мен  Локк  есімдерінен  шығатын  философия  Фран-

цияда  талантты  ізбасарларын,  атап  айтқанда,  Дидро  мен  Гольбахты 

тапты,  ал  француз  Декарттың  идеялары  неміс  Иммануил  Кантқа  ша-

быт берді.

Неміс  философиясындағы  Ағартудың  бастамасы  Лейбниц  ілімін 

жүйеге келтірген атақты Христиан Вольфпен (1679-1754) тығыз байла-

нысты. Неміс философтары ғана емес, орыс философтары, мысалы, Ло-

моносов  та  алғаш  рет  Германияда  мәдениет  философиясының  негізгі 

салаларын қамтитын жүйе әзірлеген Вольфтан көп нәрсе үйренген.

Сол  уақытта  Шотландияның  ұлы  философы  және  экономисі  Адам 

Смиттің «Табиғат және халықтар байлығының себептері туралы зерт-

теулер»  (1776)  деп  аталатын  еңбегі  жарық  көрді.  Онда  экономикалық 

ойдың  жүзжылдық  дамуын  қорытындылау  көрініс  тапты.  Ғалым  құн 

теориясын  және  табыстарды  бөлу,  капитал  және  оның  жинақталуы, 

Батыс  Еуропаның  экономикалық  тарихы,  экономикалық  саясатқа 

көзқарас  және  мемлекеттің  қаржысы  мәселелерін  терең  және  жан-

жақты қарастырды. Бұл еңбек бүкіл ойшыл Еуропаның санасын астан-

кестең етті.

Жаратылыстану  және  қоғамдық  ғылымдар  жетістіктері  елеулі 

рөл  атқарды,  физика  мен  химия  ары  қарай  дамыды,  органикалық 

табиғатты  зерттеу  алға  жылжыды.  Математика  саласында  ашылған 

жаңалықтардың  үлкен  маңызы  болды,  өйткені  орын  алып  жатқан 

үдерістерді олардың нақты сандық мәндерінде түсінуге мүмкіндік берді.




151

Жанды  табиғат  дамуының  тұтастық  тұжырымдамасын  құрған 

француз жаратылыстанушысы Жан Батист Ламарктің (1744-1829) ілімі 

даму  идеясын  шындықты  танып  білу  теориясы  мен  әдісі  ретінде 

алдыңғы  орынға  шығарды.  Ол  неміс  ғалымы  Г.Р.Тревирануспен  бір 

мезгілде «биология» терминін енгізді.

Сөйтіп,  Ағарту  дәуіріндегі  философия  қарқын  алып  келе  жатқан 

ғылыми және көркем ойдың парасатты аясында дамыды.

Неміс классикалық әдебиетінің негізін қалаушы және ағартушылық 

реализм  қағидаларын  жақтап  күрескен  Готхольд  Эфраим  Лессингтің 

(1729-1780); неміс философы, сыншы, эстетик Иоган Готфрид Гердердің 

(1744-1803);  философияшыл  романтик  немістер:  мәдениет  философы, 

сыншы,  тіл  маманы  және  жазушы  Фридрих  Шлегель  (1772-1829)  мен 

протестанттық  теолог  және  философ,  Платон  еңбектерін  неміс  тіліне 

аударған  аудармашы  Фридрих  Шлейермахердің  (1768-1834)  неміс 

философиялық  мәдениетінің  өркендеуіндегі  ерекше  рөлін  айтпауға 

болмайды.  Ағайынды  Александр  (1769-1859)  және  Вильгельм  (1767-

1835)  Гумбольдтар  да  (алғашқысы  –  жаратылыстанушы,  географ, 

екіншісі – филолог, философ, дипломат) бұл салада айтарлықтай еңбек 

сіңірді.

Неміс  гуманистік  мәдениетінің  шарықтауын  көрсеткен  Иоганн 

Вольфганг  Гете  (1749-1832)  мен  Иоганн  Фридрих  Шиллер  (1769-

1805)  сияқты  философиялық  ойдың,  көркем  эстетика  мен  поэзия 

алыптарының  ғажап  туындылары  болды.  Егер  біріншісі,  бәріне  қоса, 

жаратылыс зерттеуші болса, ал екіншісі әділетті қоғамдық құрылысқа 

қол  жеткізу  тәсілі  іспетті  «эститикалық  тәрбие»  теориясын  құрушы 

болды.


Ағарту  дәуірі  –  адамзаттың  әлемдік  тарихындағы  қажетті  және 

аса  маңызды  саты  болып  табылады.  Оның  негізгі  міндеті  –  ғылым 



мен  мәдениеттің  дамуы  негізінде  қоғамның  өмір  сүруінің  бар-

лық  жақтарын  жаңарту,  ғылымның  озық  жетістіктерін  бұқара 

халықтың  кең  топтарының  санасына  енгізу  және  сол  арқылы  оларды 

надандық  пен  қараңғылықтан  азат  ету.  Сол  уақытта  адамның  ақыл-

парасатының  шығармашылық  күш-қуатына  деген  сенім  пайда  бол-

ды.  Ағартушылардың  «Sapere  aude!»  –  «Даналыққа  ұмтыл!»,  яғни 

«Өз ақылыңмен өмір сүр» деген ұраны – нақ сол адам ақылына сенім 

дегенді  білдіреді.  Бізге  алдымызда  адамзаттың  бақытты  болашағы  – 

қоршаған  дүние  мен  өздерін  талант-дарындары  арқылы  өзгерте  оты-

рып, кез келген тәуелділіктен азат адамдар құратын жарқын болашақ 

күтіп тұрғандай болады.



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау