ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет53/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   142

158

платондық  жоғарғы  идея  немесе  рух  деп  түсіндірілетін  зияткерлік 

жасампаздығын алға шығарады.

Дж.Беркли  дүниенің  объективтік  тіршілігін  көпшілік  адамдардың 

көзқарастарымен  байланыстырады.  Егер  олар  бір-біріне  сәйкес  кел-

се,  онда  –  зат  объективті  түрде  бар  болып  шығады.  Көп  адамдардың 

бір  немесе  басқа  зат  туралы  пікірлерінің  сәйкес  келуі  –  Жаратушы 

ықпалының нәтижесі.

Сөйтіп,  Берклидің  шығармашылығын  жаратылыстанудың  даму-

ына тікелей байланысты материалистік философияның орын алуына 

деген  қарсы  әрекеті  деп  бағалауға  болады,  сонымен  қатар  ол  эмпи- 

риокритицизм,  прагматизм,  неопозитивизм  бастауларының  бірі  бо-

лып табылады.

Шотландық философ, публицист, тарихшы, еуропалық позитивизм 

мен  феноменология  бастамашыларының  бірі,  сыни  скептицизмнің 

жарқын  өкілі  Давид  Юм  (1711-1776)  өзінің  «Адам  табиғаты  туралы 

трактат» атты басты шығармасында адам табиғаты тым аз зерттелген 

деп санағандықтан, оның тұтастық жүйесін құруға әрекеттенді.

Бұл  жүйенің  негізгі  мазмұны,  ойшылдың  пікірінше,  адамның 

ойлау  қабілетінің  ұстанымдары  мен  әрекеттерін,  сондай-ақ  оның 

идеяларының  табиғатын  түсіндіретін  логикадан;  адамның  ішкі 

сезімдеріне  қатысты  этикадан;  талғам  (критицизм  –  эстетика)  және 

адамдарды қоғамға біріккен және бір-біріне тәуелді деп қарайтын сая-

сат туралы ілімнен құралады.

Әлемді адамның танып білуінің мүмкіндіктері қаншалықты болса, 

міне, философияның негізгі мәселесі де осындай. Д.Юмның пікірінше, 

адам  танымының  негізінде  сезімдік  қабылдау  жатыр.  Демек,  Д.Юм  – 

сенсуалист.  Алайда  ол  сезімдік  танымнан  метафизикалық  танымға, 

яғни  жалпылама  түсініктерге  келу  мүмкін  емес  деген  қорытынды 

жасайды.  Егер  Дж.Беркли  «материя»  түсінігін  сынға  алса,  Д.Юм 

Құдай  идеясының  да  дәлелденбейтінін,  өйткені  бұл  жерде  біз  тек 

өзіміздің  сезімдерімізді  және  оның  әртүрлі  әрекеттерін  білетінімізді 

айтады.  Олай  болса,  философия  да  біздің  сезім-түйсіктеріміздің 

әртүрлі  әрекеттері  негізінде  идеялардың  пайда  болуына  келтіретін 

алғышарттарды зерттеуге тиіс.

«Юм  гильотині»  деген  атқа  ие  болған  қағида  соның  атымен  бай-

ланыстырылады.  Бұл  термин  арқылы  факт  пікірі  мен  борыш  пікірін 

(дескриптивтік  және  прескриптивтік  пікірлер)  олардың  қисынды 

мәртебесі  бойынша  күрт  шектейтін  әдістемелік  тәсіл  көрсетіледі: 

алғашқылар  референттік,  яғни  шынайы  маңызы  бар  пікірлер  деп 



159

қарастырылса,  екіншілері  шынайылықтан  тыс  деп  түсіндіріледі.  Де-

мек,  барлық  шарттары  дескриптивтік  (сипатталатын),  ал  нәтижесі 

прескриптивтік, мүмкін емес, яғни моральдық императивтері (норма-

лары) бар нәрсе туралы білімдерден шықпайтын, қисынды, дұрыс па-

йымдау жасау керек екен. Бұл идеяларды алғаш рет Юм тудырған, сол 

себепті философияға «Юм қағидасы» деген атпен енген.

5.3. Француз ағартушылары

Францияда  XVIII  ғасырда  философия  әлеуетті  қоғамдық-мәдени 

қозғалысқа  айналған  Ағартудан  дамуға  нақты  серпін  ала  отырып, 

Ағартудың жүрегі, өзегі ретінде әрекет етті.

Барлық  француз  ағартушыларын  біріктіретін  негізгі  идея  –  ол 

адамзатты  толғандыратын  мәселелердің  барлығы  философиялық 



ақыл-парасат  тезінен  өтуге  және  содан  негіз  табуға  тиіс.  Еркін  ой-

лау  бұрын-соңды  болмаған  биік  деңгейге  көтерілді:  табиғатты  тану 

да, бұрын қалыптасқан түсініктер де теріске шығарылды, енді өмірге 

жаңаша көзқарас, жаңа дүниетаным қалыптаса бастады.

Ағартушылар әлеуметтік өзгерістердің бағдарламасын құруға және 

Адамның  жаңа  мақсат-мұратын  қалыптастыруға  тырысты.  Осындай 

дүниетанымды  құру  жөніндегі  түпқазық  –  1751-1780  жылдары  Дидро 

шығарған  (алғашқы  жылдары  д’Аламбермен  бірге)  Энциклопедия 

болды.  Сол  себепті  француз  ағартушылары  энциклопедистер  деп  те 

аталады. Энциклопедия төңірегіне жиналып, олар Ф.Бэкон сызып бер-

ген: әлеуметтік прогресті ғылыми прогреспен байланыстыратын «ұлы 

ғылымдардың қалпына келтірілуі» жоспарын жүзеге асырмақ болды. 

Француз ағартушыларының еңбектерінде Табиғаттың және ондағы 

адамның алатын орнының жаңа материалистік ұғымы қалыптаса бас-

тады.  Өздерінің  әлеуметтік-саяси  идеяларымен  олар  әсіресе  қоғамға 

үлкен  ықпал  етті.  Қызба  ұлт  өкілдері  болғандықтан,  олар  орнықты 

ағылшындардан  асып  түсіп,  күн  тәртібіне  қоғамның  пісіп-жетілген 

саяси-құқықтық мәселелерін шешу қажеттігі туралы сұрақты ашық қоя 

отырып, қалыптасқан феодалдық тәртіптерге даусыз қарсы шықты.

Ағартушылық  қозғалыстың  негізін  Ф.Вольтер  мен  Ш.монтескьё 

қалады. Өздерінің озық идеялары арқылы олар ағартушылардың келесі 

ұрпағының (Д.Дидро,  п.гольбах, ж.ж.Руссо, д’аламбер, ж. де ла-



метри  және  басқалары)  философиялық  идеяларының  қалыптасуына 

септігін тигізді.




160

Француз  Академиясының  мүшесі,  философ,  тарихшы,  заңгер,  жа-

зушы  Шарль  луи  де  монтескьё  (барон  де  секонда)  (1689-1775) 

өзінің  сатиралық  ерте  еңбектерінің  бірі  –  «Парсы  хаттары»  деп  ата-

латын  шығармасында-ақ  француздың  дара  монархиясын  азиаттық 

озбырлыққа теңеп, клерикализмге қарсы шықты, дін қайраткерлерінің 

екіжүзділігін әшкереледі. Ол жазғандай, христиан діні «сүйіспеншілік 

діні»  болуға  тырысқанмен,  өз  тарихында  көптеген  соғыстар  мен 

қантөгістерге  жеткізді.  Христиандықта  адам  ақылының  шектеріне 

сыймайтын  қағидалар  соншалықты  көп:  «олар  үшін  үш  бірге  тең» 

(Құдай үштігі туралы айтылып отыр), нан – нан емес, шарап – шарап 

емес  (причастие  деп  аталатын  салт-ғұрыпқа  байланысты  сөз  болып 

отыр. – Аудармашы) және т.с.с.

Алайда  ол  Құдай  идеясынан  үзілді-кесілді  бас  тартпайды.  Ол  де-

ист болды, яғни Құдайдың Табиғатты жаратқанын, ал ары қарай оның 

Құдайдың  қатысуынсыз,  өз  бетінше  дамитынын  мойындайды.  Ой-

шыл христиандықты гуманистік өмір бағытына бұруға әрекеттенді. 

Оның ойларының желісі төмендегідей: егер Құдай адамдарға олардың 

ізгілікті  болуы  үшін  ашылса,  онда  адамдардың  осы  өмірде  бақытты 

болуға  ұмтылуы  күнәға  жатпайды.  Егер  Құдай  адамды  жақсы  көрсе, 

онда  адамдар  да  бір-бірлерін  жақсы  көруге,  бақытқа  жету  жолында 

қолдау көрсетуге тиіс.

  Өз  заманының  күрделі  де  өзекті  әлеуметтік-саяси  мәселелерін 

терең түсіну мақсатында ол назарын тарихтың терең қойнауына ауда-

рады  және  ертедегі  римдіктердің  тарихы  туралы  еңбек  жазады,  одан 

біз ойшылдың тарих философиясы жөніндегі ұстанымын көреміз. Ол 

христиандық  провиденциализмді  (тарихтың  ақыры  және  қиямет  күні 

туралы  ілімді),  сонымен  бірге  «тарих  –  қайсыбір  замандарда  орын 

алған кездейсоқ фактілердің жиынтығы» дейтін көзқарасты да теріске 

шығарады. Оның пікірі бойынша, «кез келген мемлекеттің шарықтауы 

мен құлауының немесе әлсіреуінің рухани және табиғи себептері бар».

Ертедегі  Римнің  көтерілуі  мен  күшеюі  тарихына  талдау  жасай 

келе, олардың себебін ол адамдар қоғамдық мүдделерді өздерінің жеке 

мүдделерінен жоғары қойған және барлық күштерін соларды қорғауға 

сарп  еткен  азаматтық  құндылықтардан  көреді.  Егер  республикалық 

басқару  билігі  болмағанда,  осындай  патриоттық  азаматтық 

құндылықтар да болмас еді. Осыған сәйкес, Римнің құлау себебін ол 

республикалық биліктен императорлық билікке көшуден көреді.

Ойшылдың  әлеуметтік-философиялық  идеяларын  оның  «заңдар 

рухы  туралы»  (1748)  деп  аталатын  іргелі  еңбегінен  табамыз. 



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау