143
Әлеуметтік-саяси идеялар: адам – бақытқа ұмтылатын тіршілік
иесі. Ол үшін, бәрінен бұрын, адамның материалдық мүдделері іске
асуы керек. Т.Гоббсқа ұқсап, Дж.Локк та адамзаттың табиғаттық және
азаматтық тарихы туралы айтады. Бірақ оның айырмашылығы мы-
нада: ол адамдардың өміріндегі бастапқы кезеңді толық еркіндікпен,
бір-біріне тәуелсіз болумен және тіршілік етуге қажетті тудырғыш
еңбекпен байланыстырады.
Дж.Локк меншіктің пайда болуының еңбек теориясын құрады.
Өңделген жердің бір акр аумағы өңделмеген бір акр жерден анағұрлым
қымбат тұрады, өйткені біріншіге адам еңбегі сіңді.
Мемлекет адамдардың келісуі нәтижесінде пайда болады. Сонымен
бірге адамдардың меншігі мен бостандығы сақталатын азаматтық аху-
ал да пайда болады. Мемлекет түнгі күзетшіге ұқсауға тиіс: азаматтар
ұйықтап жатқанда, ол солардың меншігі мен тыныштығын күзетеді,
ал оянғанда, олар өз қалаулары бойынша әрекет етеді. Сөйтіп, Локк
либералдық мемлекеттік құрылысты құп көреді.
Дж.Локк шіркеудің мемлекеттен бөлінгенін және олардың бір-
бірлерінің істеріне араласпағанын жақтайды. Адамдар басқалардың
діни сенімдерін құрметтеуге тиіс. Кез келген қоғам рухани-діни өмірсіз
қалыпты тіршілік ете алмайды.
Дж.Локк сондай-ақ жаратылыс құқығы ұстанымдарын («Үкімет
туралы трактат») әзірледі, табиғи-құқықтық мақсат-мұрат ұсынды:
«табиғи күй еркіндік күйі болып табылады, ол өз білгенімен әрекет
ететін күй емес, бұл күйде адам өзіне немесе өзінің мүлкіне билік ету
үшін, бақылауға көнбейтін еркіндік алғанмен, онда бәрібір өзін не-
месе өз билігіндегі кез келген басқа бір тіршілік иесін өлтіретіндей
бостандық жоқ... Табиғи күйде оны басқаратын, әркімді байланысты-
ратын табиғи заң бар және барша адамзатты үйрететін сондай заң бо-
лып табылатын ақыл-парасат бар: ... ешкімнің де басқаның өміріне,
денсаулығына, бостандығына немесе мүлкіне зиян келтіруге құқы
жоқ, өйткені біздің барлығымыз – Құдайдың меншігіміз».
Осы және басқа идеялары Локкты буржуазиялық революциялар
дәуірі беделділерінің бірі етті.
4.7. и.ньютон мен оның планетарлық теорияға сіңірген еңбегі
және жаңаеуропалық ғылымның құрылуы
Философия ғылымының классикалық (айқын) кезеңінің жарқын
тұлғаларының бірі – ағылшын ғалымы, көрнекті табиғат зерттеушісі,
144
жаңаеуропалық ғылым негізін қалаушылардың бірі исаак ньютон
(1642-1726) болды.
27 жасында ол өзінің ұстазы Исаак Барроудан физика-матема-
тика кафедрасы бойынша профессорлықты қабылдайды. Бірақ ең
таңғаларлығы: Кембридж университетін бітірмей тұрып-ақ, яғни 24 жа-
сында Исаак қозғалысты сипаттайтын аппарат құрып, корпускулярлық
оптиканың негізгі идеяларын қалыптастырады, айналып қозғалу
кезінде пайда болатын ортадан тебілетін және ортаға ұмтылатын
күштерге байланысты негізгі міндеттерді шешеді.
Физика, механика, астрономия саласындағы негізгі: «Табиғи
философияның математикалық бастаулары», «Жарық пен түстің
жаңа теориясы», «Денелердің қозғалысы» деп аталатын және басқа
еңбектерінде Ньютон әлемнің механистік бейнесінің негіздерін сал-
ды. Физикалық үдерістердің парапар, үйлесімді математикалық тілі
ретіндегі дифференциалдық және интегралдық есептеу де оның еңбегі
болып табылады.
Қозғалыстағы ұзына бойы созылған материяның математикалық-
физикалық теориясын көрсете отырып, ол нақты жаратылыстанудың
қорытындыларын шығарды. Екі дене өзара бір-бірін олардың жиыны-
на тура пропорционал және олардың арасындағы арақашықтыққа кері
пропорционал күшпен тартады деген механиканың ньютондық үш
заңы және әлемдік тартылыс заңы И.Кеплердің планеталар қозғалысы
заңдарын, сондай-ақ Г.Галилейдің, Р.Декарттың, Х.Гюйгенстің және
басқаларының жетістіктерін біртұтас бейнеге байланыстырды.
Нәтижесінде, ол планетарлық теориядағы басқаларын: планеталар
мен олардың серіктерінің қозғалысы, кометалардың айналып жүретін
жолдары (орбиталары), судың келуі мен қайтуы туралы ережелерді
шығарды.
И.Ньютонның ғалымдардың болашақ ұрпақтарына қалдырған
жетістіктері – алысқа әсер ететін қасиеті бар тартылыстың жұмбақ
күшін зерттеудің аса күрделі міндеті жаратылыстану ғылымының
кейіннен дамып өркендеуіне орасан зор ықпал етті. Өйткені, шын
мәнінде, алғаш рет әлем сәулетінің жан-жақты математикалық
тұжырымдамасы ұсынылды ғой. Әлемнің тұтастығы теориясын көп
ғасырлар бойы іздеу және зерттеу – нақты, санмен көрсетілетін тер-
миндерде жасалған ілімнің құрылуымен аяқталды.
Ньютон – көрнекті сынақ жүргізуші, яғни тәжірибе жасаушы.
Декарттың физикасын сынап-міней отырып, ол «Жорамалдар ойлап
таппаймын» (hypotheze non jingo) деген ұранды алға тартты. Соған
145
орай ол Декарттың «құйындар теориясын» қатаң сынға алады. Табиғи-
философиялық болжамдар мен ойдан шығарылған өтіріктердің орны-
на, ғылымда индукция әдісі арқылы жасалатын тәжірибелер негізінде
анықталатын нақты ұстанымдарға сүйену қажет. Сол уақытта олар
математика тілі негізінде сипатталуға тиіс. Ары қарай дедукция әдісі
арқылы оларды қайшы келмейтін ғылыми теорияда кеңейтуге бола-
ды. Міне, сондықтан да ол өзінің ғылыми бағдарламасын «тәжірибелік
философия» деп атады. Бұл соңғының төмендегідей философиялық
негіздемелері бар: материя дегеніміз – ештеңе де жоқ бос кеңістіктен
бөлек нәрсе. Материалдық денелер осы мүлдем бос және өзгермейтін
кеңістікте қозғалады. Материалдық нысандар қозғалысының себебі –
денеге түсетін күш.
Табиғаттың қарапайымдылығы мен біртектілігі жайындағы,
материяның маңызды физикалық қасиеттерінің болуы туралы те-
зистер, сондай-ақ классикалық механиканың негіздемесіне енген
шексіз уақыт пен кеңістікке қатысты көзқарастар кейінгі ғылым үшін
маңызды бағдар болып шықты.
Математикалық талдау: дифференциалдық және интегралдық
есептеу аппаратын құру да – Ньютонның (Лейбницпен қатар) еңбегі.
Осының барлығы да кейіннен құрылымдық заңдарға жол ашты, ал ол,
өз кезегінде, жаратылыстануды мүлдем жаңа көкжиектерге алып келді.
Ньютон механикасы ғылыми білімнің үлгісіне айналды. Ал
Ньютонның өзі: «Механика бастауларынан табиғаттың басқа да
құбылыстарын шығаруға болушы еді», – деп санайтын. Алайда
бұл мүмкін емес. Сол себепті Ньютон әлемді метафизикалық тану
шеңберінен аса алмады. Бұрындары жорамалданғандай, Ньютон бо-
йынша, материя инертті түпнегіз болып шықты және бұл дүниеде
барлығы да «өз шеңберіне қайтып оралады», бұл жерде даму жоқ. Нью-
тон да, Демокрит сияқты, кеңістікті әлдебір сыйымдық деп, ал уақытты
дүниеде бірқалыпты өтір жататын таза ұзақтық деп қарайды, олардың
материяға қатысы жоқ. Оның ғарыштық денелер бір-біріне шапшаң
әсер етеді дейтін алыс әрекет ұстанымымен бәрі бірдей келіскен жоқ,
әрине.
Жоғарыда көрсетілген дәлелдерге сүйеніп, ол аспан денелерінің
қозғалысын инерция мен тартылыс заңдарымен түсіндіреді: инер-
ция мен тартылыс болған соң, денелер өздері тартылатын орталық
денені эллиптикалық орбиталар бойынша айналады. Бүкіләлемдік
тартылыс заңы өзара әрекеттесетін денелер жиынына тура пропор-
ционал және олардың арасындағы арақашықтыққа кері пропорционал
Достарыңызбен бөлісу: |