ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет51/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   142

152

Өз  заманында  марксизм  Ағартудың  кейінгі  буржуазиялық 

революциялардың рухани негіздерін қалыптастырудағы рөлін көрсете 

отырып, оны өте жоғары бағалаған.

XX  ғасырдағы  неміс  философтары  М.Хоркхаймер  мен  Т.Адорно 

«Ағарту  диалектикасы»  деп  аталатын  кітаптарында  ағартушыларды 

ақылдың  әрекет  шеңберін  кеңейту,  адамдарды  қорқыныш  пен 

надандықтан  азат  ету  және  оларды  өз  тағдырларының  шынайы 

қожайындарына  айналдыру  қажеттігіне  үндеуді  атап  көрсетті.  Олар 

ғылымның қоғамды түбегейлі өзгерте алатын күшіне сенді.

Ағартудың  тағы  бір  ерекшелігі  мынада:  бұл  жерде  орасан  үлкен 

сызбанұсқалар  немесе  тұжырымдар  жасаудан  гөрі,  басты  назар 

зерттеліп әзірленетін ілімдердің іс жүзіндегі идеологиялық жағына ау-

дарылды. Олай болса, олардың идеологиясының ерекшеліктерін қарап 

көрейік:

1.  Ақыл-парасат  үстемдік  құратын  білімдар  адамзаттың  жарқын 

болашағына деген сенім.

2.  Ғылыми негізделген сыннан өткізу арқылы адамдарды ескірген 

әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің бұғауынан азат ету.

3.  Ғылым  мен  техниканың  өркендеуіне  кең  жол  ашу  қажеттігі, 

Ағарту  бағдарламасын  жасауға  ұмтылу,  ғылым  мен  техниканың 

болашақта бақытты қоғам құрудағы рөлін насихаттау.

4.  Адамның табиғи, бөлінбес және азаматтық құқықтарын қорғау.

5.  Философияны  дәлелденбейтін  абстрактілік-метафизикалық 

жүйелерден азат ету.

6.  Дінді сынап-мінеу және материалистік философияны насихаттау 

арқылы адамдарды соқыр діни наным-сенімдерден азат ету.

Сөйтіп,  Ағартудың  басты  ерекшелігі  –  феодализмге  қарсы 

бағыттылық, әлеуметтік өзгерістер бағдарламасын жасау және адамның 

жаңа мақсат-мұратын қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатпен 

ағартушылар  Ф.Бэкон  сызып  берген,  әлеуметтік  прогресті  ғылыми 

прогреспен байланыстыратын «ғылымдардың данышпандықпен қайта 

қалпына келуін» жүзеге асыруды жөн көрді.

5.2. XVIII ғасырдағы ағылшын ағартушылары және олардың 

негізгі философиялық идеялары

Ерте  философиялық  Ағартудың  жарқын  өкілдерінің  бірі  –  Джон 



толанд  (1670-1722).  Өзінің  «Левиттер  тайпасы»  деген  тырнақалды 

кітабында-ақ  (1691)  Толанд  дін  қызметшілерін  адам  денесін  ірітіп-




153

шірітетін қатерлі ісік ретінде сипаттаған. Бірақ оның антиклерикалдық 

бағыттағы  «Құпиясы  жоқ  христиандық»  (1696)  атты  жұмысы  ерек-

ше  толқу  тудырды.  Аталған  кітапты  өртеу  туралы  үкім  шығарылып, 

түрмеге түсуден қорыққан Толанд қашуға мәжбүр болды. Алайда оның 

есімі кең таныла бастады.

Толандтың  «Серенге  хаттар»  (1704)  атты  басты  философиялық 

шығармасының  негізін  философиялық  әңгімелері,  ал  содан  кейін 

Пруссия  королевасы  София-Шарлоттамен  жазысқан  хаттары  құраған. 

Аталған шығармасында Толанд қозғалыс пен материяның біртұтастығы 

туралы ілімді ары қарай дамыта түседі. Ол: «...қозғалыс та, тартылыс 

сияқты,  материяға  тән,  ал  материя  қозғалыссыз,  өлі  және  әрекетсіз 

кесек  балшық  емес  және  сондай  бола  алмайды,  басқаша  айтқанда, 

мүлдем тыныштық күйінде қала алмайды. Егер қозғалыс материяның 

маңызды  қасиеті  болса,  онда  ол  оның  анықтамасы  үшін  де  маңызды 

болуға тиіс қой». Тіпті осы бір қысқа үзіндіден-ақ Толандтың Спиноза 

мен Ньютонмен пікірталасқа түскенін аңғару қиын емес.

Әлем  туралы  ілімінде  ол  материяның  Құдай  жаратқаннан  кейінгі 

өз заңдылықтары негізінде дамитын дербес болмысын мойындай оты-

рып, деистік көзқарастарды ұстанды.

Егер  бұның  алдындағы  философияда  материя,  негізінен,  тіпті 

қозғалуға қабілеті жоқ жансыз кесек сияқты қаралып келсе (Дж.Локк), 

енді  Д.Толанд  мүлдем  жаңа  қағида  енгізеді:  материалдық  әлемді 

жаратқан  соң,  Құдай  табиғат  заттарына  ішкі  күш  (ағылшынша  – 

moving  force)  берді,  сол  арқылы  оның  қозғалысы  мен  дамуы  сыртқы 

әсерден  емес,  ішкі  күштер  әсерімен  іске  асады.  Д.Толандтың  бұл 

ережесі кейіннен материализмнің дамуында үлкен рөл атқарды.

Адамның ойлау қабілетін алып қарасақ, ол – адам миы қызметінің 

нәтижесі. Идеяларды адам тәнінен бөліп қарауға болмайды. Адамның 

ойлау  қабілетінің  табиғи  сипатын  негіздеу  үшін,  Толанд  барлық 



табиғатты  тірі,  яғни  жаны  бар  (гилозоизм)  деп  қарайды,  өйткені, 

ойшылдың пікірінше, бұл Әлемді жаратқан Құдай оның жаны да, рухы 

да болады.

Д.Толанд  философия  тарихында  христиан  дінінің  мистикалық 

жақтарын  мүлде  қабылдамайтын  сыншы  ретінде  танылды.  Оның 

пікірінше,  Әлем  туралы  кез  келген  ілім  ақыл-парасат  тұрғысынан 

түсінікті,  ал  адамдардың  іс-әрекеттері  және  қоғам  нақты  мүмкін 

болуға тиіс. Ақыл тезінен өтпегеннің барлығы да теріске шығарылуға 

тиіс, өйткені ары қарай ол мүмкін бола алмайды.



154

Оның  ойынша,  бастапқы  христиандық  дін  жақсы  дін  болған.  

Алайда белгілі бір уақыт өте келе, шіркеу қызметшілері әртүрлі әдет-

ғұрыптар мен салт-жораларды ойлап тауып, оның мәнін бұрмалай бас-

тады.

Діни мәселелерде деист бола отырып, Толанд табиғи пантеизм идея-



ларын насихаттады. Аса жарқын шығармаларының бірі – «пантеисти-

кон»  кітабында ол: «Барлығы  –  бірбүтіннен,  ал  бірбүтін  барлығынан 

пайда  болды.  Солай  болған  соң,  Ғалам  ұзындығы  бойынша  шексіз, 

тұтастай  алғанда,  қозғалыссыз  және  мәңгі  өмір  сүру  және  болашақта 

мәңгі болу мағынасында – бір мезгілде бұлжымас және қажетті», – деп 

жазды. 

Оның  бұл  идеялардың  еуропалық  философияның  дамуына  үлкен 



ықпалы болды.

«Адам  еркіндігінің»  қызықты  тұжырымдамасын  антони  кол-



линз  (1676-1729)  ұсынды.  «адам  еркіндігі  туралы  философиялық 

зерттеулер» деген басты еңбегінде Құдайдың бастапқы рухани себебі 

мен  рөлін  тани  отырып,  ол  әлемнің  жаратылуына  өзінің  көзқарасын 

деизм тұрғысынан баяндап қана қойған жоқ, сонымен қатар Адамның 

тіршілік  қарекетіндегі  қажеттіліктің  рөлін  асыра  көрсетіп,  оның 

еркіндігіне  қарсы  шықты.  Оның  басында  пайда  болатын  идеялардың 

барлығы – сыртқы материалдық денелер мен күштердің ықпал етуінің 

нәтижесі.  Біз  олардан  азат  емеспіз.  Шындыққа  жету  де  біз  зерттеп 

жатқан  сыртқы  дүние  нысандарының  табиғатына  байланысты.  Іс-

әрекетке  келсек,  онда  пайда  болған  кез  келген  сыртқы  тосқауыл  бір 

сәтте  оны  тоқтата  алады.  Тіпті  біздің  ұмтылыстарымыз  бен  қалау-

ниеттеріміз  де  табиғат  қажеттілігіне  тәуелді:  біз  оларды  сырттан  та-

бамыз.


Адам  еркіндігіне  бөгет  болатын  сыртқы  факторларға  қарамастан, 

бәрібір  де  «басқа  түр»  бар.  Адам  өзіне  ұнайтынды  таңдай  алады 

және  соған  қол  жеткізу  үшін  әрекет  етеді.  Адам  Әлем,  ондағы  өзінің 

орны  туралы  әбден  еркін  ойлай  алады.  Бірақ,  ақыр  соңында,  біздің 

барлық ойларымыз бен іс-әрекеттеріміз заттардың нақты табиғатымен 

шектеледі.

Әйтсе де ең бір тамаша нәрсе – ол адамның азат, еркін ойы, өйткені 

соның  нәтижесінде  заттардың  шындығы  ашылады.  Еркін  ой,  бірінші 

кезекте, діни қағидаларды сынау үшін қажет, өйткені әлі күнге дейін 

қатып  қалған  діни  қағидаттар  төңірегіндегі  айтыс-тартыстар  тоқтар 

емес.  Мысалы,  Құдай  –  дене  ме,  дене  емес  пе?  Ол  адамға  ұқсай  ма, 

ұқсамай  ма?  Ол,  мүмкін,  ашулана  немесе  қуана  алатын  шығар?  Ол 

қатыгез бе, әлде мейірімді ме?



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау