137
мән бермей жасағанының нәтижесі. Ақыл-парасат түйсігі арқылы
келетін білім жолында барлық себептердің жалғыз түпнегізбен
әлемдік байланысын ұғынуға қабілетті, ақылы толысқан азшылық
қана өзінің барлық әрекеттерінің қажеттігін түсінеді, ал бұл ондай
данагөйлерге олардың аффект-құштарлықтарын аффект-әрекеттерге
айналдыруға, сол арқылы шынайы бостандыққа жетуге мүмкіндік
береді» (В.В.Соколов. Спиноза. / Жаңа философиялық энциклопедия,
3-том. – М.: Мысль, 2001. – 622-бет). Спиноза бостандықты дәл осы-
лай түсінді. Оның: «бостандық – санамен түйсінген қажеттілік», –
деген танымал формуласы осыдан шыққан. Адам үшін жоғарғы
игілік – Құдайды тану арқылы Оған деген парасатты сүйіспен-
шілікке жету. Ал егер Құдайдың Табиғат екенін еске түсірсек, онда
адамның қоршаған дүниені танып білудегі қиын да азапты жолы
оның бойында бақыт сезімін оятады, ал бұл – ең жоғарғы ләззат.
Өзінің әлеуметтік философиясында Б.Спиноза әркімнің өз-өзін
сақтауға ұмтылуы қоғамның пайда болуына себепші болады деп са-
найды. Ал мемлекет, Т.Гоббс ойлағандай, «келісім-шарт күшінен» емес,
адамдардың алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру қажеттігі
нәтижесінде еңбекті бөлу арқылы пайда болады.
Қоғамның рухани өмірі туралы айтқанда, Б.Спиноза діннің
маңызын тым төмен бағалайды. Библия қарама-қайшылықтарға толы,
бұны аталған құжаттың Құдайдан түскендігі емес, адам тудырғаны-ақ
растайды. Діни сенімнің пайда болуының себебі қарапайым да білімсіз
адамдардың Табиғаттың дүлей күштері алдындағы қорқынышы бо-
лып табылады. Мысалы, келешектегі өлімнен қорқуды айтуға болады.
Адам алдын ала қандай әрекеттерге барса да, одан қашып құтыла ал-
майды. Сондықтан өлімнен қорқу – босқа құртқан уақытпен тең. Бұл –
адам құлдығының бір түрі. Оның орнына адам барлық күш-қайраты
мен қабілетін өмірлік мәселелерді шешуге бағыттауға тиіс. Адамның
қуаныш пен мазасыздыққа, күйзеліс пен мұңға толы өмірі – бұл
шексіз Әлемнің кішкентай ғана бір бөлшегі. Осындай көзқарас адамға
жұбаныш пен тыныштық әкеледі.
4.5. В.г.лейбниц монадологиясы
готфрид Вильгельм лейбниц (1646-1716) – аса көрнекті неміс фи-
лософы, өз заманының энциклопедиялық біліміне жетік адам. Ол ма-
тематикада, физикада, тарихта, құқықтануда, дипломатияда жарқын
із қалдырды. Бірақ өзінің адами қасиеттері жағынан Спинозаға
138
мүлдем қарама-қайшы адам болды. Рас, ол еңбекқор, ұқыпты, алдап-
арбаушылықтан бойын аулақ ұстайтын, ақша істерінде адал адам
еді. Дегенмен екіжақты өмір сүрді. Оның екі философиясының бо-
луы да соған байланысты: бірі – «ресми», билік иеленгендердің
конъюнктуралық мүдделеріне есептелген, ал екіншісі – өзі үшін деп
жазылған іспетті (ол Лейбниц қайтыс болғаннан кейін белгілі бо-
лып, оның даңқын асырды). «Дүние – әлемдегілердің ең жақсысы», –
деп жариялаған нақ осы «ресми» Лейбниц болды (оған Ф.Г.Бергли
мысқылдап: «...Ондағының барлығы – қажетті жамандық», – дегенді
қосқан-ды. Ал екіншісі оған дейін қол жеткен жетістіктердің барлығын
сын көзбен қайта қарап, алдыңғылардың бастағандарын аяқтап
шықты, сөйтіп, еуропалық рационализм философиясының даңқын
шығарды.
Көп мәселелерде Спинозаға қарыздар болған Лейбниц бұны мұқият
жасырып келді, өйткені Спинозаның күпірлікпен аты шықты және
«сақтанып жүру мақсатында оған әлдеқалай бір мақтау сөз айтып
қалудан тартынатын; ал Лейбництің артық кеткені соншалық, күпір ев-
реймен жеке таныстығының қаншалықты дәрежеде екені туралы өтірік
айтатын» (Рассел Б. История западной философии. – 529-бет). Бірақ
бұл – адамгершілік қасиеттері. Алайда ғалым ретінде ол өзінің жан-
жақтылығын көрсетті және ол әділетті түрде ұлы данышпандардың
бірі саналады:
• Математикаға ол шексіз кіші бөлшектер түсінігін енгізді (Нью-
тонмен болған әйгілі пікірталас).
• Тарихта ол Брауншвейский князьдігін зерттеуші ретінде танымал.
• Саясатта Мысыр экспедициясы жобасының авторы ретінде белгілі,
кейін көп жылдар өткен соң, оны Наполеон Бонапарт пайдаланған.
• Оның докторлық диссертациясы заң мәселелеріне арналған.
• Инженерлік-құрылыс жобалары да кеңінен танымал.
Лейбництің негізгі философиялық еңбектері: «адамның ақыл-
парасаты туралы жаңа тәжірибелер», «монадология», «теодицея»,
«метафизика туралы ой-толғаулар».
Онтологиялық ой-пікірлерінде ол жаңа көзқарастарды, жаңа
әдістерді іздейді, өйткені оның алдындағы философтардың идеялары
оны қанағаттандырмады. Р.Декарттың екі түпнегізі әлемді қақ бөлді,
ал оларды біріктіру үшін, ол Құдай идеясына келуге мәжбүр болды;
ал Б.Спиноза бір түпнегізді ғана мойындаса да, оның: ұзындық және
ойлау деген екі қисыны бұрынғыша бір-біріне байланыссыз, тәуелсіз
қалып отыр. Олардың екеуі де дүниенің шексіз түрленуінің себебін
аша алмады.
139
Г.Лейбництің ойы бойынша, бір түпнегізден қайталанбайтын
заттардың шексіз көп саны пайда бола алмайды. Демек, сапалы,
көпқырлы түпнегіз табу керек. болмыстың терең негіздемелерінің
өздері көпсапалы болып шығуға тиіс. Сол себепті әлемнің
негіздемесінде әртүрлі сапалардағы түпнегіздердің шексіз көп саны
болуға тиіс. Өйткені әлем – ол бейберекеттік емес, бұл түпнегіздер де
белгілі бір тәртіпке келтірілуге тиіс. Осындай ой желісі Г.Лейбницті
өте ұсақ, өзіндік жеткілікті, ішкі күштерге толы монадаларды –
жалғыздарды (грекше monos – жалғыз) мойындауға келтірді.
Монадалардың өте ұсақ дене бөлшектері емес екенін айтқан жөн,
әйтпесе олар Демокриттің атомдарына ұқсап кетер еді. Олар кеңістікте
ешқандай орын алмайды. Монадалар әрекет етеді, яғни олар көреді не-
месе қабылдайды, екіншіден, мақсаты бар.
Олар – рухы мен жаны бар, тәнсіз құрылымдар, сапалы нүктелер,
әрқайсысы өзінше даму сатысында тұр. Олардың ортақтығы – олардың
мәңгілігі және бөлінбестігі. Шамасы, монадалар идеясы ойшылдың ба-
сына ол Левенгук микроскопы арқылы микроорганизмдерді көргенде
сезінген әсерінен кейін келген-ау.
Монадалардың тіршілік күші мол, олар өне бойы өзгерісте болады,
жетіледі және осы жолда олар материалдық физикалық үдерістерді
туғызып жатады.
Әрбір жеке монада – өзінше құпия Ғалам. Оларда терезе жоқ, сол
себепті олардың әлеміне ештеңе кіре де, шыға да алмайды, демек, олар
бір-біріне ықпал ете алмайды. Олардың әрқайсысы өздігінен жетілген
және өз-өзін шектейді.
Ал енді осы жерде өзгеше қиын сұрақ туады: егер монадалар бір-
бірлеріне ықпал етпесе, онда неге Әлем бейберекеттікке (хаос) ай-
налып кетпейді? Себебі, монадалар алдын ала белгіленіп қойған
үйлесім негізінде өмір сүреді. Сондықтан, ойшылдың мәлімдеуінше,
біз ықтимал әлемдердің ішіндегі ең жақсысында өмір сүріп жатырмыз.
Осындай ой желісі оны Құдай шындығы – теодицейге (грекше teos –
Құдай, dike – шындық) келтіреді.
Монадалардың ішкі дамуын көрнекі түрде көрсету үшін, Г.Лейбниц
оларды адамның жанымен салыстырады. Сезіну, қабылдау, аңғару,
ойлау, сана-сезім – осылардың барлығы адамның рухани жетілуінің
кезеңдері. Монадалар да өздерінің даму кезеңдерінде осындай саты-
лардан өтеді.
Ең төменгі монадалар тастарды, тауларды, шөп және басқаларын
құрайды, олардың рухани жетілуі тым төмен, олар тіпті «түс көрмей
ұйықтайтын» сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |