113
Мәдениет құбылысы ретінде герменизм ілімнің ажырамас бірлігі
және осы ілімге сай өмір салты болып табылады. Ілім ретінде, ерек-
ше доктрина ретінде ол білімдердің әлдебір эзотерийлік, яғни даңқты
гермес трисмегиске (яғни Үш мәрте Ұлы дейтінге) телінетін жүйені
білдіреді.
Алхимиялық дәстүр – осы ілімнің негізі. Мамандар герменизмді
«оқымысты» және «танымал» деп бөледі. Батысеуропалық Ортағасыр
және Қайта өрлеу дәуірінде, негізінен, «танымал» герменизм, яғни ал-
химия, астрология, магия кең қолданыла бастады.
Бұл ілім Н.Коперникті де айналып өтпеді (герменизмнің көрнекті
өкілдері М.Нострадамус пен Т.Кампанелла болған).
Алайда ол, біздің заманымызда белгілі болып отырғандай, Джор-
дано Бруноға ерекше ықпал еткен. 1964 жылы американдық зерттеуші
Ф.А.Ейтенің «Джордано Бруно және гермендік дәстүр» деген кітабы
жарыққа шықты. Онда автор Қайта өрлеу алыбының негізгі туынды-
ларында Гермес Трисмегистің рухы басым екенін дәлелдейді. Бруно
еңбектерінен ол герменизмнің басты кітабы «Асклепияға» («Тығыз
жабылған корпустың» екінші бөлімі) идея жағынан да, мәтіні жағынан
да сәйкестік тапқан. Оның үстіне, әдетте, Бруноның озық көзқарастары
мен атеистік дүниетанымын дәлелдеу үшін айтылатын ойлары гер-
менизмнен алынған ойлар болып шықты. Н.Коперниктің әлемнің
гелиоцентрлік сызбанұсқасының өзін Дж.Бруно, Ф.А.Ейтенің пікірі
бойынша, герменизм идеяларының дұрыстығының ұлы дәлелі деп
қабылдаған.
Бірақ, біздің ойымызша, бұл Дж.Бруноның ұлылығын және болашақ
ұрпақтар үшін оның мұраларының маңызын ешбір кемсітпесе керек.
3.4. н.макиавеллидің философиялық және
әлеуметтік-саяси идеялары
Экономиканың, сауда-саттықтың өркендеуіне, адамның бас бос-
тандығы маңызының өсуіне, көптеген халықтардың ұлттық сана-
сезімінің қалыптасуына тікелей байланысты әлеуметтік-саяси
өзгерістер көпшілік ойшылдардың қоғам, мемлекет, билік, мәдениет,
дін мәселелеріне қызығушылығының артуына себеп болады. Есімі әлі
күнге дейін баспа беттерінен түспейтін сондай ойшылдардың бірі ни-
колло макиавелли (1469-1527) болып табылады. Туа біткен дарынына
бола, ол ертедегі тарихшылар мен философтардың көптеген еңбектерін
өз бетінше оқып біліп, өз заманының білімді адамына айналды. Оның
114
үстіне, сол кездегі Флоренцияның саяси өміріне тікелей араласа және
көп жылдар бойы мемлекеттік қызмет атқара отырып, ол әлеуметтік-
саяси мәселелермен жете таныс болды. Оның ұстанымы – «алдымен
өмір сүр, содан кейін философиямен айналыс» (лат. – privus vivere
deinde philosophari).
Макиавелли мұрасында жетекші орындардың бірі адам мәселесі
болып табылады, оны ойшыл діни көзқарастан тыс қарастырады.
Адам – табиғат туындысы, демек, барлық тірі тіршілік иелері сияқты,
ол да жан сақтауға ұмтылады. Ол – табиғатынан өзімшіл. Осындай
идеяларға: капитализмнің дамуы, бастапқы капиталдың жинақталуы,
жұртшылықтың белсенді бөлігінің жеке меншікке ұмтылуы се-
беп болған, шамасы. Саудагерлер мен кәсіпшілердің, яғни сол заман
жұртшылығының белсенді бөлігін мұқият зерттей келе, Макиавел-
ли адам қызметінің қозғаушы күші – ол оның мүддесі екеніне көз
жеткізеді. Әлбетте, адамның мүдделері сан алуан, бірақ олардың
ішіндегі ең бастысы – өзінің жеке меншігін сақтауға және көбейтуге
деген ұмтылыс. «Адам өзінің меншігінен айырылғаннан гөрі, әкесін
біреудің өлтіргенін оңай кешіреді», – деп сендіреді ол. Меншік иеле-
ну сезімінен кейінгі екінші орында адамның «атақ-абырой», «сый-
құрмет» сияқты қасиеттері тұрады.
Адамды осылай түсінуді жан-жақты ете отырып, ол антика дәуірінің
тарихына осы көзқарастар тұрғысынан талдау жасайды. Нәтижесінде,
Н.Макиавелли адамның мәні туралы тым көңілсіз қорытындыларға
келеді. Оның ойынша, адам туралы, жалпы, мынаны айтуға болады:
олар қатыгез және тұрақсыз, алдауға және екіжүзділікке бейім, кез
келген қауіп-қатерден безіп кетеді, оңай олжаға ұмтылады.
Адам табиғатының түзелмейтін өзімшілдігі асқан қажеттілікпен
мемлекеттің және оның әртүрлі институттарының пайда болуына
келтіреді. Мемлекеттік билік пен күш қана адамдарға бірлесе өмір сүру
нормаларын бере және басқа да игіліктерді көрсете отырып, олардың
өзімшіл пиғылдарына тосқауыл қоя алады. Сөйтіп, Макиавелли бо-
йынша, мемлекет адамдардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде пайда бо-
лады, ал бұған Құдайдың еш қатысы жоқ.
Н.Макиавеллидің пікірінше, христиан діні бастапқы мақсат-
мұраттарынан айтарлықтай ауытқыған. Шіркеу қызметшілері Папаның
өзімен бірігіп алып, сыбайласқан жемқорлық, халықты алдау жолы-
на түскен. Христиан дінінің екінші бір осалдығын ойшыл ол діннің
белсенді, күш-қайраты мол адамдарды емес, керісінше, басылып-
жаншылған, өмірге құштарлығын жоғалтқан әлсіз адамдарды ізгілікті
115
және қасиетті деп санайтындығынан көреді. Азап шеккен, барлығына
да бас шұлғып келісе беретін құлықты адам ғана болашақтағы, жерден
тыс жұмаққа лайық. Бұл, Н.Макиавеллидің пікірінше, тоқырауға және
кері кетуге әкеліп соқтырады. Кейіннен, енді XX ғасырда, Ф.Ницше
христиандықтың моральдық нормаларын Н.Макиавелли рухында
сынап-мінеуді жалғастырды.
Н.Макиавелли көпқұдайлық орын алған, адамдардың белсенділігі,
батырлығы мен өмірге құштарлығы нағыз адамдық құндылықтар бо-
лып саналған Италияның ерте тарихындағы сол бір кезеңге ерекше
ілтипатпен қарайды.
Соған қарамастан, оның ойынша, дін қажет: бақытсыз, азып-тозған
адамдар одан рухани қолдау көріп, тағдыр салған қиындықтарды
көтере алады. Ойшылдың пікірінше, дін болмаса, мемлекет қоғамда
тәртіп орната алмайды.
Қайта өрлеу дәуірінің көпшілік ойшылдары сияқты, Н.Макиавелли
де өмірге белсенді көзқарасты жақтайды. Бұл жерде өз көзқарастарын
негіздеу үшін, ол фатума (жазмыш, тағдыр) түсінігіне қарсы фортуна
(сәттілік, кездейсоқ бақ қону) ұғымын енгізеді. Фатализм, яғни тағдырға
сену, жазмышқа мойынсұну: адамның өмірін, мінез-құлқын, қызметін
алдын ала белгіленіп қойған, онда ешқандай таңдау, кездейсоқтық
жоқ, адам өз тағдырына қарсы шыға алмайды деп санайды. Фортуна
қоғамдық қажеттілік болып есептелсе де, бірақ адамның тағдырын
өзгертуге бағытталған еркін қызметін толық теріске шығара алмай-
ды. Шамасы, Н.Макиавелли «50 де 50» формуласын қабылдауға бейім
болған. Егер фатум бізді өзіне жартылай бағындырса, онда екінші жар-
тымыз біздің белсенділігімізге, ерік-жігерімізге, табандылығымызға,
күшіміз бен мақсатқа ұмтылуымызға байланысты болады. Сондықтан
«сақтықтан гөрі, батылдық қажет», өйткені фортуна – ол әйел,
онымен ортақ тіл табысу үшін, ара-тұра оны сабап алу керек, себебі
ол жастардың құрбысы болғандықтан, олар оны көп ойланбастан өз
жақтарына тартып, өздеріне бағындырып алады. Фортуна жайында ол
осылай жеткілікті дәрежеде бейнелеп айтып отыр.
Адамның алдына қойған мақсаттарын іске асыруға бағытталған ба-
тыл да тиімді іс-әрекеттерін Н.Макиавелли вирту (лат. – virtu – ай-
бын, ерлік) деген сөзбен атайды. Бірақ әрбір адам ерлікке – айбынды
әрекетке қабілетті емес қой. Жай адамдар, әдетте, «ортадағы жолды»
ұстанады. Ал бұл айтарлықтай бір нәтижеге жеткізе қоймайды. Та-
рихи тұлғалар ғана вирту әрекетке қабілетті: олар алдарына әлдебір
ұлы мақсаттарды қойып, соған өздерінің бар білімдерін, күштерін,
Достарыңызбен бөлісу: |