122
эмпиризм ғылымдарды тәжірибелер арқылы дамытуды құптаса, ал
рационализм, керісінше, барлығын да ақыл-ой сүзгісінен өткізуді та-
лап етеді. Алайда екі бағыттың екеуі де оптимизмге, яғни Табиғаттың
ең бір құпия сырларын танып білу мүмкіндігіне деген сенімге толы.
Ортағасырлық схоластика қатты сынға ұшырайды: «Ешқандай бедел-
абыройға қарау деген болмауы керек!», «Бұрынғы дәуірлердің ұлы
адамдарының көзқарастары ғылымға ықпал етуге және шекараларын
шектеуге тиіс емес!». Толықтай еркін ойлау жағдайында ғана ғалымдар
өз идеяларын дамытып, таңдаған ғылымдарының тақырып аясын зерт-
тей алады. Тағы бір нәрсені ерекше атап өткен жөн. Егер Ортағасыр за-
манында адам ақылының күш-қайраты Құдайдың бар екенін негіздеуге
және оның жаратуының ұлылығын, құдіретін дәлелдеуге бағытталса,
енді Қайта өрлеу заманында және әсіресе Жаңа дәуірде ғылым мен
оның құралы – ақыл – әлемнің жасампаздығы мен түрленуінің негізгі
элементтері және құралдары ретінде қарастырылатын болды.
Сол уақытта ғылым табиғаттың терең құпияларын аша отырып, сол
арқылы Құдайдың Өзінің тудырғыш қуатын көрсетеді, демек, ғылым
Құдайға қарсы тұрмайды деген ой кең тараған-ды.
Жаңа дәуірдің философияның дамуына ықпал еткен кейбір аса
маңызды ерекшеліктері осындай.
4.2. жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм мен
рационализм және олардың ғылымның дамуына ықпалы
(Ф.бэкон және Р.Декарт)
Жаңаеуропалық философиядағы эмпиризмнің негізін салу-
шы деп Френсис бэкон (1561-1626) әділетті аталады. Ол Кембридж
университетінде білім алып, саяси өмірге белсене араласады және
мемлекеттік қызметте «Лорд-канцлер» атағын иеленеді. Король Яков
I адал қызметі үшін оған Верлуам деген жерден қорған сыйға тар-
тады. Бірақ «бақытыма сорым себепші болды» демекші, жас жігітке
қамқоршы болған король Яков I қайтыс болғаннан кейін, Ф.Бэконға
әртүрлі айыптар тағылып, – бұл енді үйреншікті нәрсе емес пе, –
нәтижесінде, оның мемлекеттік лауазымдарда қызмет етуіне тыйым
салынды. Англия өзінің сан ғасырларға даңқын асырған ұлы ғалымға
осылай қол жеткізді.
Ғалым, әрі тәжірибе жасаушы болған ол тауықтарды мұздатып
қатырғаннан кейін олардың тірілетін-тірілмейтінін білу мақсатында
123
жасаған тәжірибесі барысында суық тиіп ауырып, ақыры, сол аурудан
қайтыс болды.
«Жаңа органон» (1620) атты атақты еңбегінде ол ғылымның мақсаты
мен неге арналатынына деген жаңа көзқарасына философиялық
негіздеме береді және зерттеудің индуктивтік әдісінің негізгі
қағидаларын ойлап шығарады. Ф.Бэкон: «Шын мәнінде өте пайдалы
нәрсе ғылымда да аса шынайы болады», – деген.
Оның шығармашылығының өзгеше ерекшелігі адамдар білімді
өздерінің өмірлік мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін алады деп
ерекше атап көрсететіндігінде жатыр. Бірақ ол үшін Табиғатты зерттеу
қажет, ал оған апаратын негізгі жол – тәжірибемен келетін білімдер.
Тәжірибелік білімдердің өздері өнім беруші және жарық беруші не-
месе, қазіргі заман терминдерінің тілімен айтқанда, қолданбалы және
іргелі болып бөлінеді. Егер алғашқылар іс жүзінде пайда келтірсе, ал
екіншілері табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Ф.Бэконның
жарық беруші білімдерді дамыту қажеттігі туралы айтқаны тамаша,
өйткені онсыз өнім беретін тәжірибелер тез-ақ сарқылған болар еді.
Ф.Бэкон өз заманының ғылымдарын саралап жіктеуді жүзеге
асыруға әрекет етті. Бөлу белгісі ретінде ол адам жанының қабілеттерін
алады. Ол – зерде, қиял, ақыл. Зердеге – тарих, қиялға – поэзия, ақылға
философия сай келеді.
Өз кезегінде, тарих жаратылыстану тарихына (historia naturalis)
және азаматтық тарихқа (historia civilis) бөлінеді.
Поэзия нақты өмірді шынайы түрде емес, адамның жүрегі мен
сезімдерінің талаптары тұрғысынан көрсетеді.
Ал философияның зерттейтін тақырыбы – Ол Құдай, Табиғат және
Адам. Құдай мәселесін «екі шындық» тұрғысынан қарастыра келе, ол
философия аясында оның танылмайтыны туралы айтады. Сол себепті
бұл – теологияның қарайтын мәселесі.
Табиғат философиясын ол екі: теориялық және практикалық
құрамдас бөлікке ажыратады. Теориялық философия жарық беруші
тәжірибелерге негізделсе, ал практикалық философия өнім беруші
тәжірибелерге негізделген.
Адам мәселесі де екіге бөлінеді: адамды табиғат туындысы
ретінде философиялық антропология (philosophia humana) зерттесе,
ал қоғамдық тіршілік иесі ретінде азаматтық философия (philosophia
civilis) зерттейді.
Сызбанұсқа түрінде оны төмендегіше көрсетуге болады:
124
ЗЕРДЕ
ҚИЯЛ
АҚЫЛ
Тарих
Поэзия
Философия
–
Теология
Жаратылыстану тарихы
Азаматтық тарих
Теориялық философия
Практикалық философия
Философиялық антропология
Азаматтық философия
Ф.Бэконның пікірінше, ғылым практиканың алдында озып жүруге,
жаңадан ашылатын жаңалықтарға жол көрсетуге тиіс. Бірақ басты
қиындық адамның ақылының өзінде, оның қолданылуында жатыр.
Демек, таптаурын болған жолмен емес, «мүлдем басқа әдіспен, басқа
жолмен жүру керек». «Органон» логикадан артық ештеңе де емес.
Жаңа логика, яғни әдіс құру арқылы ғана ойлау шектерін тәжірибемен
сәйкестікке келтіруге және теорияны адамның табиғат күштерін игеру
үшін жұмсайтын құралына айналдыруға болады.
Бірақ ғылым ғимаратын қайта салу үшін алдымен теорияны прак-
тикадан кейін қалып қояға келтірген шарттарды ашып көрсету керек.
Ф.Бэкон бойынша, ғылымда ғасырлар бойы ғылымның ары қарай
дамуына кедергі жасаған ескі наным-сенімдер қалыптасып келді.
Оларды ғалым «пұттар» немесе «елестер» деп атады.
Алғашқы елес – тектік пұттар (лат. – idola tribus). Олар адамның
жалпы табиғатынан келіп шығады. Қазіргі заман тілімен айтқанда,
бұл – танымның антропоморфизмі, яғни адамға тән психологиялық
қасиеттерді табиғат құбылысына немесе жан-жануарларға, заттарға
телу болады. Олардың түп-тамырлары алғашқы қауымдық қоғамға,
адам табиғаттың дүлей күштерін «өзіне ұқсас» деп қабылдайтын
заманға кетеді. Іс жүзінде тектік пұттар әлі күнге дейін сақталған,
өйткені табиғат әлі де біз үшін ұлы құпия күйінде қалып отыр, оны
алдағы ұрпақтардың көпшілігі шешетін болады.
Екінші елес – ол үңгір пұттары (лат. – idola spesus). Әрбір адам бұл
өмірге белгілі бір орында, отбасында келеді. Біреу кедей шаруа отба-
сында дүние есігін ашса, ал екіншісі сәби кезінен-ақ байлыққа «шо-
мылып» өседі. Есейе келе, тиісті білім және тәрбие алып, адам дүниеге
«табиғат жарығы қисық түсетін» өз үңгірінің терезесінен қарағандай
болады. Сондықтан ғылым жолына түсу үшін, өзінің үңгір аясынан
аспайтын таяздығын жеңе отырып, адам жалпыадамзаттық жетістіктер
деңгейіне дейін көтерілуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |