104
өтуін танып біліп, бірте-бірте шексіздікке, демек, Құдайға жақындай
береді. Сол себепті әрдайым шектеулі заттарды зерттей отырып, біз
оларды шексіздікпен байланыстыруға тиіспіз. Заттарды танып біле
отырып, адам зердесінде олардың шынайы бейнесін ғана емес, со-
нымен қатар мүмкін болатын, өзгерген бейнесін де сақтайды. Демек,
адам шығармашылық үшін, тудыру үшін жаралған. Ол – адами Құдай
(лат. – Humanus Deus).
Адам жанының қабілет-мүмкіндіктерін зерттей келе, ол сезімді
(лат. – sensus), ақыл-ес (лат. – ratio) және парасатты (лат. – intellectus)
бөліп көрсетеді. Ақыл-ес адамның сезімдері мен парасаты арасындағы
делдал іспетті.
Сезімдермен тығыз байланысқан ақыл-ес ғылымды тудыра-
ды. Алайда адамның таным мүмкіндіктері бұлармен шектелмейді.
Тіпті жан-жануарлардың да сезімдері және, қарабайыр болса да,
ойлау қабілеті бар. Адамды жануарлардан ажырататын шешуші
айырмашылық адамның ақыл-есінің оның парасатымен тығыз байла-
нысты екендігінде, өйткені соңғы бірде-бір жануарда жоқ.
Парасаттың болуы нәтижесінде біз болмыстың шекті негіздеріне
қол жеткіземіз, терең метафизикалық сұрақтарға жауап бере ала-
мыз. Ақыл-естің бұл тән мен сезім әлеміне ешқандай қатысы жоқ. Ол
уақыттан және өтпелі дүниеден тыс, олардан мүлдем азат. Парасат тым
жалпы, тұрақты, мәңгі нәрселерді зерттейді, сол себепті ол пайымға
қарағанда, Құдай берген ақылға тым жақынырақ.
Әрбір адам – өз заманының ұрпағы. Сондықтан Н.Кузанский
Сенімді Ақыл-ойдан жоғары қояды. Бірақ бұл соқыр сенім емес,
өйткені «ақылды сенім тудырады, ал сенімді ақыл анықтайды».
Ақыл-ойдың көмегімен ғана біз шексіз Құдайға жақындай аламыз.
Құдай, бір жағынан, барлығын барлық жерде қамтиды, ал, екінші
жағынан, еш жерде ештеңе де қамтымайды. Егер біз шардың кез кел-
ген жерінде бір нүкте белгілесек, ол соның ортасы болады. Сонымен
бірге нүктенің кішкентайлығы соншалықты, тіпті оны жоқ деуге бола-
ды. Құдайдың математикалық белгісі (символы) деген – осы.
Сөйтіп, Кузанскийдің пікірінше, Ғарыштың түпқазығы мен
шеңбері – ол Құдай, сондықтан әлем шексіз емес. Алайда оны шекті
деп те ойлауға болмайды, өйткені оның шегі жоқ. Нәтижесінде, Орта
ғасырларда Жердің сондай деп саналғаны сияқты, әлемнің орнықты
орталығының (түпқазығының) жоқтығы туралы идея пайда болған.
Кузанский астрономияда әлемнің геоорталық суретін жойған Копер-
ник революциясын осылай дайындаған.
105
Шындыққа жету мәселелерін айтар болсақ, онда, Кузанскийдің
ойынша, ол өзінің қарама-қайшылығы – өтірікпен бірге берілген.
Олар, күн мен түн сияқты, – жарық пен көлеңке. Әлемдердің ішіндегі
ең жоғарғы, жарыққа толы дүниеде де көлеңке бар, ал толықтай
қараңғы, ең төменгі әлемде де жарықтың сәулелерін көруге болады.
Демек, адамның ең терең танымдары да қателіксіз емес. «Нағыз білгіш
те өзінің білмейтінін біледі», – деп тұжырымдайды ойшыл.
Айтылғандарды қорытындылай келе, Н.Кузанскийдің диалектика-
лық ақылы Жаңа дәуірдің ғылымы мен философиясының қалыптасуы
мен өркендеуіне орасан зор ықпал еткенін тағы бір рет ерекше атап
өткенді жөн көрдік.
3.3. Қайта өрлеу дәуірінің ғылыми жетістіктері
Қайта өрлеу дәуірінде ғылым, негізінен, ғалымдардың ақыл-ойын
әлі де схоластика торлап тұрған университеттерде дамыды. Бірақ со-
нымен бірге суретшілердің, сәулетшілердің, өнертапқыштардың ше-
берханалары ашылып, оларда бір пікірдегі замандастар бас қосып,
ғылым мен өнердегі жаңалықтарды талқылайтын. Нақ сол көркем
студиялардың қабырғаларында адам денесі құрылысын зерттеу
басталған-ды, ал сәулетшілердің үлкен ғимараттарды жобалауы терең
геометриялық және математикалық білімдерді қажет етеді емес пе.
Қайта өрлеу заманының ғалымдары алдыңғы кезекке тәжірибені,
зерттеудің тәжірибелік әдістерін шығарады. Ғылымды математикалық
жүйелеу ғылым дамуының, философиялық және ғылыми ойлаудың
негізгі прогрессивтік үрдістеріне сай келеді.
Қайта өрлеу дәуірі алыптарының ішінде, мүмкін, ең тұлғалысы
леонардо да Винчи (1452-1519) – ұлы суретші, ғалым, инженер-
өнертапқыш болса керек. Ол адамзаттың есінде өзінің «Джоконда-
сымен» немесе «Кештер сыры» арқылы ғана емес, сонымен қатар
ғылыми-анатомиялық, физиологиялық ізденістерімен, әртүрлі жоба-
ларымен де (қазіргі заманғы танктердің, ұшақтардың, парашюттің, су
қоймаларындағы тоспалардың жобаларымен) сақталып қалған.
Өзінің философиялық көзқарастарында табиғат пен адамды салыс-
тыра келе, ол адамның табиғат тудырған құбылыстардың барлығынан
да жоғары екені, оның мәдени туындыларының адамның қатысынсыз
табиғат «жасаған» туындылардан анағұрлым артық екені туралы
қорытындыға келеді.
106
Леонардо өз заманының схоластикасына қарсы шығады. Оның
ойынша, шындыққа тәжірибеге негізделген білім ғана жеткізеді. Ал
тәжірибе танымның ең терең тұңғиығына жетелейді. Бірақ табиғатты
тәжірибелермен сарқуға болмайды. Демек, теориялық білім керек.
Баллистикаға арналған үзінділерінің бірін аяқтай келе, ол: «Ғылым –
қолбасшы, ал практика – әскер», – деп жазды. Да Винчидің ғылыми
жұмыстарының қақ ортасында математика тұр. Ол: «Адамның
ешқандай зерттеуі математикалық дәлелдеулерсіз шынайы ғылым
деп атануға таласа алмайды», – деп жазады. Немесе: «Математи-
ка ғылымдарының бірі қолданыс таппаған, я болмаса математикаға
байланысы жоқ ғылымдар қолданылған жерде ешқандай нақтылық
жоқ», – дейді (Екі үзінді дәйексөз де А.Дживегеловтан алынған: Ле-
онардо и Возрождение. Леонардо да Винчидің екі томдық таңдамалы
шығармаларына кіріспе мақала. – 1-т. – М.: Academia, 1935. – XXXVIII).
Леонардо-ғалымның бойында болашаққа ұмтылу бірден байқа-
лады, ол Ф.Бэконның алдындағы көшбастаушы сияқты жаңа
ғылымның бастамашысы ретінде әрекет етті. Бірақ сонымен қатар
ол практика қаншалықты керемет болғанмен, ғылымға айналу үшін
қорытындылауды талап ететінін түсіне отырып, өзіне дейін жаңалық
ашқандардың ғылыми мұраларын зейін қойып зерттеді.
Леонардоның математикалық әдісі – ол табиғаттағы сандық тепе-
теңдіктерді іздеу, «басқалар өлшей де, санай да алмаған немесе
қаламағанды өлшеу және санау». Фотометрия мен анемометрдің пайда
болуы, жүріп өткен қашықтықтардың механикалық есептеуіштеріне
қызығушылық осыдан шыққан.
Леонардо сол заманның әскери техникасының, әскери көпірлердің
құрылысының дамуына, гидротехникаға, баллистикаға, тоқыма ста-
ноктарын жасауға үлкен еңбек сіңірді. Бірақ оның ерекше еңбегі адам
анатомиясы мен психологиясын зерттеуі болды.
Күнделікті өмірінде Леонардо Адам мен «адамды» бір-бірінен ажы-
ратады. «Осанна (мадақ) «көзіне» айтылатын, самғап ұшуға қабілетті
адам-жасампаз болып табылатын Адам – бір бөлек. Екіншісі – ол бәрін
құртуға және бүлдіруге бейім, әйтеуір неге екенін, «хайуандардың пат-
шасы» деп атау дұрыс кезде (өйткені ол солардың ішіндегі ең үлкені),
«аңдардың патшасы» деген атқа ие болған адам». Ондай адамдарға
Леонардо сыпайыгершілік таныта алмайды, оларды жек көреді.
Жазбаларының бірінде: «Оларды тамақ өткізгіштер (transito di cibo),
керектілерді көбейткіштер (aumentatory di sterco)... және берушілер де-
Достарыңызбен бөлісу: |