ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет34/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   142

101

біржақты  бейімделген,  ал  ол  кезде  адам  жан-жақты.  Егер  Құдай 

Табиғатты жаратса, онда адам мәдениетті туғызады.

Италиялық  философ,  филолог  және  тарихшы  лоренцо  Валла 

(1407-1457) адам өмірінің сезімдік қырына тоқталады. Оның этикалық-

философиялық  шығармаларының  бірі  дәл  солай  –  «Шынайы  игілік 

іспетті ләззат туралы» (екінші редакциясында «Шынайы және жалған 

игілік  туралы»)  деп  аталады.  Ең  жоғарғы  игіліктің  не  екенін  айқын 

және сенімдірек көрсету үшін, автор стоиктік, эпикурлік және христи-

ан  арасындағы  әңгімелесу  түрін  таңдайды.  Стоик  табиғаттың  адамға 

қас  екенін  дәлелдеуге  тырысады,  өйткені  оны  ізгіліктерге  емес,  жа-

ман  қылықтарға  бейім  етті.  Эпикурдың  жолын  қуушы  адамдарға 

табиғат берген және ләззаттардан тұратын игіліктерге жету мүмкіндігі 

туралы  айтады.  Христиан  онымен  келіспейді.  Эпикуршіл  сияқты, 

ол  да  ләззатты  жоғарғы  игілік  санайды,  бірақ  адамның  пендешілік 

қуаныштарға  жақындығын  айыптайды.  Ал  Валланың  өзі  оқырманды 

«ләззат, сөз жоқ, адамға пайдалы, тек ақылға қонымды шектерде ғана, 

әйтпесе азап шегу аса зиян» деген сенімге келтіреді.

Валла  адам  танымының,  ойлаумен  қатар,  әсерлі  сезімдерсіз  өмір 

сүре  алмайтынына  сенімді  болды.  Табиғаттың  өзі:  «өзіңнің  тәніңді 

және  өміріңді  сақта  және  соған  қауіп  төндіретіндердің  барлығынан 

аулақ  бол»  деген  өмір  заңдылығын  беріп  отыр  –  ал  бұл  адам 

сезімдерінің  қатысуынсыз  мүмкін  емес.  Сондықтан  адам  өмірден  ба-

рынша  мол  ләззат  алу  үшін  туады.  «Менің  бар-жоғы  бес  сезімімнің 

болғаны  қандай  өкінішті.  Олар  елу  болғанда,  қандай  рақатқа  батар 

едім!» – деп шаттанады Валла.

Гүлдей  жайнаған  жастық  шағында  өмірден  кеткен  пико  делла 

мирандолланың (1463-1494) ойынша, адам – Құдай мен Ол жаратқан 

Табиғат  арасындағы  делдал.  Өз  бойына  бәрін  жинай  отырып,  адам 

кім  болуға  да  қабілетті.  Жер  бетінде  адамнан  биік  ештеңе  жоқ  және 

адам үшін оның жаны мен рухынан биік тұратын ештеңе жоқ. Құдай 

адамдарды  жан-жақты  тіршілік  иелері  ете  отырып,  олардың  бойына 

өмірдің алуан түрдегі ұрықтарын енгізді. Адам рухындағы ең тамаша 

саналатыны  –  ол  еркіндік.  Адамдардың  өмірдің  әр  алуан  жолдарын 

таңдайтын  мүмкіндіктері  бар.  Әңгіме  таңдаған  мүмкіндікті  тиісті 

дәрежеде  пайдалану  туралы  болып  отыр.  Сөйтіп,  егер  ортағасырлық 

философтар адамның ерік-қалауын, таңдау мүмкіндігін күнәға әкеліп 

соқтыратын жол деп ұқса, ал Мирандолла оны Құдайдың адамға бер-



ген  баға  жетпес  сыйы  деп  түсінеді.  Міне,  Пико  антропологиясының 

түпқазығында  бәрінен  бұрын  өзінің  толыққанды  жаратушы  ретінде 




102

«Мен»  дейтін  адамның  мәртебесі  мен  еркіндігі  туралы  ілім  жатыр. 

Жалпылай айтқанда, Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері осындай.

Егер  біз  Қайта  өрлеу  дәуірінің  ерекшеліктеріне  талдау  жасаумен 

ғана шектелсек және бұл кезеңде философия мен ғылымға енген басты 

жаңалықтар, дәлірек айтқанда, үлестер туралы ештеңе айтпасақ, үлкен 

қателік жіберген болар едік.

Адам  құндылықтары  мен  мәртебесі,  еркіндіктің  мұраттары  бас-

ты,  басымдыққа  ие  болып  саналған  рухани  ахуал  табиғаттың 

жаңа  философиясын  тудырмай  қоймас  еді  және  тудырды  да.  Ал  со-

нымен  қатарлас  жаңа  жаратылыстану  да  дами  бастады.  Ол  бірқатар 

дәуір  жаңалықтарын  әкелді  және  жаңа  философияның  маңызды 

бастауларының біріне айналды.

Ғылымдағы жаңа үрдістер Леонардо да Винчи (1452-1519), Николай 

Коперник (1473-1543), Иоган Кеплер (1571-1630), Джордано Бруно (1548-

1600)  және  Галилео  Галилей  (1546-1642)  шығармашылығында  көрініс 

тапты.


3.2. н.кузанский және оның философиялық идеялары

Қазіргі  заманғы  ой-пікірлерге  алғашқы  жол  салушылардың  бірі, 

табиғат философиясы мен космологиясының жарқын өкілі болған ни-

колай  кузанский  (1407-1457)  –  Қайта  өрлеу  дәуірінің  ірі  философы. 

Негізгі еңбегі – «Оқымысты білімсіздік». Қалай ойлайсыз: оғаш, әрі 

қарама-қайшы атау емес пе?! Шындығында, «оқымысты» сөзі бірінші 

кезекте  «білімсіздік»  емес,  «білімділік»  деген  сөзбен  орайласады. 

Олай  болса,  Кузанскийдің  ой  желісімен  жүріп  көрейік.  Табиғаттың 

қандай  да  бір  құбылысын  танып  біле  отырып,  біз  оны  бұрыннан  та-

ныс  басқа  құбылыстармен  салыстырамыз.  Қашанда  кеңістікте  және 

уақытта шектеулі, бізді қоршаған заттарды танып білу осылай іске аса-

ды.  Бірақ  шексіздікті  зерттеу  барысында  біз  әп-сәтте  басқа  жағдайға 

тап боламыз, өйткені оны көз алдымызға елестете алмаймыз және оны 

бірдеңемен  салыстыру  мүмкін  де  емес.  Осы  жерде  адамның  қашанда 

шектеулі ойы және бізді оқымысты білімсіздікке келтіретін шексіздік 

арасында қарама-қайшылық туады.

Кузанскийдің  көрнекті  теолог  қана  емес,  сонымен  қатар  неміс 

кардиналы  болғанына,  демек,  ортағасырлық  конкордатқа  бағынуға 

міндетті  болғанына  байланысты,  оның  табиғат  философиясының  да, 

космологиялық көзқарасының да дін шектерінен шығуына болмағанын 

және  шықпағанын  ерекше  атап  айтқан  жөн.  Бірақ  соған  қарамастан, 

оның әлемді және адамды танып білуі болашаққа бағытталды.



103

Н.Кузанский  философиясының  басты  тақырыбы  қарама-қайшы-

лықтардың:  абсолютті  максимум  және  абсолютті  минимумның 

сәйкестігі  туралы  ілім  болып  табылады.  Абсолютті  максимум 

(«Біртұтас  –  ол  барлығы»)  –  дара.  Ол  –  жоғарғы  шек.  Оған  ештеңе 

қарсы тұрмайды. Солай болғанда, абсолютті минимум онымен сәйкес 

келеді.

Кузанскийдің  пікірінше,  Абсолютті  максимум  –  ол  Құдай.  Онда 



бәрі бар деген мағынада ол барлығын өзіне жинаған. Демек, Ол бәрінде 

Өзі бар болғандықтан, барлығының да дамуы Оның Өзі болып табы-

лады.  Құдайды  жаратудан  алыстатсаң,  болмыссыздық  немесе  ештеңе 

емес қалады.

Шексіз Құдайды табиғатқа осылай пантеистік («Барлығы – Құдай») 

жақындату  Кузанскийді  Ғаламның  пайда  болуын  және  Ғарыштың 

құрылысын жаңаша түсіндіруге алып келді.

Өз  заманының  ірі  діни  қайраткері  ретінде  кардинал  Кузанский 

көпшілік  қабылдаған  креационизмге  ашықтан-ашық  қарсы  шыға  ал-

мады. Бірақ оның ойларының желісі әлемді Құдай жаратқаны туралы 

қағидадан іс жүзінде шеттегеніне сендіреді. Құдай мен әлем қатынасын 

ол бүтін мен бөлшектің қатынасы сияқты көреді: Құдай – ол бітпейтін, 

шексіз максимум, ал Ғалам немесе бітпейтін әлем – ол шектеулі мак-

симум.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  Құдай,  әлбетте,  –  біз  енді  шексіздік 

туралы  айтып  отырғандықтан,  мүлдем  танылмайды.  Құдайды  бізді 

қоршаған әлемнің ешбір затымен қатар қою, салыстыру мүмкін емес. 

Егер Құдай – шынайы шексіздік болса, онда Ол жаратқан Табиғат тек 

шексіздік мүмкіндігіне ие. Егер солай болса, онда көкжиектен келесісі, 

оның артынан үшіншісі ашыла береді. Құдай танылмайтын болса да, 

біртіндеп оның құпияларына ене отырып, Ол жаратқан Табиғатты та-

нып білуге болады.

Өзінің осы ойын Кузанский математикалық жолмен көрсетуге әрекет 

етеді: егер біз көпбұрыштың шеңберге салынған санын көбейте берсек, 

онда  ол  оған  көбірек  ұқсайтын  болады,  ал  егер  шектеусіз  көбейтсек, 

онда  көпбұрыш  пен  шеңбер  бірбүтінге  айналады.  Егер  теңбүйірлі 

үшбұрыштың  бір  бұрышын  жоғары  тартсақ,  онда  бұрыштары  сөзсіз 

бір-біріне  жақындай  береді,  ал  егер  шектеусіз  созсақ,  онда  бір  сызық 

шығады, яғни олар бірігіп кетеді. 

Осыдан  барып  Кузанский  қарама-қайшылықтардың  сәйкестігі 

(coincidentia oppositorum) деген ұстанымға келеді. Әлем қарама-қайшы, 

бірақ  қарама-қайшылықтар  бір-біріне  өтеді.  Егер  солай  болса,  онда 

адамның  ақыл-ойы  қарама-қайшылықтарды  және  олардың  бір-біріне 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау