ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет36/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   142

107

геннен басқаша атау мүмкін емес, өйткені олардан толық керектілерден 

басқа ештеңе қалмайды», – деп сипаттайды (Бұл да сонда. XLVI).

Леонардо  да  Винчи  –  ұлы  суретші,  Қайта  өрлеу  дәуірі  рухани 

мәдениетінің  ғаламат  өкілі.  Оның  ойынша,  қоршаған  дүниені  танып 

білуде,  ғылыммен  қатар,  өнер  де  орасан  үлкен  рөл  атқарады.  Егер 

ғылымның  атқаратын  міндеті  –  заттардың  сандық  мән-маңыздарын 

зерттеу  болса,  ал  өнер  дүниенің  сапалық,  қайталанбас,  керемет 

жақтарын  көрсетеді.  Оған  қоса,  Леонардо  өнерді  ғылымнан  жоғары 

қояды.  Шындағында  да,  егер  бұл  суретшінің  суреттеріне  зейін  сала 

қарасаңыз,  адам  денесінің  құрылысы  анатомиялық  өлшемдерге  сай 

келетінін  байқайсыз,  ал  ол  кезде  суретші  өз  кейіпкерлерінің  жан 

дүниесін, психологиялық көңіл күйін, ішкі күйзелістерін шеберлікпен 

жеткізеді.

Ғылым тарихында поляктың ұлы ғалымы николай коперниктің 

(1473-1543) ілімі Әлемге көзқарасы бойынша төңкеріс жасаған оқиға 

болды.  Ойшыл,  экономист,  дәрігер,  мемлекет  қайраткері  өз  өмірінің 

басты  туындысы  «аспан  денелерінің  айналуы  туралы»  деп  ата-

латын кітапқа 16 жылдан астам уақытын арнады. Алайда ол еңбегін 

жариялауға өлер шағы жақындағанда ғана бекінді, сол ғана оны жәбір 

көруден құтқарып қалды. Ал қайтыс бола салысымен оған күпір де-

ген ат тағылып, 1616 жылы католиктер шіркеуі оның кітабына тыйым 

салды.

Коперниктің  ашқан  жаңалығы  Жер  мен  Адамзаттың  дара  сипа-



ты туралы қалыптасқан көзқарасты теріске шығарып, Жер мен Күнге 

ұқсайтын басқа да денелердің бар екенін негіздеуге жол ашты.

Бірақ оның еңбегінің басты идеясы – Ғаламның кіндігі жер емес, 

күн (гелиоцентризм) деп сендіру болып табылады. Дүниеге деген бұл 

жаңа  көзқарас  күн  мен  түннің  ауысуын,  планеталардың  қозғалысын, 

Айдың  Жерді  айналып  қозғалатынын  және  басқаларын  түсінуге 

мүмкіндік  туғызды.  Сөйтіп,  ол  астрономия  ғылымына  кейіннен  «Ко-

перник төңкерісі» деген атқа ие болған түбегейлі өзгеріс енгізді.

  Алайда  католик  шіркеуінің  қысымымен  ол  Птолемейдің  кейбір: 

Ғаламда  өте  алыста  орналасқан  қозғалмайтын  денелердің  бар  екені, 

Жер және дәл сондай дөңгелек және бірдей жылдамдықпен қозғалатын 

басқа  планеталар  қозғалысының  орбитасы  (айналып  жүретін  жолы) 

туралы түсініктерінен бас тартуға мәжбүр болды.

Соған  қарамастан,  Н.Коперник  әлемді  діни  тұрғыдан  ғана  танып 

білуге күйрете соққы беріп, Жаңа заман ғылымына жол ашты. 




108

Неміс  астрономы  иоганн  кеплердің  атымен,  бәрінен  бұрын, 

ол  математикалық  жолмен  дәлелдеген  планеталар  қозғалысының 

заңдылықтары туралы теория байланыстырылады. Ол гелиоцентризм 

теориясын  қабылдаған  Коперниктен  кейінгі  алғашқы  ірі  астроном 

болды.  Кеплер  пікіріне  сәйкес,  планеталардың  қозғалысы  үш  заңға 

бағынады:

а)  планеталар  дөңгелек  шеңбер  жолмен  емес,  эллипстік  жолмен 

қозғалады;

ә)  планеталардың  жылдамдығы  біртекті  емес,  бірақ  айналатын 

жолдарындағы  әртүрлі  нүктелерде  олар  өзгеріп  отырады;  тең  уақыт 

ішіндегі сипатталатын радиус-векторлары бірдей;

б) планеталардың салыстырмалы жылдамдықтарын математикалық 

тұрғыда  белгілеуге  болады:  планеталардың  айналысы  кезеңдерінің 

квадраттары олардың Күннен қашықтығы кубтарына тең.

Кеплер Күннің бар Ғарышты тесіп өтетін өзінің күшінің қайнар көзі 

болып табылатынына сенімді болды.

Кеплер  мұрасын  зерттеушілердің  бірі,  американдық  профессор 

Марк  Райли  өте  әділеттілікпен  атап  көрсеткендей,  Иоганн  Кеплердің 

бар  шығармашылығы  –  ол  ғылымның  маңызын  құрайтын  орасан 

көп бақылаулардың ішінен жалпы ережелер шығарудың үлгісі. Оның 

антика  астрономиясынан,  яғни  әлемнің  птолемейлік  бейнесінен  қол 

үзуіне  астрономиялық  мағлұматтарға  дене  қағидаларын  қолдануға 

әрекеттенуі  себеп  болды.  Алдыға  оза  отырып,  Кеплердің  еңбектерін: 

«Кеплердің күн эманациялары туралы идеяларын және оның үш заңын 

әлемдік  тартылыс  теориясына  енгізіп,  сол  арқылы  оның  көрегендігін 

астродинамика  қағидасына  айналдырған»  Исаак  Ньютонның  аяқтап 

шыққанын  айтқан  жөн  (қараңыз:  Великие  мыслители  Запада.  –  М., 

1998. – 260-266-беттер).

Кеплермен  қатар,  Н.Кузанский  мен  Н.Коперниктің  идеяларын 

дамытқан және тереңдеткен ғалым, Қайта өрлеу дәуірінің батыр азап 

шегушісі,  әлемдік  ғылымда  азғантайлардың  бірі  болып  көзқарастары 

үшін  өмірін  қиған  Джордано  бруно  болды.  Оның  негізгі  еңбектері: 

«сұхбаттар», «батыл энтузиазм туралы», «салтанат құрушы аңды 

қуып шығу» және басқалары.

Дүниеге  деген  көзқарастарында  Бруно  пантеизмнің:  «Құдай  – 

шексіздіктің  шексіздігі,  ол  барлығының  ішінде,  барлық  жерде...  Зат-

тардың бәрі де Ғаламның ішінде, Ғалам – барлық заттарда, біз солар-

дың  ішіндеміз,  ол  бізде»  деген  қағидаларын  ұстанған.  Ертедегілердің 



109

микрокосм  мен  макрокосмның  сәйкес  келетіні  туралы  идеяларына 

қайта  оралып,  Дж.Бруно  ортағасырлық  схоластардың  адамға  ұқсас, 

жоғарыда  және  тыс  тұратын  табиғаттың  тіршілік  иесі  іспетті  Құдай 

туралы идеяларына қарсы шығады. Табиғаттан жоғары тұратын Құдай 

аспан  денелерін  бізге  әлдебір  нышан-белгілер  ретінде  жаратты  дей 

отырып, ол табиғаттан тыс күшке жүгінетіндерді сын садағына алды. 

Бірақ біз сол тектес пайғамбарлармен сөйлеспейміз және әңгіме ақыл-

ой  мен  сезімдердің  дәлелдері  негізінде  болып  жатқанда,  оларға  жа-

уап берудің қажеттігін көріп тұрған жоқпыз. Материяны «заттардағы 

Құдай берген болмыс» деп қарастыра отырып, ол Аристотельден бері 

келе  жатқан,  соған  сәйкес  материя  бар-жоғы  баяу  инертті  мүмкіндік 

болып  табылатын  және  пішінге  ие  болған  соң  ғана  нақты  затқа  ай-

налады  дейтін  схоластикалық  дәстүрге  күйрете  соққы  берді.  Оған 

қарсы  Дж.Бруно  материяның  өзінің  құрылымдық  қуатын  көрсетіп, 

материяның «заттардағы Құдай болмысы» екеніне сендіреді. Ол кезде 

материя жоғалып кетпейді, керісінше, бір күйден екінші бір күйге ауы-

сады. Сөйтіп, ұрық сабаққа айналып, одан нан жасалатын масақ өсіп 

шығады.  Қанға  айналатын  наннан  асқазан  сөлі  бөлінсе,  қаннан  енді 

басқа ұрық, яғни: уақыт өте келе, өлікке айналатын, жерде шіритін, өз 

кезегінде, тасқа айналатын адам пайда болып, өсіп-өнеді.

Оның  үстіне,  Дж.Бруно  материяға  сырттан  енгізілмеген  бітімнің 

де маңызын жоғары бағалайды: ол тек материяның ішкі құрылымдық 

күші деп қана түсінілуі мүмкін.

Бруно сендіретіндей, Табиғаттың өзі Құдай болып табылатындықтан, 

барша Әлемнің жаны бар. Ол заттарды қалыптастырып, олардың ішкі 

энергиясын құрайды. Егер бұл осылай болса, онда дүниедегінің бәрі де 

мақсатқа  сай  (грекше  –  телеологизм).  Соған  орай  ғылымның  негізгі 



міндеті – заттардың осы мақсатқа сай болушылығын танып білу.

Таным сезімділіктен (sensus) басталады, бұл әлі затты оймен қамтып 

қабылдау емес. Ол заттың бейнесін (imaginatio) тудырады, содан кейін 

ғана ой жұмысы (ratio) басталып, әлемнің жан дүниесі жанасу арқылы 

өз-өзін танып білетін парасатпен (intellectus) аяқталады.

Шындық  туралы  мәселені  қарастыра  келе,  Дж.Бруно  «қосарлы 

шындық» туралы ілімді теріске шығарады. Шындық – біреу және оған 

«оқу және ойға қонымды таным көмегімен, пәрменді ақыл күшімен қол 

жеткізуге болады». Адамның ойлау қабілетінен жоғары тұрған Құдай 

аянын (ашылуды) жақтаушыларды ол «киелі есекке айналу» деп атап, 

еркін ойлауды қолдай отырып, қасаң ойлауға (догма) қарсы шықты.



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау