ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет44/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   142

131

Сөйтіп, Ф.Бэкон мен Р.Декарт ғылыми танымның жаңа әдістемесінің 

негізін салып, оған терең философиялық мағына берді.

4.3. т.гоббстың әлеуметтік философиясы: 

моральдың жоғарғы белгісі ретіндегі мемлекет мүдделері

Ағылшын  философы,  материалист  және  саяси  ойшыл  томас 



гоббс  (1588-1679)  Оксфорд  университетінде  білім  алған.  Ағылшын 

тарихындағы  ушыққан  оқиғаларға  орнықты  революциялық  күштерді 

жақтап қатысқан. Оның көзқарастарының қалыптасуына Ф.Бэконның, 

Р.Декарттың  идеялары  айтарлықтай  ықпал  еткен.  Бұл  оның  этатист 

болуына,  яғни  үкімет  атымен  жоғары  егеменді  мемлекеттің  дара 

билігін  жақтаушыға  айналуына  жеткізді.  Т.Гоббстың  «левиафан  не-



месе  материя,  шіркеулік  және  азаматтық  мемлекеттің  формасы 

мен  билігі»  (1651)  деген  еңбегі  қоғамдық-саяси  және  ғылыми  топтар 

арасында  үлкен  толқу  тудырды.  Онда  мемлекеттің  қызметіне,  саяси 

билікке қатысты мәселелер терең де жан-жақты зерттелген.

Туындысын  библиялық  теңіз  құбыжығының  атымен  атай  оты-

рып, – Иова кітабында Левиафанның «тәкаппар ұлдардың барлығының 

патшасы»  екені  айтылған  (Иова  кітабы,  41:26),  –  Т.Гоббс  өзі  «алып 

тірі  ағза»  деп  қарайтын  мемлекетті  соған  ұқсатады.  Оның  қоғамдық 

құрылыс пен мемлекет туралы ой-пікірлерінің бастауы – «адамдардың 

табиғи  жай-күйі»  болып  табылады,  солар  деп  ол  адамның  азаматтық 

қоғамнан тыс жағдайын түсінеді: қандай да бір мемлекеттік ұйым бол-

маса,  жеке  меншік  жоқ  болса,  бұндай  жағдайды  «бәрінің  барлығына 

қарсы соғысы», яғни «адам – адамға жау» деп жариялаудан басқа лаж 

қалмайды.

Бұл  соғыста,  Гоббс  бойынша,  жеңімпаздар  болмайды.  Ол  (соғыс) 

әркімге  төніп  тұрған  қауіп-қатер  жағдайын  білдіреді.  Табиғаты 

сездіріп,  өз  жағдайының  мүшкілдігін  түсінген  соң,  адамдар  осын-

дай  бейшара  және  жиіркенішті  күйден  арылуға  ұмтылады,  бірақ  бұл 

олар  өзара  келісім  бойынша  өздерінің  барлық  құқықтарынан  бас 

тартқан  жағдайда  ғана  мүмкін  болады.  «Өз-өзімді  билеу  құқымнан 

бас тартып, ол құқымды мына бір адамға немесе адамдардың әлдебір 

жиынына  беремін,  егер  сен  де  мен  сияқты,  оларға  өз  құқыларыңды 

берсең, барлығы үшін оларға уәкілеттік ұсынсаң, олардың әрекеттерін 

өзімдікі  деп  танитын  боласың.  Солай  болған  кезде,  ерекше  бір 

қауымдастыққа,  қауымға  сөйтіп  біріккенде,  олар  көпшілік  деп  атала-

ды,  латынша  –  civitas.  Ұлы  Левиафанның  дүниеге  келуі  осындай...». 



132

Нәтижесінде,  жеке  адамдар  өкілеттіктерін  беріп,  өз  еріктерін  мемле-

кетке  бағындырып,  қоғамдық  шарт  жасасады.  Мемлекет  билігі  ғана 

табиғи заңдардан көрінетін саналы адамдық табиғатты іске асыра ала-

ды. Азаматтық заңдар табиғи болуға, бірақ міндетті түрде мемлекеттің 

беделі және күшімен бекіген болуға тиіс. Гоббс үшін мемлекет – бұл 

ешкім  қол  сұға  алмайтын  құндылық.  Мемлекеттік  билік  мықты, 

орталықтандырылған болуға тиіс: «билікті бөлу – оны жою деген сөз, 

өйткені бөлек-бөлек ажыратылған биліктер бір-бірлерін құртып тына-

ды».  Мығым  және  әлеуетті  биліктің  талабы  қалыптасып  келе  жатқан 

буржуазияның мүдделеріне әбден сәйкес болды.

Гегель  «Философия  тарихында»  Гоббсқа  қаратып,  «оның  пікірі 

ұшқары  және  эмпириялық,  яғни  тәжірибеге  ғана  негізделгендігін, 

бірақ  оған  келтіретін  уәждері  мен  тезистері  шынайы  екенін,  өйткені 

табиғи  қажеттіліктерден  туғанын»  айтқан.  Бірақ,  біздің  ойымызша, 

Гегельдің  бұл  көзқарасы  әділетті  емес.  Әйтпесе  Гоббстың  мемлекет 

пен  қоғамға  қатысты  пікірлері  XVII-XVIII  ғасырлар  ойшылдарының 

басым  көпшілігіне  орасан  зор  ықпал  етпеген  болар  еді.  Егер  аяғына 

дейін  әділетті  болғымыз  келсе,  онда  Т.Гоббстың  келісім-шарт 

және  мемлекеттің  пайда  болуы  теориясынан  тартылған  жолдың 

«Ж.Ж.Руссоның  қоғамдық  келісіміне»,  ары  қарай  біздің  бүгінгі 

заманымызға  жеткізгенін  мойындағанымыз  жөн.  Ұлы  әлеуметтік 

философтың  мемлекетке  және  қоғамға  деген  пікірлері  алғаш  рет 

теологияға емес, ақыл-парасат пен тәжірибеге сүйенді.

Иә,  бүгінгі  күні  біз  мемлекеттің  пайда  болуы  –  аса  күрделі, 

көпфакторлы  үдеріс  екенін,  онда  келісім  де,  күш  қолдану  да,  жеке 

меншік  те  болатынын  жақсы  түсінеміз.  Бірақ  сонда  Т.Гоббстың 

конвенциялық теориясына неге соншалықты мән беріп, көңіл бөлеміз? 

Себебі,  негізінен,  кез  келген  мемлекетті  адамдардың  қоғамдық 

өмірді  қандай  ұстанымдар  мен  нормалар  негізінде  ұйымдастырғысы 

келетіні туралы әлдебір конвенция деп қарауға болады. Осы тұрғыдан 

алғанда,  Қазақстан  Республикасының  егжей-тегжейлі  бүкілхалықтық 

талқылаудан  кейін  азаматтардың  дауыс  беруі  арқылы  қабылданған 

1995  жылғы  Конституциясы  –  біздің  елімізде  бейбітшілік  пен 

орнықтылықты қамтамасыз ететін осындай құжат болып табылады.

Ойшылдың  басқа  да  философиялық  көзқарастары  жайында  бірер 

сөз  айта  кетуімізге  болады.  Т.Гоббстың  философияны  әлемді  ақыл-

парасат көмегімен танып білуге болады дей отырып, теологияны фило-

софия аясынан тыс қарастырғанын ерекше атап өткеніміз жөн. Соны-



133

мен бірге ол дінді қарапайым халық үшін, әсіресе оның рухани жетілуі 

үшін қажет деп санады.

Өзінің онтологиялық пікірлерінде Гоббс Әлемді нақты өмірде бар 

заттардың  бәрінің  жиынтығы  деп  есептейді.  Олардан  басқа  ештеңе 

де жоқ. Нақты зат – ол субстанция (түпнегіз). Ұзындық және форма – 

заттардың  негізгі  қасиеттері  (акциденция).  Зат  жоқ  жерде  кеңістік  те 

жоқ. Уақыт – ол да нақты қозғалатын денелердің өлшемі ғана.

Ол әлемнің тек материалдық және қозғаушы себептерін мойындаған. 

Әлемдегі  денелердің  шексіз  санының  қозғалысы  қайдан  шығып  жа-

тыр?  Бұл  сұраққа  жауап  бергенде,  ол  Құдайды  заттардың  бастапқы 

қозғаушысы  деп  таниды.  Ары  қарай  дүние  өзінің  заңдылықтары 

негізінде дами береді.

гносеологияда  гоббс  тәжірибеден  шығатын  білімге  сүйенеді. 

Бірақ  ғылыми  ұғымдарға  жету  үшін  бұл  жеткіліксіз.  Сол  себепті 

математикалық  білімдерді  қолдану  қажет.  Ол  Декарттың  «туа  біткен 

идеяларына»  қарсы  шығады  және  олардың  негізін  сөздерден,  тілден 

іздейді. Ойлау тілге тең. Сөздердің көмегімен ғана біз өз ойларымызды 

басқаларға жеткізе аламыз. Сөз – ол заттардың атауы (лат. – nomina). 

Сондықтан  бір  сөздердің  әртүрлі  адамдардың  ауыздарынан  әртүрлі 

мағынада айтылуы мүмкін. Адамдардың бір-бірлерімен келіспеушілігі, 

бір-бірлерін түсінбеуі осыдан келіп шығады.

Егер жете ойланып көрсек, оның шындықтан тым алыстамағанын 

байқаймыз.

Адамдар өзара келісімге келе отырып, сөздердің мазмұнына бірдей 

мағына  бергенде  ғана  адамдардың  өзара  түсіністігі  орын  алады. 

Кейіннен, XX ғасырда бұл мәселе ғылым философиясында Т.Гоббстың 

идеялары рухында қаралатын болды.

Ойшыл  сонымен  қатар  Ф.Бэкон  мен  Р.Декарт  идеяларының 

біржақтылығын  да  байқаған.  Ол  танымның  екі  әдісін:  индукция  мен 

дедукцияны  біріктіруді  қажет  деп  санайды.  Алайда,  егер  Табиғат 

зерттеулерінде индуктивтік әдістің басымдығы қажет болса, ал этика 

мен саясатта дедуктивтік әдіс басымдыққа ие. 



адам  мәселесін  ойшыл  Н.Макиавелли  рухында  қарастырады. 

«Адам  –  табиғатынан  өзімшіл.  Адамдар  тойымсыз,  қорқақ  және 

қазымыр,  ал  қоғам  пенделері  ретінде  олар  пайда  мен  атақ  көздейді, 

тек өздерін жақсы көреді. Қоғамдық өмірде адамдардың өзімшілдікке 

негізделген  мүдделері  тоқайласып,  қабаттасып  жатады.  Бұл 

заңдардың  бұрмалануына,  адамдардың  құқықтарының  бұзылуына 

әкеліп  соқтырады.  Егер  геометриялық  дәлелдемелер  адамдардың 



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау