ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет43/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   142

128

 Индукция – ол формаларды танудағы басшылық; формалар тура-

лы ілім – таным үдерісінің нәтижесі; өнертабыс – формаларды танып 

білуге негізделген ғылымның мақсаты және іс жүзіндегі қолданылуы.

Осының  барлығы  Ф.Бэконды  жаңаеуропалық  философиядағы 

тәжірибелік-индуктивтік  білім  алудың  негізін  салушы  деп  санауға 

негіз береді.

Ғылыми  зерттеме  мәселелерінің  шешімін  іздеуде  Бэконнан 

айырмашылығы бар басқа жолмен кеткен француздардың ұлы ойшы-

лы,  философ,  ғалым,  математик,  физик,  физиолог,  психолог,  қазіргі 

заман философиясының негізін салушы Рене Декарт (1596-1650) бол-

ды.  Бірақ  Бэкон  да,  Декарт  та  бір  дәуірдің  адамдары  болғандықтан, 

олардың философиялық жүйелерінде де ортақ нәрселер көп еді.

Сократтың  күні  бойы  қар  үстінде  тұрып  ойға  шомғанды  жақсы 

көргені  туралы  айтылып  жүр.  Ал  Декарт  жылы  жерде  отырып 

еңбектенгенді  ұнатса  керек.  «Әдіс  туралы  ойлар»  деген  кітабында  ол 

аязды  бір  таңда  Баварияда  пеш  (көлемді  ішкі  кеңістігіне  адам  еркін 

сыйып  кететін  орыс  пеші  сияқты  болса  керек)  ішіне  кіріп  алып,  күні 

бойы сонда ойға шомумен отырғанын сипаттайды. Нақ сол кезде, оның 

айтуынша,  ол  өзінің  философиясының  жартысына  жуығын  бітіріп 

қойған екен.

Ең  бастысы,  Бэкон  мен  Декартты  жақындастыратын  –  ол  ғылыми 

зерттеулер әдістемесінің мәселесі. Бэкондікі сияқты, Декарт әдістемесі 

де  схоластикаға  қарсы  бағыт  сипатында  болды.  Бірақ  Бэконға 

қарағанда, Декарттың философиялық мәселелерге көзқарасы түбегейлі 

басқаша  болды.  Оның  мейлінше  жан-жақты  философиялық  сипатта 

қорытындылауға  бейімділігін  мықты  математик  болғандығынан  деп 

ойлауға болады.

«Әдіс туралы ойлардан» басқа, Декарт «Философия бастауы», «Ди-

оптрика»,  «әлем  туралы  трактат»,  «ақылды  басқару  ережелері» 

деп аталатын және басқа да ғаламат туындылар жазған.

Өзінің  онтологиялық,  яғни  болмыс  туралы  ілімге  қатысты 

көзқарастарында  Р.Декарт  дуализмді  ұстанған.  Ол  негізгі  белгісі 

(қасиеті)  ұзындық  болып  табылатын  материалдық  түпнегізді  және 

негізгі белгісі ойлау болып табылатын рухты мойындайды.

Адамға  осындай  көзқарастар  тұрғысынан  келгенде,  ойшыл 

қиындықтарға  тап  болды.  Адам  бойында  материалдық  және  рухани 

бастау  қалай  үйлесім  тапқан?  Сол  кездегі  физиологияның  жеткілікті 

дамымауы себепті, ол бұны Құдай берген даналық деп түсіндіреді.




129

Алайда  өзінің  космогониялық  (әлемнің  пайда  болуы  туралы) 

тұжырымдарында ол Құдай идеясын Оның Әлемді жаратуымен және 

оны  қозғалысқа  келтіруімен  шектейді.  Ары  қарай,  оның  пікірінше, 

Табиғат  өз  заңдылықтары  негізінде  дами  береді.  Құйын  тектес 

қозғалыстағы материалдық бөлшектер қыза келе Жұлдыздарға, Күнге 

айналады. Ең кішкентай бөлшектерден Аспан, ал ауыр, аз қозғалатын 

бөлшектерден Жер және басқа планеталар жаратылады.

Өмір мәселесі туралы көзқарастарында ол 1628 жылы Гарвей ашқан 

қан  айналымы  туралы  жаңалықтың  әсерін  көп  сезінді.  Нәтижесінде, 

Декарт ғылымда алғашқы болып ағзаның сыртқы әсерге ішкі қарсы-

лығы  механизмін  ашты.  Оның  пікірінше,  өте  ұсақ  қан  түйіршіктері 

сыртқы әсерді миға жеткізеді. Қазіргі заман физиологиясы тұрғысынан 

бұндай  дәлелдер  тым  қарапайым  көрінеді,  бірақ,  күмән  жоқ,  осының 

барлығы да Декартты шартсыз рефлекстерді түсінуге жеткізді. Соған 

байланысты  ол  жан-жануарларды  құрылысы  күрделі  машиналар  деп 

санады.


Мүмкін,  тәні  бар  тіршілік  иесі  болып  саналатын  адам  да  машина 

шығар?  Бұл  сұраққа  ол  теріс  жауап  береді.  Сырттан  келетін  кез  кел-

ген  әсерге  тиісті  жауап  қайтару  үшін,  адам  барлығын  ой  елегінен 

өткізіп,  ақыл  тезіне  салады.  «Адамның  ақылы  мен  ойы  –  жан-жақты 

құрал», – дейді Декарт. Екінші жағынан, адам сөйлей алады. Осылай 

болғандықтан  да,  адамның  басқа  жан-жануарлардан  айырмашылығы 

оның рухында жатыр.

Р.Декарт  таным  теориясына  күмәндану  ұстанымын  енгізеді 

(кейіннен  ол  «Картезиандық  күмән  әдісі»  деп  атала  бастады). 

Сезімдік  таным  көбінесе  бізде  теріс  ой-пікір  қалыптастырады.  Егер 

біз  төртбұрышты  мұнараға  алыстан  көз  салсақ,  ол  бізге  дөңгелек  бо-

лып көрінеді. Күнді кішкентай және жылы денедей көреміз. Ішінде су 

бар стақанға салынған қарындашты сынған деп ойлаймыз. Көзімізбен 

көрген нәрселерді кейде түсімізде көргендей әсерде боламыз. Негізінде, 

ғылыми фактілердің дұрыстығына да күмәндануға болады. Тіпті біздің 

бар жанымыз күмәнға толы.

Ал бұндай тығырықтан қалай шығуға болады? Өзін-өзі батпақтан 

шашынан тартып шығарған барон Мюнгхаузенге ұқсау керек пе?

Өзінің философиясына негіз құру үшін, Р.Декарт күмәндануға бола-

тын нәрселердің бәріне күмәнмен қарау керек деп шешті:

•  Сезім-түйсіктерге  де  күмәндану  керек,  өйткені  олар  елес  болуы 

мүмкін.


• Физика мен астрономия да күмән тудырады, өйткені кеңістік пен 

уақыт та теріске шығарылуы мүмкін.




130

•  Арифметика  мен  геометрия  да  күмәнді,  өйткені  есеп-қисапта 

қателіктер кетуі мүмкін және т.с.с.

Алайда барлығына күмәндана отырып, дәл осы сәтте күмәнданып 

отырғаныңа күмәндануға болмайды. Ал күмәндану деген ой емес пе? 

Олай болса: ойлаймын, демек, өмір сүремін (лат. – Cogito ergo sum) де-

ген қорытындыға келуге болады. Декарттың ойынша, бұл тұжырымға 

күмәндануға  болмайды,  өйткені  ол  түсінікті,  айқын,  ашық.  Мыса-

лы, егер мен ойлау қабілетімнен айырылсам, ол жағдайда менің өмір 

сүруімнің дәлелі де тез ғайып болар еді.

Р.Декарт  адамның  ойлау  үдерісін  өзгеше  кең  түсінеді:  адамдар 

қабылдайды, түсінеді, түйіндейді, теріске шығарады, сезеді, қиялдайды 

және т.б., тіпті адамның ұйықтап жатып көрген түсі де ойдан туады.

Адамның танымдық белсенділігі идеялардың үш тобынан тұрады. 

Біріншісі  біздің  сезімдеріміздің  сырттан  қабылдаған  идеяларынан 

құралады. Мысалы, Күн, Ай, ағаш идеясы және т.с.с.

Екінші  топты  ақылдың  өзінің  идеялары  құрайды.  Олар  сырттан 

қабылданған идеялардың өзгеруі нәтижесінде пайда болады.

Үшінші  топ  туа  біткен  идеялардан  тұрады.  Адам  оларға  ақыл-

парасаттың  түйсігі  арқылы  жетеді.  Ал  бұл  жерде  оның  жәрдемшісі  – 



ақылдың  табиғи  жарық  сәулесі  (лат.  –  Lumen  naturale).  Тумысынан 

келген идеялар қашанда ұғынықты, қарапайым, заттарға да, адамдарға 

да  тәуелсіз.  Мысал  үшін  айтсақ,  егер  кез  келген  екі  сан  үшінші  бір 

санға тең болса, онда олар өзара да тең; ештеңеден ештеңе пайда бол-

майды; бір мезгілде бір заттың болуы да, болмауы да мүмкін емес және 

т.с.с.  «Ойлаймын,  демек,  өмір  сүремін»  дегенді  де  ойшыл  осылардың 

қатарына жатқызады.

Демек,  пікірлердің  әрбір  нақтылығының  негіздемесі  –  ойлау-

шы  субъектінің  болуы.  Ал  бұл  жерде  ойлаушы  субъектінің  –  Жаңа 

дәуірдің  бар  философиясының  түпқазығы  және  бір  мезгілде  бастауы 

болып  табылатынын  ерекше  атап  көрсету  қажет.  Орта  ғасырлардың 

даусыз  даралығы  қағидасынан  және  Қайта  өрлеу  дәуірінің  сезімдік-

материалдық  тұлғасы  ұстанымынан  Жаңа  дәуірдің  философиясы  ой-

лайтын адам тұжырымдамасына келіп тоқтады.

Ф.Бэконға қарсы Р.Декарт алдыңғы орынға дедукцияны шығарады. 

Оның  маңызы  мынада:  танымның  негізінде,  анық,  қарапайым  және 

айқын,  яғни  ақыл-парасат  түйсігі  арқылы  қабылданатын  және  ақыл 

тезінен өткізілетін қағидалар жатуға тиіс.

Кез  келген  мәселеде  белгілімен  қатар,  қандай  да  бір  өзіндік 

ерекшеліктері бар белгісіз нәрселер де болуы керек. Демек, ойлау ло-

гикасын пайдаланып қана шындыққа жетуге болады.



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау