46
1.8 В.И. Вернадский мен
С. Л. Франктың ғылыми
және философиялық
шығармашылығының
ара қатынастары
бәсекеге қабілетті зерттеу бағдарламасы пайда болғанда ғана алдыңғы
зерттеу бағдарламасынан бас тарту туралы айтуға болады.
Кейбір болжамдарды итеріп шығаратын оларды терістеу,
Лакатос мәселенің «прогрестік қозғалысы» жүріп жатқанда «қатты
ядроны» сақтау керектігін айтады. Тек бағдарламаны ядросы
жойылғанда жаңа зерттеу бағдарламысына көшіреді, басқаша айқанда
ғылыми революция болады. Дәл ғылыми революциялар өзідерінің
алдыңғысының дамуындағы ішкі резервтерді ығыстырды. Бірақ
Лакатос үшін ғылыми революциялар Кундағы секілді маңызды емес,
себебі ғылымда бір ғана бағдарламаның үстемдігі бөлінбей
сақталатын анық кезең болмайды, тек түрлі теориялар мен олардың
бәсекелестігі болады. Олардың біреуі белгілі уақытқа негізгі болады,
басқалары келесі орынға түседі, үшіншілері-қайта жасалады және
өңделеді. Сондықтан революциялар болса, ол ғылым негізін қатты
«сілкіндірмейді»: көптеген ғалымдар болған төңкеріске назар
аудармастан өз жұмыстарын жалғастырады. Ғалым ауытқушылыққа
назар аударуға міндетті емес және өз көзқарасын қорғауды
бірбеткейлік танытуға құқылы. Лакатос «прогрессивті» түрде кез
келген жалған теорияны да қорғауға болады деп тұжырымдайды
Сонымен Лакатостың зерттеу бағдарламасының концепциясы кейбір
кемшіліктеріне қарамастан бүгінгі күнге ғылым философиясының
айтарлықтай жетістігі болып саналады.
В.И.Вернадский
іліміндегі
ерекше орын философиялық
тұжырымдамаларға
беріледі.
Философияның
ғылымға
айтарлықтай
әсерін
және
ғылыми дүниетанымын қалып-
тасуын атап көрсетеді. Сонымен
қатар ол жаңа ғылыми бағыттардың пайда болу сатысында үстемдік
еткен, ғылыми дүниетанымның құрамына енген философиялық
ұғымдардан алшақтауды көрсетеді. Олар белгілі бір дәрежеде жаңа
ғылыми ойлардың пайда болуына кедергі келтіреді. Осы орайда
Вернадский көрсеткендей эмпирикалық талдап қорытулардың
синтетикалық логикасына сүйеніп табиғи құбылыстарға ғылыми
қорғау керек деген сөз дәлелденді. Вернадскийдің пікірінше
эмпирикалық талдаудың негізінде жаңа түсініктерді қисынға келтіру
оң мағына беріледі немесе философиялық әлемде жалпы және жеке
түрде ғылыми ой орын алады және дамиды.
Ғылым мен философияның дамуы мәселесін түсіну, ғылыми
және философиялық шығармашылықтың байланысын ноосфера
47
туралы оқу арқылы білуге болады. Ноосфрера биосфераның
геологиялық өзгерістері ретінде тірі заттардың эволюциясы арқылы
пайда болған және адам санасы арқылы анықталады. Ноосфера
қабатында біріншіден, ғылыми сананың философиялық үздіксіз
байлансында орны өседі. Негізінен ноосфера- бұл биосфераның
санасыз жағдайдан саналы жағдайға өтуі.
Ноосфера концепциясында ХХ ғасырдағы ғылымның дамуына
назар аударады. Себебі ол ғасырда әлі болмаған ғылымның гүлденуі,
ғылыми шығармашылық жарылыс болды; ғылым «әлемдік болып,
барлық ғаламшарды қамтыды; ғылымның мазмұны мен құрылысында
үлкен өзгерістер болды.
Жоғарыда аталған себептердің нәтижесінде ХХ ғасыр ғылымы
мықты геологиялық және тарихи күш болды. Биосферадан
ноосфераға өту үрдісін жылдамдатуға септігін тигізу керек еді.
Ғалымдар сонымен қатар биосфера тағдырымен адамзат
болашағы үшін жауапкершілікті сезіну керек. Кез келген жаңалық
ноосфераның игілігіне де оған зиян болуы да мүмкін. ХХ ғасырдың
басында-ақ Вернадский адамзаттың атом энергиясын игеруге
қажеттілігінің туындағанын түсінген. Сонымен қатар ол осы жаңалық
биосфераға қандай зиянын тигізсе, адамзатқа да сондай зиян
келтіретінін көрді. Бұдан адамзаттың есейгенімен рухани ақылының
дәрежесі өскенін көруге болады.
Вернадский көптеген философиялық –діни ізденістермен таныс
болып, олар көп қызығушылықтар туғызғанымен, көзқарасы бәрінен
бұрын ғылымға бұрылған. Оның ойынша ғылым философиялық және
діни ізденістер алдында сапалы қасиеттер қатарын тізген. Біріншіден
ғылыми ой философиялық және діни ойға қарағанда логикалық
міндет түрінде көрінеді. Екіншіден, ғылым бүкіл биосфераны қамтып
ғаламдық құбылыс болды.
Бәрінен бұрын Вернадский ғылымның интегралдық қызметіне,
оның нығайту рөлі мен барлық адамзаттың рухани жұмысының
орталығы болғанына назар аударады.
Вернадский ноосфераның құрылу үрдісіндегі ғылымның рөлі
туралы түсінігін білдіреді:
1. ғылыми
шығармашылық жолы адамның өмір сүретін,
биосферамен алмастырылатын күші болып табылады;
2. бұл биосфераның өзгерістерін айқындайтын, ғылыми ойдың
өсуіне әсер ететін шарасыз құбылыс;
3. бұл биосфераның өзгерісі адамзат еркінен тыс, апатты түрдегі
заңды табиғи үрдіс ретінде болады;
48
4. өмірдің қоршаған ортасы, ғаламшардың ұйымдастырылған
қабығы-биосфера, оған ену оның геологиялық ұзақ ғұмырында
биосфераның жаңа жағдайға, ноосфераға ауысу үрдісі.
Қазіргі біз өткізіп жатқан тарихи жағдайды бұрынғыдан
қарағанда түсінеміз, мұнда біздің алдымызда «табиғат заңы
ашылады». Вернадский ХХ ғасыр ғылыми ой «жарылысы»
биосфераның барлық өткенімен дайындалып, оның құрамына терең
тамырлаған. Жаңа ғылыми пәндер-геохимия және биогеохимия –
ноосфераның құрылу үрдісінде «табиғат заңын» көруге мүмкіндік
берді.
Бірақ бұл ғылым тек ноосферада ғана адамзаттық көзқарасты
қисынға келтіреді деуге болмайды. Осылайша Вернадский көне
Үндістандағы көзқарас негізінде биогеохимия жағдайымен үндестігін
білдірді. Ол философиялық және діни шығармашылықтың жаңа
толқынының қажеттілігін болжады. Мұндай шығармашылықтың
негізгі шарты адамзаттың ғаламшарлық болмысының жаңа
ноосфералық құрылу мәселелерін тану болу керек.
Философиялық ой өзінің негіздері мен көп ғасырлық
дәстүрлерімен белгіленген ғылыми жағдайын тереңдетеді және
дамытады.
Вернадский ғылымның сапалы даму үрдісін бағалау үшін «ғылыми
шығармашылық жарылыс» ұғымын енгізді. Оны ғылымның даму
тарихында үшке бөліп көрсетеді.
Бірінші «жарылыс» бұл б.э.д. VI-V ғасырлар аралығында грек
философиясы мен ғылымның негізі туып қалыптасты. «Антика өнерінде
ғылыми ой пайда болып», - деді Вернадский, -«ғылыми-философиялық
құрылым қабылданып, ғылыми әдістеме мен логиканы және
математиканы негізге алды».
Екінші «жарылыс» XVII ғасырда пайда болып, қазіргі заман
ғылымының қалыптасуына әсер етті. Бұл уақытта ғылымның негізгі
мазмұны – оның эмпирикалық ғылыми аппараты құрылып, сонымен
бірге ғылыми жұмыстың әдістемесі анықталады.
Үшінші ғылым «жарылысы» ХХ ғасырдан бастап саналады. ХХ
ғасыр ғылыми шығармашылықтың бірінші екі «жарылыстан»
айырмашылығы көлеміне, тереңдігіне, қуатына байланысты болды.
ХХ ғасыр ғылыми шығармашылық үрдісіндегі білімнің өрлеуі
жаңа ғылыми айғақтардың мол жинақталуымен айқындалады. Ғылыми
білімнің жаңа облыстары құрылды, жаңа ғылымдар пайда болды,
ғылыми эмпирикалық материал өсті, барлық айғақтардың санының өсуі
ғылыми аппаратта жүйеге келтірілді және есепке алынды: ғылыми
аппарат миллиардтан миллиардқа үздіксіз және біртіндеп өсіп жатқан
барлық айғақтарды, эмпирикалық қорытындыларды, ғылыми теориялар
Достарыңызбен бөлісу: |