55
дискурсивты тәжірибелер белгілі ғылымдармен сәйкес келмейді,
оларды керісінше толық қамтып, оларды біріктіреді. Фуко өзінің
рационалды
ғылымдардың
құндылығына
күмәнданады,
ол
дискурсивті тәжірибені артық көреді. Оның ғылым мен білімге деген
сыни көзқарасы «Дискурстің тәртібі» атты кітабында тіптен арта
түседі.
Жак Деррида (1930 жылы дүниеге келген) - француз
философы, мәдениеттану теориясын жасаушы, 1980 жылдардағы
постмодернизмнің көшбасшыларының бірі. Деррида классикалық
теорияларды әлсірететін деконструкция теориясының авторы.
Дерриданың көзқарасының өзгешелігі құрылымның келесі жағына
көңілді
аударуы,
яғни
құрылымдық
болып
табылмайтын
кездейсоқтық, аффект, билік, ерік, үміт сияқты түсініктерді кең
әлеуметтік–мәдени мәнмәтінге енгізуі болып табылады. Автор
децентрация құрылымын дамытып, құрылымдық түсінікті басқа бір
ұйымшылдық сияқты ұғыммен құрылымның ешқандай орталығы жоқ
еркін ойынмен алмастырды. Деррида үшін – «Орталық» ол объективті
қасиеттің құрылымы, бақылаушының ойдан шығаруы, оның үмітінің,
күшінің нәтижесі. Әлемдегі бар мәдениетті және адамды Деррида
шегі, орталығы жоқ мәтін ретінде қарастырады. Мәтін – бұл
тұрмыстық әдістерді құрылымдау жүйесі.
Жак Лакан - француздық психоанализдің теоретигі мен
практигі. Лаканның ойынша санасыздық тілдің құрылымы іспеттес.
Ол рәміздік ойлаудан, тілден, тарихтан, адами практикалық өмірден
үстемдігін анықтады. Лакан санасыз сезімнің түсінігін ретке
келтірілген құрылымның соңғысын жаңа дәстүр ретінде
қалыптастырды. Мұнда сөз тек қана тілді символдық деңгейде
лингвистикалық түсіну жайында ғана емес, сонымен қатар
психология мен физиология әлі бөлінбеген «тілдің» ең төменгі
деңгейдегі қағысында болып тұр. Лаканның құрылымдық санасыз
ниет туралы ойы мен Дерриданың субъектіні децентрлеуі
шығармашылық түсіндіруге жаңа импульсын берді.
Жиль Делез (1926 жылы дүниеге келді) - француз философы
және мәдениеттанушысы, эстетик-постфрейдист, постмодерндік
саналықтың құрылуына үлкен әсер еткен ғалым. Делез Лаканның
құрылымдық психоанализінің негізгі түсінігін мойындамайды, оның
пікірінше санасыздық пен тіл негізінен ештеңе білдіре алмайды екен.
«Квинтэссенциялық мәдениет» дегенді Делез санасыз машиналық
ниеттің реакциясы деп біледі. Санасыздық құрылымдық емес, ол
машиналық әрекет. Егер жұмыс істеген «машиналық мүше» өмiр
сүруге шабыттанылған түйсiктері арқылы ниет етуді туындатса, өлім
түйсігі машинаның тоқтауына және «дененің мүшесіз» пайда болуына
56
алып келеді. Таңбалар өздерімен өздері ешқашан белгілі бір мағынаға
ие бола алмайды. Олардың негізгі және жалғыз қызметі -ниетті
өндiрiп алу болып табылады. Таңбалық шатты белгілерге тілден гөрі
жаргондар ие болады. Санасыздықтың құрылымы бейғамдықты,
галюцинацияны және фантазмды құрастырады.
Сонымен, біз постмодернизмның кең аумақты, масштабы
бойынша глобалдi екенін, ең бірінші мәселе ретінде рационалды
философиялық рефлекцияны емес қоршаған ортаға деген қазiргi
адамның терең эмоциональді реакциясын қарастыратынын көрдік.
Көптеген
көзқарастарды
біріктіру
үшін
олардың
бір
әдіснамалық негізін табу керек. Мұндай әдіснамалық негіз ретінде
«постмодерндік сезімталдық» айрықша «дәуiрлер рухы» сияқты
ерекшеленген. «Постмодерндік сезімталдық» постмодернизмнің ең
басты түсінігі болып қалыптасты, онда рационализмнен, дәстүрден,
жалпы қолдауы бар беделділерден, ғылыми түсініктің нақтылығына
деген сияқты пайымдауларға сенімсіздік туындады. Әлемді хаос
сияқты
қарастыру
постмодернизмге
тән
нәрсе.
Болмыс
постмодернизм бойынша тек қана образды, интуитивті «поэтикалық
ойлайтын» адамға тән қасиет. Бұл көзқарасты тек гуманитарлық
ғылымның өкілдері ғана емес сонымен қатар жаратылыстану
ғылымдарының өкілдеріне де қарастырды. Мысалы, «Жаңа альянс:
Метаморфоза ғылымы» атты физика-химиялық заттардың жүйесінің
философиялық
түсініктемесі
бойынша
жазған
еңбектерінде
И.Пригожин мен И.Стенгерс былай деп жазады: «Бай әрі көптеген
танымдық тәжірибеде біздің ғылымымыз әлемді поэтикалық
тыңдалым жүргізу арқылы түсінеді, бұл этимологиялық түсінікте
ақын жаратушы болады, - активті күрделі іс-әрекеттер жасайды және
ойланып табиғатты зерттейді, сондықтан оның дауысын естіп, әлемге
оны жеткізе алады».
Қазіргі таңдағы көптеген авторлар постмодернистік сана ғылым
мен адамзатты құртуға апарады дейді. Постмодернистік көзқарас
бойынша ешқандай біріктіретін және танымдық орталық жоқ,
сондықтан болашақта бейбітшілік бағыттарды шығара алмаймыз.
Постмодернизмге ХХ ғасырдың біртұтас құбылысы ретінде
танып, оң баға бергендер де бар. Бұл көзқарастар бойынша көркемдік
шығармашылық пен сыни рефлекция қатты байланысып кеткен,
оларды ажырату қиын болады делінген.
Қорытындылай келе, мынаны айтуға болады: «басқа
жұмыстарына қарағанда, Кунның кітабы ғылымдағы ұсыныстардың
ауысу механизмін түсіндіру мәселесіне деген қызығушылықты
оятты».
57
ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылымның жаңа түрі
қалыптасты. Ол – постклассикалық емес ғылым. Көбінесе бұл
ғылымның қалыптасуы әлсіз, дегенмен нақты тенденциялар бар.
Тәртіптік қадағалауға байланысты жоспар бойынша бірінші кезекте
зерттеу саласының арасын қадағалау, жүйелі жағдайларды шешуге
бағыт беру. Осыдан Вернадский ХХ ғасырдың ғылымының
ерекшелігін байқады. Егер классикалық және классикалық емес
ғылымдардың мақсаты белгілі бір фрагментті және зерттеліп отырған
заттың спецификасы болса, постклассикалық ғылым емес
бағдарламаларды жалпы зерттеумен белгіленеді.
Постклассикалық емес ғылымның ерекшелігі жауаптылық
этикасының қалыптасуы, ғылыми қоғамның қабылдаған ғылыми
атақтарына жауаптылығы. Ғылым тек қана шындықты іздемейді,
сонымен бірге оның қабылдану шартын жасайды. Егер классикалық
және классикалық емес ғылымдар өздерінің алдына тек қана
шындықты іздеуді қойса, ал оны қолдану мен қабылдауды қоғамға
қалдырса, постклассикалық емес ғылым, өзінің пәніне антропогендік
саланы қоса отырып, этикалық проблемаларды шешуде шетте қала
алмайды, ғылыми ашылулардың адамзат өмірлеріне тигізетін әсеріне
немқұрайлы қарай алмайды.
Сонымен,
жаңа
европалық
ғылым,
басынан
эксперименталдық әдіске сүйене отырып, жеке статусқа ие болып
және даму барысында бірнеше сатыдан өтеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Ғылым дамуының классикалық, классикалық емес және
постклассикалық модельдері.
2. Қазіргі замандағы классикалық методологияның дағдарысы.
3. Классикалық емес ғылым және оның ерекшеліктері.
4. Постклассикалық емес ғылым және оның негізгі концептуалдық
қадамы.
5. Позитивизм және ғылым.
6. Сыни рационализм және қазіргі ғылым философиясы.
7. И.Лакатос ғылым философиясы.
8. Т.Кун: «Ғылыми революциялар құрылымы»
9. П.Фейерабенд: әдістемелік мәселе.
10. Ғылыми білімнің постпозитивистік модельдерінің дамуы (Т.Кун,
К.Поппер, И.Лакатос, М.Полани, Ст.Тулмин, П.Фейерабенд).
11. Постпозитивизм және ғылым: проблемалар және концепциялар
маңызы.
12. Постпозитивистік ғылым келбетінің қазіргі жағдайын бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |