Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет13/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   89

 
 
38 
сипатталатын  сөз  тіркестері,  мысалы  «элементтер  тұрақты  көлемді 
пропорцияларда  қосылады»  немесе  «іс  әрекет  іс  әрекетсіздікке  тең». 
Бұл  ортақтастырулар  сырттай  табиғат  заңдарына  ұқсас  (мысалы, 
Джоу- Ленц заңы, немесе Ом заңы). 
Екіншіден,    дисциплинарлық  матрицаның  құрамына  Кун 
мынандай  «жылу  денені  қалыптастыратын  бөліктердің  кинетикалық 
энергиясы болып табылады» деген ортақтанылған  ұсыныстар сияқты   
«парадигманың метафизикалық бөлігін» қосады. Олар оның ойынша, 
«ғылыми  топты  қажетті  аналогиялар  және  метафоралармен 
қамтамасыз  етеді  және  сөзжұмбақтың  шешімі  және  түсініктемесі 
ретінде  нені  қабылдау  керек  екенін  анықтауға  көмектеседі.  Және 
керісінше,  шешілмеген  сөзжұмбақтардың  тізімін  жоюға  мүмкіндік 
береді, олардың әрбіреуінің маңызын бағалауға көмектеседі».  
Үшіншіден,  парадигманың  құрылымына  құндылықтар  кіреді, 
«сондай-ақ  бұл  құндылықтар  жай,  өзіне-өзі  қайшы  келмейтін  және 
шынайы  болуы  керек,  яғни  басқа,  тәуелсіз  дамыған  теориялармен 
сәйкес 
келуі 
керек. 
Дисциплинарлы 
матрицаның 
басқа 
компоненттерінің  түрлеріне  қарағанда,  құндылықтарды  әр  түрлі 
қолданатын адамдар үшін олар ортақ болуы мүмкін». 
Төртіншіден,  Кунда  дисциплинарлы  матрицаның  элементі 
болып  ортақтанылған  «үлгілер»  -  кейбір  тапсырмаларды    шешудің 
ортақ 
стандартты-схемасының 
қосындысы 
табылады. 
Осы 
классикалық  үлгілерді  қолдана  отырып,  ғалым  өзінің  ғылымының 
негіздерін тереңірек түсіне алады, оларды нақты кездерде қолдануды 
үйренеді  және  олардың  қызметінің  негізі  болып  табылатын,  осы 
ғылыми  оқудың    пәнін  қалыптастыратын  қозғалыстарды  зерттеудің 
арнайы әдістерін қабылдайды.  
  Ғылым  әлеміндегі  ғылыми  кеңестің  рөлі.  Парадигма 
ұғымымен  ғылыми  кеңес  ұғымы  тығыз  байланысты.  «Парадигма  - 
ғылыми  кеңестің  мүшелерін  қосады,  және  керісінше,  ғылыми  кеңес 
парадигмаларды  құрайды».    Ғылыми  кеңестің  өкілдері  белгілі  бір 
ғылыми  мамандыққа  ие,  тиісті  білім  және  маманданған  қылықтарды 
алған.  Әрбір  ғылыми  кеңестің  өзінің  зерттейтін  пәні  бар.  Кунның 
ойынша,  зерттеуші  –  ғалымдардың  көбісі  өзін  бірден  белгілі  бір 
парадигманы ұстанатын белгілі бір ғылыми кеңеске жатқызады. Егер 
сіз  парадигмаға  деген  сенімді  ұстанбайтын  болсаңыз,  сіз  ғылыми 
кеңестен тыс қаласыз.  
Кунның  «Ғылыми  революция  құрылымы»  кітабының  жарық 
көргенінен кейін ғылыми кеңес ұғымы барлық ғылым саласына терең 
енді және ғылымның өзі білімнің жүйесі емес, ғылыми кеңестердің іс 
әрекеті  ретінде  қарастырыла  бастады.  Бірақ  та  ғылыми  кеңестердің 
қызметінде  Кун  кейбір  жеткіліксіздіктерді  белгілейді,  өйткені 


 
 
39 
«әртүрлі  ғылыми  кеңестердің  көңілі  әр  түрлі  зерттеу  заттарында 
шоғырланғандықтан,  кейбір  ғылыми  топтардың  арасындағы 
маманданған қарым-қатынас кейде қиындап кетеді, оның нәтижесінде 
болашақта  маңызды  және  ескерілмеген  қарама-қайшылықтарға  тап 
болдыратын  түсінбеушіліктер  пайда  болады».  Әртүрлі  ғылыми 
кеңестердің  өкілдері  көбінесе  «әртүрлі  тілдерде»  сөйлейді  және  бір 
бірін түсінбейді.  
 Ғылымның даму эволюциясы  
         Ғылымның  даму  тарихын  қарастыра  келе,  Кун  біріншіден, 
ғылым  өзінің  бірінші,  барлығымен  танылған  теориясын,  басқаша 
айтқанда,  парадигмасын  шығару  алдында  қандай  да  болсын  ғылым-
ның пайда болуы үшін маңызды болатын парадигмаға дейінгі кезеңді 
бөліп көрсетеді.  
Парадигмаға дейінгі ғылымның орнына пісіп – жетілген ғылым 
келеді. Өзінің дамуында ол бірнеше сатылы кезеңнен өтеді – «кәдімгі 
ғылымнан»  (мұнда  ғылыми  кеңеспен  қабылданған  парадигма 
басшылық  етеді)  ғылыми  көтеріліс  атағына  ие  болған  парадигманың 
құлауының кезеңіне дейін.   
Кунның  көзқарасы  бойынша  «кәдімгі  ғылым»    «болашақтағы 
оның  тәжірибе  жүзіндегі  қызметінің  негізі  деп  белгілі  бір  уақытта, 
белгілі  бір  ғылыми  кеңеспен  танылатын,  өткен  уақыттағы  бір  не 
бірнеше  ғылыми  жетістіктерге  сүйенетін  зерттеуді  білдіреді». 
Ғылыми  қызметтері  бірдей  парадигмалар  негізінде  құралатын 
ғалымдар ғылыми тәжірибенің бірдей ережелері мен стандарттарына 
сүйенеді.  
Ғалымдар әр уақытта танылған және бар  теорияларды  жоққа шығару 
туралы  ойлайды  және  осы  мақсатпен  жоққа  шығару  тәжірибелерін 
жасауға ұмтылады деп есептеген Кун. Сонымен, «кәдімгі ғылым» тек 
белгілі  бір  бағыттың  дәстүрлерінің  қолданыста  болуын  ғана 
қамтамасыз  етеді,  ақпаратты  жинақтайды  және  белгілі  фактілерді 
негіздейді.  Шешімнің  үлгісі  бар,  ойынның  ережелері  бар, 
тапсырманың шешілетіні белгілі, ал ғалымға осы берілген шарттарда 
өзінің  жеке  ойын  қолданып  көру  мүмкіндігі  тиеді.  Бұл  ғалым  үшін 
кәдімгі  ғылымның  қызықтығын  түсіндіреді.  Тапсырманың  шешілуі 
нәтижелі болғанға дейін парадигма танымның сенімді құралы болып 
табылады.  Бірақ  кейбір  тапсырмалар,  ғалымдар    қанша  тырысса  да, 
шешімін таппайды. Парадигмаға деген сенім өшеді. Кун дағдарыс деп 
атаған күй басталады. Дағдарыс өскен сайын, ол «кәдімгі ғылымның» 
әрдайым  тапсырмаларды  және  пайда  болатын  аномалияларды  шеше 
алмайтынын  түсінеді,  және  бұл  ғылыми  ортадағы  маманданған 
сенімсіздікті тудырады. Кәдімгі зерттеулер тоқтайды. Ғылым қызмет 
етуін тоқтатады.  


 
 
40 
«Ғылыми революция»  ұғымы  
         Дағдарыстың  кезеңі  ұсынылған  гипотезалардың  біреуі  өзінің 
мәселелерді  шеше  алатынын,  түсініксіз  фактілерді  түсіндіре 
алатынын  дәлелдегенде  бітеді,  және  осыған  байланысты  өз  жағына 
ғалымдардың көбісін тартады. Осы парадигмалардың ауысуын, жаңа 
парадигмаға  өтудін  Кун  ғылыми  революция  деп  атайды.  Бұл  үрдіс 
саланы  жаңа  негіздермен  қайта  құру,  осы  саладағы  қарапайым 
теориялық  ортақтастыруларды,  сондай-ақ  парадигманың  көптеген 
әдістері мен қосымшаларын өзгертіп қайта құру үрдісіне ұқсас.  
Әрбір ғылыми революция әлемнің қазіргі суретін өзгертеді және 
жаңа  заңдылықтарды  ашады.  Ғылыми  революция  зерттеулердің 
тарихи  болашағын  өзгертеді  және  ғылыми  жұмыстар  мен 
оқулықтардың құрылымына әсер етеді.  
 
 Осылай,  ғылыми  революция,  парадигмалардың  ауысуы  ретінде, 
рационалды-логикалық түрде түсіндірілмейді, өйткені мәселе ғылыми 
кеңестің  мамандануында:  кеңесте  тапсырманы  шешудің  құралдары 
бар,  немесе  жоқ,  сонда  кеңес  оларды  ойлап  табады.  Ғылыми 
революция  алдыңғы  деңгейлерден  алынған  барлық  затты  алып 
тастайды, ғылымның жұмысы жаңадан басталады. 
 
Т.Кун бойынша ғылымның дамуы екі циклдің өзара алмасуынан 
тұрады. 
Бұлар  –  «қалыпты  ғылым»  және  «ғылыми  революция  кезеңдері». 
Ғылым  тарихында  екіншісі  біріншісімен  салыстырғанда  өте  сирек 
болатын құбылыс. 
 
Кун  концепциясының  әлеуметтік-психологиялық  сипаты  белгілі 
бір  парадигманы  жақтайтын  ғылыми  қауымдастықтарды  танумен 
анықталады.  Белгілі  бір  парадигманы  жақтау  ғылымның  жеке 
психологиялық ерекшеліктері, оның ұнататын нәрселері, эстетикалық 
талғамдары  арқылы  көрінеді.  Осылар  және  олар  тәрізді  факторлар 
ғылыми  қауымдастықтың  негізі  болып  табылады,  парадигманың 
тұрақтылығын түсіндіреді. 
 
 Кун  концепциясындағы  басты  ұғым  –  парадигма.  Парадигма 
дегеніміз  –  зерттеудің  сол  кезеңінде  ақиқатты  болып  табылған, 
ғылыми  қауымдастық  қолдайтын  жалпылама  идеялар  мен 
методологиялық нұсқалар жиынтығы. 
 
  Парадигманың екі ерекшелігі бар: 
1. 
Оны  ғылыми  қауымдастық  атқаратын  ғылыми  жұмыстар 
үшін негіз ретінде қабылдаған. 
2. 
Онда  шешілмеген  сұрақтар  болады,  яғни  ол  ғылыми 
зерттеулерге жол ашады. 
Парадигма  –  кез-келген  ғылымның  бастауы,  өйткені  ол 
фактілерді  бағытты  түрде  сұрыптап  алуға  мүмкіндігін  жасайды. 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау