Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет14/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   89

 
 
41 
Парадигма  –  ғылыми  қауымдастықтың  игілігі.  Ол  ғылымдарды  бір-
бірімен  өте  тығыз  байланыстырады.  Бұл  байланыс  адамдардың  кез-
келген  тобымен  салыстыра  келгенде  әлдеқайда  тығыз  болады.  Және 
де  осы  қауымдастықта  ғылымның  еңбегін  тек  қана  оның 
парадигмасын 
жақтайтын 
арнаулы 
мамандар 
бағалайды. 
Парадигманы таңдаған кезде шешуші белгі - оның негізінде шешілуге 
мүмкін  болатын  проблемалардың  маңызы  және  көлемі.  Парадигма 
өзгергенде  ғалымның  бүкіл  дүниетанымы  өзгеріске  ұшырайды.Ол 
айғақтарға  жаңадан  түсінік  береді,  оларды  жаңаша  қабылдайды. 
Декарт  армандаған  абсолютті  әділ  ғылыми  байқау  тілінің  болуы 
мүмкін  емес.  Ғылымның  түйсігі  әрқашанда  парадигманың  әсеріне 
шалдығады.  Қазіргі  педагогикалық  дәстүр  және  оқулықтардың 
мазмұны  ғылыми  революциялар  фактісін  жасырады  деп  есептейді 
Кун. Оқулықты оқысаң ғылымның дамуы бірқалыпты және ілгермелі 
қозғалыс  деген  қорытындыға  келесің.  Өйткені  ұлы  ойшылдардың 
ойлары осы заман тұрғысынан түсіндіріледі. 
         Кунның  «Ғылыми  революциялар  құрылымы»  атты  кітабының 
бірінші  басылымы  жарық  көргеннен  бері  (1962  ж.)  концепциясы 
сынға  душар  болады.  Алайда  «Ғылыми  революция»  және  «қалыпты 
ғылым» кезеңдері, «парадигма», «ғылыми қауымдастық» пен «белгілі 
парадигманы  жақтау»түсініктері  концепцияның  негізгі  түсініктері 
болып  қалды.  Кун  бұрынғысынша,  білімнің  ғылыми  емес  түрінен 
ғылыми түрге көшуі сыншылдықтан бас тартудың арқасында мүмкін 
болған  деп  есептейді.  Логика  немесе  ғылыми  тәжірибе  өздігінен 
ғылымға  белгілі  бір  теорияны  таңдауға  жол  ашпайды.Осы  мәселені 
шешетін логика емес, психология немесе әлеуметтану болады. 
       Бұл  басты  түсініктерге  өзгерулер  мен  айқындаулар  Кунның 
мынадай 
еңбектерінде 
жазылған: 
«Ғылыми 
революциялар 
құрылымы»  кітабының  соңғы  сөзінде  (1962),  «Парадигма  жайында 
екінші  толғаныс»  деген  ғылыми  теориялар  құрылымы  мәселелері 
жөніндегі  симпозиумында  жасаған  баяндамасында,  «Жаңалық  ашу 
логикасы  немесе  зерттеу  психологиясы»,  «Менің  сыншыларыма 
жауап»  атты  жұмыстарында  және  басқа  да  еңбектерінде.  Кунның 
айқындауы алдымен парадигма түсінігіне байланысты. Парадигмалар, 
Кун  бойынша,  «данадан»(экземпляр)  және  «пәндік  матрицадан» 
құралған.  Дана  (экземпляр)  –  парадигманың    орталық  элементі.  Ол 
ғылыми проблемалардың, бас қатырғыштардың нақты шешімі болып 
табылады.  Ғылыми  қауымдастық  даналарды  (экземплярларды)  үлгі 
ретінде қабылдайды. Ал пәндік матрицалар ғылыми қауымдастықтың 
іргелі  түсініктерінің  жиынтығын  білдіреді.  Бұларға  кепілдік 
мақұлдаған 
терминдер, 
жалпы 
модельдер, 
жалпылама 
құндылықтардың  жүйесі  жатады.  Кун  «парадигма»  терминінің 


 
 
42 
«пәндік  матрица»  түсінігімен  алмастыруға  қарсы  емес.  Қалыпты 
ғылым  кезеңдерінде  барлық  ғылыми  қауымдастық  мүшелері  бірегей 
пәндік  матрицаларды  жақтайды.  Пәндік  матрицалардың  құрамдас 
бөлігі  ретінде  Кун  рәміздік  (символдық)  жалпылықтарды,  жеке 
онтологиялық  үлгілерді  және  даналарды  (экземплярларды)  ерекше 
атап көрсетеді. 
       Кун  өзінің  тұжырымдамасын  ғылымды  неопозитивистік  түсінуге 
ғана емес, Поппердің «ғылыми білімінің өсуі» доктринасына да қарсы 
қояды.  Поппер  де,  Кун  да  ғылымның  және  ғылыми  танудың 
дамуының  «шындыққа  негізделген»  талдауына  талаптанады.  Сол 
кездегі  ғылыми  философияның  реализмге  осындай  талпынуы 
позитивизм  мен  субъективизм  дағдарысымен  байланысты.  Сонымен 
қатар олардың концепцияларындағы түбегейлі айырмашылықтар бар. 
Егер  Поппер  ғылыми  прогресстің  объективті  және  рационалды 
тетіктерін  ашуға  бел  буып,  шығармашылық  психологиясы  мен 
әлеуметтануды  зерттеуден  бас  тартса,  Кун,  керісінше,  ғалымдар  мен 
ғылыми  қауымдастықтар  қызметінде  құндылықтардың  рөлін 
анықтаумен 
шектеледі. 
Кунның 
«ғылыми 
революциялар» 
концепциясы  Поппердің  жалғаспалы  революциясына  қарама-қарсы. 
Қорыта  келгенде,  Поппер  және  Кунның  ғылымының  дамуындағы 
үлгілерін 
біріктіретін 
белгі-әлеуметтік 
және 
психологиялық 
факторлардың  маңыздылығын  тану.  Осы  белгімен  олар  неопозити-
вистер  ұсынатын  үлгіден  ерекшеленеді.  Поппердің  үлгісін 
«кьювенистік»деп  атауымызға  болады.  Олардың  концепциялары 
ғылымның  тарихымен  қайшы  тұстары  болған  соң,  көптеген 
методологтар  мен  тарихшылар  ғылым  дамуының  процестерін 
философиялық  тұрғыдан  қарастыруға  басқа  жолдарын  іздестіруге 
итермелейді.  Сол  жаңа  ізденулердің  ішінде  қызығушылық 
тудыратындары 

И.Лакатос, 
С.Тулмин, 
П.Фейерабендтің  
философиялық  концепциялары. 
        Ғылымның даму процесін реконструкциялаудың Попперлік және 
Кундық  көзқарастармен  Лакатостың  көзқарасы  –  бәсекелеседі. 
Лакатостың  көзқарасы  зерттеушілік  программалар  терминдерінде 
қалыптасқан.  Есте  сақтайтын  жағдай,  зерттеушілік  бағдарламалар 
(ЗБ)  концепциясы  Поппердің  идеяларынан  бастау  алады  және 
Поппермен  бәсекелеске  түскенімен,  Лакатос  көп  жерде  өзін 
Поппердің  шәкірті  мен  жалғастырушысы  деп  көрсетіп,  Поппердің 
әдістемелік фальсификационизмін біршама дамытып жетілдірді. 
        Зерттеу  программаларының  әдістемесі  Лакатостың  келесі 
еңбектерінде  көрініс  тапты:  «Сынаушылық  және  ғылыми  зерттеу 
программаларының  әдістемесі»,  «Фальсификация  және  зерттеушілік 
программаларының  әдістемесі  және  т.б.  Зерттеу  программасы  жаңа 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау