Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет11/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   89

 
 
32 
         Поппердің  фальсификациялау  принципіне  анализ  жасай  келе, 
мынаны байқау керек, фальсификациялау мен верификациялау  – бұл 
теорияның  тәжірибемен  қарым-  қатынасының    екі  жағы.  Поппердің  
біреуін тастап кету арқылы екінші жақты ажыратуы, біздің ойымызша 
дұрыс  емес.  Әрине,  теорияның  дәлелденуі  оның  шынайы  екенін 
дәлелдемейді.  Поппер  заңды  белгілегендей,  егерде  біз  тапқымыз 
келсе,  әрбір  теория  үшін  дәлелдеуші  мысалдарды  табу  оңай. 
Поппердің  өзі  тәуекелді  болжамдар  түріндегі  делелдердің  кейбір 
анықталған  түрлерін  мойындайды.  Сондықтан,  мәселе  барлық 
дәлелдерді  жоққа  шығаруда  емес,  ал  делелдердің  мамандануының 
анализінде,  «дұрыс»  және  «дұрыс  емес»  делелдерді  анықтауда. 
Делелдерді  және  оның  негізін  құрайтын  индукцияны  жоққа  шығара 
отырып, Поппер тану үрдісіндегі тәжірибенің рөлін шектейді.  
Егер  теорияны  жасағанда  біз  тәжірибеден  шықпасақ,  сезімдік 
қабылдауға,  шынайы  заттардың  сипатына  сүйенбесек  және  олар  да 
бізді  «түсінікті  теорияларды»  жасауға  «итерлемесе»,  онда  бұл 
аспектіде  теория  мен  тәжірибе  байланысы  үзіледі,  тәжірибе 
бағаланбайды.  Индукцияны  толық  жоққа  шығару  анықтаушы 
субъектің  теориясының  өзімен  өзі  пайда  болуына,  априоризмге, 
конвенционализмге,  туа  біткен  білімнің  концепциясына  алып  келеді. 
Иә,  біз  «теорияның  жарығында»  бақылаймыз,  бірақ    бұл  бақылау 
теорияны  жасаудың  импульсі  болып  табылады.  Азамзаттың 
танымының  тәжірибесі  индукцияның  бар  болуын  насихаттайды.    И. 
Ньютонның  ғылыми зерттеу әдісі туралы: «Көріністен екі немесе үш 
қозғалыстың ортақ принциптерін шығарып және содан кейін  барлық 
дене  заттарының  іс  әрекеті  және  ерекшеліктері  осы  принциптерден 
қалай көрінетінің айту керек» деген  сөздерін еске салсақ болғаны.  
Әрине,  Поппердің  сынынан  кейін  индукцияның  концепциясы 
түзетулерді  қажет  етеді.  Шынында  біздің  біліміміз  «адам  ойының 
тәуелсіз  шығармасын»  еске  түсіреді.  Егер  де  теория  бұл  «біздің 
әлемге  тастаған  желіміз»  болса,  онда  осы  «желілердің»  ұяшықтары 
әлемге сәйкес құрылады.  
Фальсификациялануға  келсек,  онда  метафизикалық  жүйелердің 
жоққа шығарылмауы екіжайлы. Егер олардың тәжірибе түрінде жоққа 
шығарылуы  мүмкін  емес  болса,  онда  теория  түріндегі  жоққа 
шығарылуы  мүмкін.  Олардың  практикалық  жоққа  шығарылуын  есте 
сақтау керек.  
Поппер  ғылым  деп  эмпирикалық,  тәжірибелі  ғылымды 
түсінетінін  ескеру  қажет.  Және  осы  аспектіде  оның  «жеткілікті 
түрдегі  дәлдікпен  фальсификациялау  критерийі  эмпирикалық 
ғылымдардың  теориялық  жүйелерін  метафизика  жүйелерінен 
ажыратады» деген қорытындысы сенімді болып келеді.  


 
 
33 
Философия  мен ғылымның   бірізділігі. Егер фальсификациялау 
принципі философия мен ғылым арасындағы айырмашылықтарды 
көрсететін болса, онда оларды не біріктіреді?  Поппер бойынша, 
философия мен ғылым тығыз байланысты. Олардың ортақ негіздері – 
«таза мағына» мен әлемді тануға деген талпыныс.  
«Барлық  адамдар  философтар»,  -  деп  айтады  Поппер. 
Сондықтан,  ғалымдар  да  осылардың  ішінде.  Поппер  философияны 
біржақты  және  тура  анықтауға  қарсы.  Философия  конвенционалды 
болып  келеді.  «Анықтамада  тура  көрініс  табатын  және  бөліп 
көрсетілетін  философияның  негізі  жоқ».  Поппер  үшін  философия 
жалпы  таныммен  алмасып  отырады.  Философияның  мәселелерінің 
бастысы  –  бұл  «кез  келген  ойлай  алатын  адам  қызығатын  мәселе». 
«Бұл  әлемнің  бөлігі  ретінде  бізді  де  қоса  алғанда  әлемді  тану 
мәселесі». Поппердің айтуынша, оның философия мен ғылымға деген 
қызығушылығы  оның  «өзіміз  өмір  сүріп  отырған  әлемнің  жұмбағы 
туралы және осы әлем жайлы адамның білімінің жұмбағы туралы  бір 
білгісі» келгенімен байланысты.  
Поппер  қолданатын  «әлемді  тану»  ұғымында  екпін  «тану» 
ұғымына  да,  «әлем»  ұғымынада  түсуі  мүмкін.  Біздің  ойымызша, 
Поппер үшін әлем  «танымын» бөліп  көрсету маңызды болып келеді, 
және  ол  сөйтіп  жасайды.  Ол  былай  деп  жазады:  «Адамзат  білімінің 
феномені,  сөзсіз,  біздің  әлемтануымыздың  үлкен  таңғажайыбы.  Ол 
тез  арада  шешіле  қоймайтын  мәселені  құрастырады».  Бірақ  Поппер 
үшін  таным  ол  шектелмеген,  абстрактілі  таным  болып  келеді.  Бұл 
«әлемді»  тану.  Тура  әлемді  тану  үрдісінде  таным  үрдісінің 
мамандануы  анықталады.  Тіпті  Поппер  ғылыми  танымның 
мағынасын  бөліп  көрсетеді.  Ғылыми  білімнің  өсуі  әсіресе  әлем 
туралы  адамзат  білімінің  «құпияларын»  шешу  үшін  қызмет  етеді. 
Сонымен,  ғылым  танымның  философиялық  мағынасын  шығаруда 
маңызды  фактор  болып  табылады.  «Әлемді  тану»  ұғымының  өзі 
философия мен ғылым арасындағы тығыз байланысты көрсетеді деуге 
болады.  
Дәл  осы  ғылыми  таным,  оның  өсімін  зерттеу  Попперге 
философиялық дәстүрлерді қайта қарауға және өзінің философиялық 
концепциясын құрауға мүмкіндік берді, оның эпистемологиясына да, 
сондай-ақ  қоғамдық  философияға  да  шығармашылық  негіз  болды. 
Аристотельдің анықтамаларының эссенциалистік әдістерін сынағанда 
ол    жаңашыл  дүниетанымның  тәжірибелеріне  сүйенеді.  Платон  мен 
Аристотельдің эссенциалистік көзқарастары «жаңа заман ғылымының 
әдістерімен  қарама  қайшылықта  болып  келеді».  «Ғылымда  «білім» 
осы  сөзді  Платон  мен  Аристотель  түсінетін  мағынада  жоқ,  яғни 
қорытындыны  сипаттайтын  мағынада.  «Ғылымда  біз  ешқашан  да 


 
 
34 
шындыққа  жеттік  деп  айту  үшін  жеткілікті  негізге  ие  бола 
алмаймыз». 
Поппер  ғылымның  «мағынасыз»  философиялық  боссөздерді 
алып  тастауындағы  рөлін  бөліп  көрсетеді.  Философия,  Поппердің 
пайымдауынша,  неопозитивистер  ойлағандай  тек  әлем  туралы 
адамзаттың айтқан сөздерінің мағынасын анықтайтын іс әрекет болып 
қана  қоймай  ғылым  сияқты  өз  алдына  күрделі  мәселелерді  қоя  және 
талқылай  алады.  Поппер  философия  мен  ғылымның  ұқсастықтарын 
метолодологиялық  аспектіде  көреді.  Философияға  тек  өзіне  тән 
«логикалық  және  лингвистикалық»  әдіс  тиесілі  деп  есептеген 
неопозитивистерге  қарсы,  Поппер  жалғыз  философияға  ғана 
маманданған әдіс жоқ деп анықтайды.  
Осымен қоса, «белгілі бір ортақ әдіс» бар деп есептейді Поппер. 
Ол  тек  қана  философияға  ғана  жатпайды,  ол  «табиғи  ғылымдарға 
философиядан  аз  емес  мөлшерде  тиесілі».  Осы  әдістің  негізі  ретінде 
рационалдылықты  және  сыншылдықты  ала  отырып,  Поппер: 
«Белгілі  бір  мәселенің  қандай  да  бір  шешімін  ұсынарда  біз,  сол 
арада  жедел  түрде  осы  шешімді  жақтамай,  оны  жоққа  шығаруға 
тырысуымыз керек» деп айтады.  
Сонымен,  К.  Поппердің  ғылым  философиясына  қосқан  үлесі  
болып ғылыми таным үшін метафизиканың мағыналығын көрсетуге 
көмектескен  индукцияның  сыны  мен  фальсификациялау  идеясы 
табылады. 
 
Осы  күрделі  мәселеден  біріншіден  К.Поппердің  ғылым 
методологиясы  және  гносеологиялық  тұжырымдамасын  атауға 
болады.  Поппер  ғылым  теориясына  реалистік  көзқарас  жүргізді: 
әлем,  теория  туралы  сезулері  бола  тұра,  оның  көзқарасы  бойынша 
шынайы өмірдің ғылым күнделікті әртүрлі аспектілерін сипаттауға 
мүмкіндік береді.Ол сонымен қатар философия ғылымының негізгі 
мәселесі  болып  дайын  теорияларды  талдау  ғана  емес,  керісінше 
ғылыми  білімнің  дамуын  зерттеу  болып  табылады.  Осыған  орай 
ғылыми теорияны жасанды, логикалық арқылы талдауды ұсынатын 
неопозитивистерге қарсы шығады. 
 
Поппер  өзін  неопозитивизмнің  жақтаушысы  деп  санамаса  да, 
керісінше  өзінің  оған  деген  сындық  қатынасын  көрсеткенмен  де 
оның 
көптеген 
философиялық 
доктринасы 
неопозитивизм 
дәстүрімен  байланысты.  Қоғам  дамуы  –  бұл  ғылым  дамуының 
нәтижесі  деген  анықтаманы  қолдауы  О.Конттың  теориялық 
зерттеулерінің  негізгі  идеясы  болды.  Барлық  позитивистер  сияқты, 
Поппер  де  шығатын  гипотезалардың  қалыптасу  құралы  ретінде 
индукцияны жоққа шығарады. Мысалы, ғылыми теорияны дәлелдеу 
туралы  сөз  болған  уақытта,  ғылым  методологиясы  тек  дедуктивті 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау