22
Ғылымның даму нәтижесінде адам санасы сенімнен жоғары
болуы тиіс, ғылым діннен, оң білім- теология мен метафизикадан
жоғары болуы тиіс. Конттың философиясының негізі болжамы
осыдан туындады.
Конттың пікірі бойынша позитивті білім барлық білімнің негізі
болып есептлінеді. Сондықтан, позитивті ғылым –сипаттауға болатын
шынайылық туралы ғылым. Ғылымның мақсаты – заңдылықтарды
зерттеу, өйткені тек заңдылықтар болашақты болжауға мүмкіндік
береді және біздің белсенділігімізді табиғат пен қоғамның өзгерісіне
бұра алады.
Соңғы мәселені шешу үшін, Конт «әлеуметті физиканы», яғни
ғылыми әлеуметтануды құруды қажет көрген.
Философ пікірі бойынша позитивті білім әрқашан қатысты, өйткені
қабылдау процесі – тек құбылыстардың уақытша тізбектілігі және
олардың кеңістіктік координациясы. Осыдан фактілердің жиынтығы
имманентті болып табылады. Имманенттілік көзқарасы бойынша –
позитивті ғылым қағидасы метафизикаға қайшы келеді. Конт
метафизикалық категорияларды қолдануға қарсы шыққан болатын,
олар
«абсолютті
субстанция»,
«абсолютті
объект»,
«трансценденттілік» және т.б., себебі аталған талпыныстар абсолютті
рухтың құпиялы әсерін айқындайды, ал ол өз кезегінде теолого-
физикалық ойлауға тән қасиет болып табылады.
Бірақ, нақты фактілермен қатар Конт абстрактілі түсініктердің
болуын да мойындайды. Математикалық формулалар көмегімен
ғылым құбылыс әлемінің уақытты тізбегі мен кеңістікті
қатынастарды
тіркейді. Табиғи заңдылықтарды ретке келтіру мақсатымен Конт
ғылымдар классификациясын құрған болатын. Осы классификация
бойынша
ғылым
қарапайымдылық
абстрактілік
дәрежесіне
байланысты кеміте орналасқан – математика, астрономия, физика,
химия, биология, әлеуметтану. Олардың жүйелі реті құбылыстардың
қарапайым ретіне сәйкес келеді және ол позитивті білімнің даму ретін
сипаттайды. Математика бірінші орынды иеленді, өйткені ол ең
қарапайым объектілер туралы ғылым, ол абстрактілі және позитивті
ғылыми пән ретінде бірінші болып қалыптасқан. Әлеуметтану,
фундаментальды пәндердің ең соңғысы, өйткені ол өте күрделі, нақты
және тарихи жағынан кейіннен қалыптасқан ғылым болып табылады.
Әлеуметтану, басқа пәндерге қарағанда қатаң заңдылықтарды көбірек
қажет етеді, себебі ол күрделі құбылыстармен көп байланысты.
Екінші жағынан, оның әр түсінігі байланыстар жүйесіне кіреді, ал
олар үнемі кеңейіп, нығайып отырады.
Конт жіктемесінде философия ескерілмеген, өйткені оның
пікірінше «ғылым өздігінен философия болып табылады». Философия