115
5) лекцияның бір бӛлімінен екінші бӛліміне логикалық байланысты сақтай
отырып кӛшуі;
6) ақпаратты ұсынудың мәселелігі мен эмоционалдығы;
7) мысал, салыстыру, анық айғақтарды ӛз орнында қолдануы;
8) аудиториямен байланыста болу, студенттердің ойлау іс-әрекетін
басқаруы;
9) лекциядағы негізгі жағдайларды жазып алуға мүмкіндік беретін
материалды ұсынудың тиімді жиілігін сақтауы;
10) жазып алуға қажеттіні бӛліп кӛрсетеуі;
11) ӛтілетін ақпаратты қабылдау мен түсінуді жеңілдету үшін оқу
материалына кӛрнекілік қолдануы;
Лекциядағы оқу материалдары семинар және практикалық сабақтарда
талдану нәтижесінде білімді тәжірибеде қолдану дағдысы қалыптасады
(Пидкасистый П.И., 1998; Подласый И.П., 2000; Якунин В.А., 1998 және т.б.).
Лекцияның қазіргі таңдағы оқылуы бойынша құрылымы да ерекшелік
сипатқа ие болуда. Олар: проблеманы айқындау, проблеманы шешу, проблема
шешімін қолдану кезеңдерін қамтиды. Осындай құраушылардан тұратын
лекция барысы білім алушылардын белсенділігін және алған білімді практикада
қолдануды қамтамасыз етеді. Студенттердің алған білімдерін практикада
қолануын қамтамасыз ететіні семинар болып табылады. Семинар-студенттердің
теориялық білімін практика түрінде қолдануға мүмкіндік беретін оқу
жұмысының түрі. Семинар сабақтар студенттерге оқу үдерісінде кәсіптік
шығармашылық тұрғыдан ойлауды қамтамасыз етеді. Семинар сабақтар
оқытудың сан түрлі құбылтып ӛтуге болатын формасы. Онда негізгі бағыт
беруші негізінен оқытушы болғанымен, студент, яғни болашақ тарих
мұғалімінде ӛз бетінше кӛп жұмыс істеуіне кӛп мүмкіндік беріледі. Семинар
оқу жұмысының барлық түрімен тығыз байланысты: ең алдымен лекциялық
оқытумен және ӛз бетінше жұмыс істеумен. Сондықтан да, семинардың сапасы
лекцияның сапасына және студенттің ӛз бетінше қалай жұмыс істеуіне
байланысты болады [223, б. 252-254]. Семинар сабақтарды оқытушының
басқаруымен
пікірталас
ретінде
ӛткені
пайдалы.
Семинарда
оқу
бағдарламасының негізгі бӛлімдері қарастырылады. Сонымен бірге, студенттер
даярлап келген рефераттар мен баяндамаларды талдауда кӛп тараған семинар
түріне жатады. Жоғары оқу орындарында семинар сабақтардың кең тараған
түрлері зерттеу семинарлары ол лекцияның тақырыбына байланысты емес.
Оның мақсаты болашақ маманның алдынан шығатын кейбір ғылыми
практикалық проблемаларды шешу болып табылады.
Тақырыпты дайындау әр студенттің белсенді түрде қатысуымен ұжымдық
жағдайда іске асырылады. Семинар сабақтарда пәннің мазмұны бойынша
проблемалық оқыту принципін іске асыру және бар білімін шығармашылыққа
жұмсау үшін қолдануға үйрету қажет. Болашақ тарих мұғалімдерін «Мәңгілік
Ел» құндылықтарын оқытуға даярлауда проблемалық оқытуда сұрақтардың
түрлерін орынды қолдану үлкен мәнге ие. Сұрақтардың тӛмендегідей түрлерін
біздер оқыту әдістемесі бойынша дайындықты жетілдіруде кеңінен қолдандық.
116
Олар, ынталандыру сұрақтары: күмәнді-сұрақ (таңданыс), есіне түсіру-сұрақ
(тұспалдау), құптау-сұрақ (мақұлдау).
Болашақ тарих мұғалімдерін «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға
даярлауда оқытудың белсенді (активті) әдістері кеңінен қолданылады. Дәстүрлі
оқыту формалары үшін әдіс-тәсілдер ойластырылған; кеңінен қолданылып
жүргендердің ішінде ерекше орын алатыны оқытудың белсенді (активті) және
аралық белсенді (интерактивті) әдістері. Оқытудың белсенді әдісі дегенде оқу
үдерісінде жеке адамның белсенділігін арттыратын әдісті айтады. Оқытудың
белсенді әдісі: ӛнімді, шығармашылық, ізденушілік мазмұнда болады. Оған
дидактикалық ойындар, нақты жағдайда сараптама жасау, мәселелерді шешу,
алгоритм бойынша оқыту және т.б. жатады. Сонымен бірге оқытудың
интинсивті әдістері қолданылады, олар оқытуды ұйымдастыруды қысқа мерзім
ішінде, ұзартылған бір реттік және оқытудың белсенді әдісін пайдаланумен
ерекшеленеді. Оқытуды интенсивтендіру, арттыру дегеніміз адамның эмоциясы
мен санасына сүйену. Психологиялық тренинг кӛмегімен сезу, сараптау, есте
сақтау мен ақпаратты пайдалану күшейтіледі [223, б.329-333]. Осы мақсатта
«Мәңгілік Ел» құндылықтарының астарында жатқан адами құндылықтарды
және оларды түзетін адами қасиеттерді іріктеу үшін болашақ тарих
мұғалімдерімен тренингтер ұйымдастырылды. Әрбір тақырыпта «Мәңгілік Ел»
құндылықтарын оқыту барысында оқушылардың меңгеруі тиіс құндылықтарды
іріктеу мен оларды оқушы санасында қалыптастыру үшін сұрақтар іріктеуге
баса назар аударылды.
2. Пікірталас (дискуссия). Оқу үдерісінің барысында бұл оқыту әдісін
семинар
сабақтарының бағдарламасына
енгізу
қарастырылған. Оқу
дискуссиясы батыстың жоғары оқу орындарында жемісті қолданылып
жүргендігі белгілі. Бұл ӛзіндік пікірді нығайтуға және оның дами түсінуіне
бағытталған. Дискуссияның негізгі қызметі – студенттің танымдық
қызығушылығын ынталандыру, ӛзіндік кӛзқарасын, ӛзінің ойын дәлелді
сӛйлеуге дағдыландыруды және ұстанымын қорғай білуді қалыптастыру.
Сонымен бірге, оқыту әдістерінің оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік
және бақылау-түзетушілік қызметтері белсенді түрде жүзеге асады. Дискуссия
тиімділігінің маңызды шарты студенттерді мазмұндық және формалық тұрғыда
алдын ала дайындау. Мазмұндық дайындау алдағы дискуссияның тақырыбы
бойынша негізгі білімдерді қалыптастырудан тұрса, формальды дайындау
білімді жеткізу формасын таңдап алумен анықталады. Ал, білімсіз дискуссия
нысаны жоқ, мағынасыз болатындығы белгілі. Ойды шатастырмай,
қайшылықсыз жеткізу дағдысын дамытуға мүмкіндік береді. «Мәңгілік Ел»
құндылықтарын оқыту үшін болашақ тарих мұғалімдерінің даярлығы екі
құраушыдан тұратыны кӛрініп тұр. Оның біріншісі, олардың академиялық және
екіншісі, әдістемелік даярлығы. Осы себепті, дискуссия аталған дайындық
деңгейлері бойынша ұйымдастырылады.
3. Кітаппен жұмыс. Бұл әдіс студент үшін оқу ақпаратын ӛзіне ыңғайлы
жерде және қажетті уақытта ӛңдеуге мүмкіндік береді. Кітаппен ӛзіндік
жұмыстың мақсаты оқу тапсырмаларын дұрыс орындау үшін қажетті және оқу
Достарыңызбен бөлісу: |