Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет49/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70

 
110 
 
 
4) ОБСӚЖ, СӚЖ құндылықтарды меңгертуге бағдарлауға
5)  Педагогикалық  ӛлшеу  және  бағалау  –  оқыту  нәтижесін  анықтау 
құралына. 
Болашақ тарих пәні мұғалімдерін «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуға 
даярлауда  оқыту  үдерісі  компонентінің  бірі  –  оқыту  әдістері  мен  формалары. 
Олардың  оқыту  үдерісінде  ӛзіндік  орны  бар.  Әдіс  деп  білім  беру  міндеттерін 
шешу  мақсатындағы  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  ӛзара  іс-әрекет  тәсілі 
түсінілетіні белгілі. Бұл жӛнінде алғашқы тақырыптарда айтылған болатын. 
Оқыту әдістері мен тәсілдері кӛп және оларды таңдау оқу материалы мен 
оқыту нәтижесіне байланысты таңдалады. Ол жӛнінде тарихшы, тарихты оқыту 
бойынша жазған ғалымдардың еңбегінен үзінділер келтіруге болады. 
Болашақ  тарих  мұғалімдері  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқыту  үшін 
ӛздерінің  дайындықтары  қамтамасыз  етілуі  тиіс.  Сол  себепті  де,  әдістемелік 
жұмыстар барысында тӛмендегідей әдістердің орны ерекше. 
Тарихнамалық  мәтіндермен  жұмыс  жүргізу  әдісі  білім  алушының  білімін 
кеңейтіп,  тиянақты  ете  түседі.  Сонымен  қатар,  тарихи  ойлау  дағдысын 
дамытады, мәтіндермен ӛздігінше жұмыс істеу шеберлігін шыңдай түседі. Бұл 
әдісті болашақ тарих мұғалімі меңгеруі және практикада жүзеге асыруы тиіс. 
Тарихнамалық  мәтінге  талдау  –  тарих  пәнін,  оның  ішінде  «Мәңгілік  Ел» 
құндылықтары бойынша оқу материалдарын оқытудағы негізгі әдістердің бірі. 
Оқыту  әдістерінің  негізгі  міндеті  –  білім  беру  үдерісінің  мақсатына  жету. 
Оқыту  әдістерін  дұрыс  таңдау  оқушылардың  ынтасын  арттырып,  танымдық 
белсенділігінің дамуына ықпал етеді. Бұл туралы қазіргі заманғы мамандардың 
оқыту әдіс-тәсілдері сабақ барысын тек бақылап, жүйелендіру үшін ғана емес, 
оқытушының  оқу  үдерісінің  нәтижесі  мен  барысын  қадағалауға  және  қажетті 
ӛзгерістерді енгізуге мүмкіндік береді [242]. 
Тарихты,  оның  ішінде  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуда 
интербелсенді  әдістермен  қатар,  дәстүрлі  әдістердің  де  жүзеге  асырылатыны 
анықталып  отыр.  Тарих  пәнін  оқытуда  тарихи  құжатпен,  дерекпен  жұмыс 
жасау  үшін  ЖОО  болашақ  мұғалім  мынадай  кезеңдерден  тұратын  реттілік 
бойынша дайындық кӛреді: 
1)  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтары  бойынша  қарастыратын  құжат  үлгісін 
беру; 
2)  құжатқа  талдау  жасауда  мұғалімнің  оқушыға  кеңес  беруі  мен  ӛзіндік 
жұмысына басшылық ету; 
3)  сыныптағы  және  сыныптан  тыс  уақытта  құжатпен,  дерекпен  жұмыс 
жүргізу. 
Қазақстан  тарихы  пәні  мазмұнындағы  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын 
оқушыларға  оқытуда  тарихнамалық  мәтінге  талдау  тәсілін  оқушылар  жүзеге 
асыру  үшін  мұғалім  бірқатар  жұмыстарды  орындауы  тиіс  және  ол  бойынша 
болашақ  тарих  пәні  мұғалімдерінің  даярлығын  ЖОО  қамтамасыз  ету  керек. 
Дәрісханалық оқу  жұмыстарында  болашақ  тарих  пәні  мұғалімі  тарапынан  оқу 
материалдары тӛмендегідей етіп талдайды: 
- мәтіндегі негізгі тақырып пен идеяны анықтау; 


 
111 
 
 
-  факт  немесе  оқиғаны  пайымдаудағы  құндылықтық-мағыналық  бағдарды 
табу; 
- келтірілген дәлелдердегі ұстанымдарды тізбектеу; 
- мәтін авторының ойлау тәсілін түсіну және негізгі оқиға мен факт туралы 
ӛзіндік ұстанымын қалыптастыру; 
- жүзеге асыру барысын ӛрнек, схема ретінде кӛрсету. 
Бұл  айтылғандар  болашақ  тарих  пәні  мұғалімдерінің  әдістемелік 
даярлығын жетілдіруге мүмкіндік береді. Ол үшін ЖОО педагогикалық үдерісті 
модельдеу  немесе  сынақ  сабақтарын  ӛткізу  бойынша  оқу  жұмыстары 
ұйымдастырылады. 
Мектеп  оқулықтарын,  оқу  бағдарламаларын  әдістемелік  талдау  –  ЖОО 
болашақ  тарих  пәні  мұғалімдерін  даярлау  үдерісінде  де  жүзеге  асырылады. 
Оның себебі, оқыту мазмұнын терең түсінуді қамтамасыз ету. 
«Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуда  әдістемелік  тәсілдердің  білім 
меңгерту құралы болып табылатыны белгілі. Оқытудағы әдістемелік тәсілдер – 
дегеніміз – нақты міндетті шешуге бағытталған әрекеттер. Жазба-кескіндемелік 
тәсілдерге мыналар жатады: 
- оқиғалардың күнтізбесін жасау; 
- кесте, жаңа сӛздер сӛздігін жасау; 
- логикалық сұлбалар мен суреттер салу
- кескін карта толтыру; 
- сӛздік-баспалық мәтінімен жұмыс жасау
- құжаттармен жұмыс жасау; 
- синхрондық кесте жасау; 
- тарихи білімдерді жүйелеу; 
- салыстыру мен дербес қорытынды жасау
- дағдыларды қалыптастыру. 
«Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуда болашақ тарих пәні мұғалімі үшін 
бірқатар терминдер, ұғымдар түсінікті болуы тиіс. Олар құбылыс, үдеріс, т.б. 
Құбылыс  –  нақты  дерекке  қатыссыз,  орны  мен  қатысушылары,  уақыты 
кӛрсетілмеген жалпы ұғымдар (революция, кӛтерілістер). 
Үдеріс  (процесс)  деп  -  даму  жағдайының  бірізділікпен  ауысуы.  Тарихи 
үдеріс уақытпен тығыз байланысқан деректер тізбегі, оның байланыстырушысы 
себеп пен салдар. Мысалы: ӛнеркәсіптік тӛңкеріс - мануфактурадан машиналы 
ӛнеркәсіпке ӛтуді сипаттайтын үдеріс [65, б. 36]. 
Тарихты танудың ӛзі үдеріске жатады. Ол деректерді игеруден басталады. 
Тарихта  түсінік  пен  ұғым  дегендер  бар.  Оқып  үйренген  деректердің  негізінде 
оқушы  санасында  тарихи  ұғымдар  мен  нақты  түсініктер  қалады.  Ондай 
әдістердің қатарында бейнелеу, суретін салу, нысанды кескіндемелік тұрғыдан 
қайта жаңғыртуды атауға болады. 
ЖОО  оқу  жұмыс  түрлерін  оқыту  әдістері  мен  формасын  ажыратуда 
әртүрлі  кӛзқарастар  орын  алған.  Оларды  тӛмендегідей  етіп  ұсыну  да 
қарастырылған. 


 
112 
 
 
Оқыту  формалары:  лекция,  семинар,  курстық  жұмыс  және  практикалық 
курс  бойынша  семинар,  практикалық  және  лабораториялық  жұмыстар, 
оқытушы  басшылығымен  жұмыс,  ӛзіндік  жұмыс,  ӛндірістік  практика, 
тәжірибелік зерттеулер, жоба бойынша жұмыстар. 
Оқытушы әрекеті немесе оқыту әдісі: кеңес беру, зерттеушілік семинарлар, 
практикалық  сабақтар,  мәселені  шешуді  іздеу  бойынша  сессия,  мастер  класс, 
стажировка,  ӛндірістік  жұмыстар,  топтық  жоба  жұмыстары,  зерттеулерге 
қатысу, интербелсенді қашықтан оқыту. 
Білім  алушы  әрекеті  немесе  оқу  әдісі:  IT  әдісі,  кітапханадан,  Интернет 
желісіндегі  материалдарды  іздеу,  әдебиеттерді  шолу,  зерделеген  әдебиеттер 
бойынша  резюме  (аннотация)  жазу,  сasestudy,  тапсырмаларды  құрастыру  және 
шешу, қажетті зерттеулер жүргізу және эссе, т.б. жазу. 
Оқу жұмыс түрі ретінде лекция түрлері басқаша айтқанда, ауызша жеткізу 
әдістеріне  қарағанда  құрылымы,  оқу  материалдарын  жеткізу  логикасы, 
ақпараттардың  айқындылығы  және  қарастырылатын  тарихи  жағдайды  жүйелі 
сипаттау тұрғысынан ерекшеленеді. 
Болашақ  тарих  мұғалімдеріне  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқыту 
бойынша  оқу  материалдарын  меңгерту  үшін  әдістемелік  пәнде  тӛмендегідей 
оқытудың формалары қолданылады. 
Кіріспе  лекциясы.  Лекцияда  берілген  курс  бойынша  құндылықтар, 
«Мәңгілік  Ел»  құндылықтары,  т.с.с.  жүйе  жайлы  және  Қазақстан  тарихы 
пәнінде  оларды  оқыту  жӛнінде  алғашқы  мағлұматтармен  студентке  бағдар 
беріледі. 
Лектор  студенттерге  пәннің,  оқу  материалдарының  мақсаты  мен 
міндеттері  жайлы,  оның  басқа  пәндер,  пәнаралық  оқу  материалдары 
арасындағы  алатын  орны,  маман  дайындау  жүйесіндегі  маңызы  жайлы  толық 
түсіндіріп  ӛтеді    [170,  с.  51-64].  Курсқа  қысқаша  шолу  жасалып,  тарихи 
білімнің,  тарихи  білім  берудің  ғылым  мен  практикамен  байланысты  даму 
кезеңдерін,  осы  саладағы  жетістіктер,  белгілі  ғалымдардың  есімдері,  осы 
бағыттағы  зерттеу  жұмыстары  жайлы  айтылады.  Арнайы  лекцияда,  яғни 
«Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға  даярлау  үшін  таңдау  пәнінің 
кӛлеміндегі  әдістемелік  әдебиеттерге  шолу  жасалады,  қорытынды  бақылау, 
есеп беру формалары және оның мерзімі анықталады. 
Ақпаратты  лекция.  Студенттерге  ойлау  түрлерімен  қорытып,  есте 
сақтауға бағытталған ақпаратты беруге және түсіндіруге арналады [223, б. 240-
243].  Бұл  жоғары  мектеп  практикасындағы  ең  дәстүрлі  лекция  түрі.  «Мәңгілік 
Ел» құндылықтарын оқытуда, ақпарат беруде алатын орны ерекше. 
Шолу  лекциясы.  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтары  бойынша  оқу 
материалдарын жоғары ғылыми деңгейде жүйелеуге кӛмектеседі. Ақпаратты ой 
елегінен ӛткізгенде пәндік және пәнаралық байланысқа мән береді, тақырыпты 
оқытуда  нақты  жіліктеп  емес,  шолып  ӛтеді.  Әдетте  шолу  лекциясы  «Мәңгілік 
Ел»  құндылықтарын  оқытуға  байланысты  бір  бӛлім  немесе  толықтай  таңдау 
курсы бойынша оқылады және сол курс бойынша негізгі ғылыми түсінік береді. 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау