Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет54/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70

 
121 
 
 
7.  Оқу  материалдарындағы  логикалық  байланыс  басымдықтарын  және 
олардың бірінен біріне ӛтуді атап кӛрсете отырып, әңгіме құру; 
8.  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  қамтыған  оқу  материалын  салыстыра 
отырып ашу; 
9.  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  қамтыған  оқу  материалдарын  түзетін 
мәтіндегі танымдық міндетті түсіну; 
10.  Құндылықтарды  түзетін  зерттеліп  отырған  фактілер  мен  оқиғаларға 
қатысты ӛзінің пікірін айту; 
11.  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  қамтыған  жаңа  материалды  зерттеуге 
байланысты  сұрақтарды  ӛзбетімен  құрастыру  және  оны  белгілі  фактілер  мен 
ережелермен салыстыру; 
12.  Бірнеше  дерек  кӛздерін  пайдаланып  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын 
түзетін оқу материалдарын анықтау үшін қарапайым зерттеу жүргізу (құжаттар, 
бақылау, эксперименттер); 
13.  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  зерделеу  бойынша  болжам  құрастыру, 
оны тексеру жолдарын белгілеу; 
14. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын түзетін оқу материалдарын (фактілерді, 
тарихи  материалдарды,  т.б.)  салыстыру,  қорытынды  жасау;  мәнді  белгілері 
бойынша ақпараттарды жіктеу; 
15.  Құндылықтарға  қатысты  тарихи  түсініктерді  түзетін  абстрактылы 
құбылыстарының мағынасын ашу; 
16.  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтары  және  оларды  оқыту  бойынша  оқу 
орнында алған білімін тәжірибеде қолдану тәсілдерін табу. 
Құндылықтар  негізінде  тарихи  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  жүргізіледі 
және оны тӛмендегі суреттен кӛруге болады (сурет 4). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Құндылықтар негізінде тарихи ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері
 
 
«Мәңгілік Ел» 
құндылықтары 
бойынша 
рефераттық 
жұмыстар жазу 
«Мәңгілік Ел» 
құндылықтарын 
тұғырлайтын деректер 
мен дәйектер негізінде 
ғылыми баяндама 
жасап, ӛз тұжырымын 
негіздеу 
Құндылықтар 
бойынша 
курстық 
жұмыстар жазу 
Құндылықтардың 
ӛзекті мәселелері 
тақырыптарына 
ғылыми мақала 
жазу 
«Мәңгілік Ел» 
құндылықтарының 
қоғамдық-саяси, 
әлеуметтік-
экономикалық 
ӛмірдегі маңыздылығы 
жайлы тақырыптарда 
кӛзқарастары мен 
ғылыми 
тұжырымдарын 
негіздеу 
«Мәңгілік Ел» 
құндылықтарын 
насихаттаудағы 
жастар 
ұйымдарының 
қоғамдық-саяси 
және мәдени 
шараларына 
сценарий жазу, 
кеңес беру 
Құндылықтар 
және оларды 
іске асырудың 
әдіс-тәсілдері 
тақырыптарын
да диплом 
жұмысын жазу 


 
122 
 
 
Сурет 4 – «Мәңгілік Ел» құндылықтары бойынша болашақ тарих мұғалімдері 
орындайтын ғылыми-зерттеу жұмыстары 
 
 
Болашақ  тарих  мұғалімдерінің  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  оқытуға 
даярлығын  қалыптастыруда  педагогикалық  пратикалардың  рӛлі  жоғары. 
Олардың ішінде: зерттеу, тәрбие, сабақ беру және педагогикалық (ӛндірістік). 
 
Педагогикалық  практика  студенттердің  толық  мәнді  даярлығын 
қамтамасыз етуге бағытталады. 
Педагогикалық 
іс-тәжірибенің 
мақсаттары 
мен 
міндеттері: 
студенттердің  мектеп  қабырғасында  ӛтетін  оқу-тәрбие  жұмыстарын 
ұйымдастыру  практикасы  оқу  барысының  құрамды  бӛлігі  болып  табылады. 
Практика  барысында  студенттердің  теориялық  білімдері  мен  іс-тәжірибелік 
дағдыларының деңгейлері оқыту және тәрбие жұмыстарын жүргізу барысында 
тексеріліп, анықталады. 
Іс-тәжірибенің  мақсаты  студенттерді  орта  білім  беретін  мектептің 
басқару  органдарымен,  олардың  жұмысымен:  оқу-тәрбие,  әдістемелік, 
ӛндірістік,  барыстарының  ӛзгешелігімен,  мұғалімдердің  іс-әрекет  түрлерімен, 
олардың  мазмұны  мен  таныстырып,  студенттердің  кәсіптік  машықтану 
деңгейін кӛтеру. 
Іс-тәжірибенің 
міндеттері: 
оқу-тәрбие 
барысымен 
таныстыру; 
педагогикалық бақылау жүргізу оны талдай білу дағдысын жетілдіру, мектептің 
іс-құжаттары  мен  таныстыру;  сыныптан  тыс  тәрбие  жұмыстарын  ӛткізу  және 
оны  талдай  білудің  дағдылары  мен  машығын  игерту;  педагогикалық  үдерісте 
оқушылармен  қарым-қатынасты  жасау  дағдысымен  оны  ұйымдастыра  алу 
қабілетін дамыту, кәсіби бағдар бағытын қалыптастыру. 
Іс-тәжірибенің  мазмҧны:  тәжірибелі  мұғалім  әдіскерлердің  сабақтарына 
қатысып,  оларды  талдауы;  оқыту  барысында  зерттеуді  бағытталған  бір  қатар 
тапсырмаларды орындау (сабақта, зейінді қалыптастыруды ұйымдастыру, ойды 
жетілдіру  т.б.),  бақылау  күнделігін  жүргізу,  сабақ  ӛткізу,  оқу  құжаттарымен 
танысу,  тәрбие  жұмыстарына  қатысу  және  оны  ұйымдастыру,  талдауы.  Бұл 
педагогикалық  іс-тәжірибе  барысында  студент  ӛзінің  болашақтағы  кәсіби-
педагогикалық іс-әрекетін айқын болжай алуы.     
Сонымен,  жоғарыдағы  мазмұндауларды  басшылыққа  ала  отырып  ЖОО 
болашақ  тарихшыларды  даярлауда  тӛмендегідей  оқыту/оқу  әдістері  кеңінен 
қолданылады: 
-  лекция,  оның  ішінде  проблемалы  баяндау,  алдын  ала  қатемен 
жоспарланған, бинарлы лекция және лекция-конференция түрлері; 
-  проблемалы  семинарлар,  тарихи  білім  беруді  оқытуды  талқылау  және 
білім қалыптастыру үшін; 
- тарихи дерек кӛздерімен жұмыс жасату; 
-  ІТ  технологияны  пайдану,  ақпарат  кӛздерінен  тарихи  мәліметтерді  алу 
және оларды пайдалану үшін; 
-  жоба  әдісі,  мектеп  оқушыларында  тарихты  оқытуда  «Мәңгілік  Ел» 
құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған; 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау