Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет47/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70

 
105 
 
 
Сонымен  қатар,  педагогикалық  үдерісте  тарихты  оқытудың  негізгі 
факторлары басшылыққа алынады: 
- мемлекет пен қоғам белгілеген мақсаттар; 
-  білім  беру  стандарттары  мен  оқу  бағдарламаларында  бекітілген  оқу 
материалдары (оқулықтар); 
- оқыту үдерісінің ғылыми-әдістемелік ұйымдастырылуы; 
- оқушылардың танымдық мүмкіндіктері; 
- оқыту нәтижелерін айқындау. 
ЖОО  тарихты  оқыту  әдістемесі  пәні  Отандық  және  жалпы  тарихтың 
негізгі оқиғалары, фактілері мен құбылыстарын таңдауға, теориялық жинақтау 
мен анықтамалар қалыптастыруға кӛмектеседі. Олар тарихты оқыту мазмұнын 
анықтайды. 
Болашақ  тарих  пәні  мұғалімдерін  даярлау  мазмұны  тӛмендегідей  оқу 
материалдары мен тапсырмаларды қамтуы тиіс деп білеміз: 
- этнопедагогика материалдары мен факторларын; 
- тарихи мағлұматтарға сәйкес мәтінді; 
- пәнаралық байланыс материалдарын; 
- хронологиялық, синхронды карталарды және оларды жасауды; 
- хабарламалар мен баяндамаларды және оларды орындауды; 
-  педагогикалық  ӛлшеу  мен  бағалауды  жүзеге  асыруды.  Тесттік 
тапсырмалармен жұмыс жасауды; 
- критерийалды бағалауды орындауды; 
- оқыту әдістерін: жобалау, ынтымақтастықта оқыту, т.б. 
Тарихты  оқыту  әдістемесі  педагогикалық  -  ғылыми  пән  ретінде 
сипатталады, сондықтан болашақ мұғалім алдына мынадай міндеттер қойылады 
[66, б. 6]: 
-  теориялық  сабақтарда  берілген  әдістемелік  әдіс-тәсілдерді  тиімді  игеру, 
оны педагогикалық тәжірибеде пайдалана білуге үйрену; 
-  оқушылардың  танымдық  қызметін  ұйымдастыру  дағдылары  мен 
әдістерін үйрену; 
-  алдын-ала  ӛз  оқушыларын  тарих  ілімі  арқылы  ізгі  ниетке  баули  алуға 
бейімделу; 
-  әдістемелік  курсты  оқу  барысында  ӛзі  игерген  білімді  тиімді  пайдалана 
білу; 
- ӛзі жүзеге асырған оқу-тәрбиелік жұмысты ӛз бетінше талдап, ӛздігінше 
жетілдіре білу т.б. 
Бұл  міндеттерді  орындауда  мұғалімге  әдістемелік  жұмыстың  барлық 
қырларын игеруі ӛте маңызды қажеттілік. 
«Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқытуда оқушыларға білім меңгерту ұғым 
қалыптастырумен  бірге  жүзеге  асырылады.  Ұғымды  қалыптастыру  үдерісінде 
нақты  түсініктер  мен  образдардың  ролі  ескеріледі.  Мысалы,  «Тәуелсіз 
Қазақстан»  тақырыбын  оқытқанда  сәйкес  сурет  кӛрсете  отырып,  мұғалім 
оқушыға  тәуелсіздік  алу  жолын,  азаттық  жолындағы  болған  күрестер  жӛнінде 


 
106 
 
 
айтады.  Сонымен  қатар,  бейнеленген  жадыраған  жандардың  тірлігін  айту 
арқылы «тәуелсіз» (тәуелсіздік), «Тәуелсіз мемлекет» ұғымын қалыптастырады. 
Келесі  кезекте  терминді  алдын  ала  енгізу  мүмкіндігін  және  оны  кейін 
жүйелі  түрде  мазмұнын  ашу  белгілерін  ойластырады.  Мысалы,  «кӛтеріліс», 
терминін тәуелді → тәуелді мемлекет жӛнінде түсінік беру арқылы ашады. 
Тарихты оқытуда оқушылардың фактілерді жүйелі және ӛзара байланыста 
игеруі  үшін,  оны  теориялық  тұрғыда  қорыту  жүзеге  асырылады.  Мысалы, 
индустрияландыру түсінігін қалыптастыру үшін ауыл шаруашылығында болған 
тарихи  кезеңдегі  ӛзгерістерді  Ресей  мен  Европа  тарихында  орын  алған  оқу 
материалдарын салыстыра отырып меңгертуді тереңдетеді. 
Жалпы  алғанда  тарихты  оқытуда  теориялық  ұғымдар  жекелей  емес 
бұрыннан  бар  белгілермен  байланысты  оқытылады.  Тарихты  оқытуда  осы 
жағдайларды  басшылыққа  алғанда  оқу  материалдарын  меңгерту  нәтижелі 
болады. 
Тарихты  оқыту  үдерісінде  фактілер  ӛткен  ӛмірде  болған  маңызды 
байланыстар  мен  ӛмір  заңдылықтарын  меңгеру  мен  ӛзара  салыстыру  үшін 
қажет.  Тарих  пәнінің  мазмұнында  фактілер  ӛте  кӛп  кездеседі.  Тарихты  оқыту 
үдерісін ұтымды жүргізу үшін, оларды дұрыс топтастыра алу қажет. 
Тарихи фактілер екі сипатта болады. Біріншіден, бұл тарихта бір ғана рет, 
белгілі-бір жағдайларда ғана, тек белгілі бір адамдар ғана қатысқан, мерзім мен 
кеңістік ішінде қатаң шоғырланған жекелеген оқиғаларды кӛрсететін фактілер. 
Олар қайталанбайды. Екіншіден, белгілі бір тұтас тарихи кезең мен дәуірге тән, 
олардың сипатты белгісін кӛрсететін тарихи құбылыстар. Фактілер кӛлемі мен 
күрделілігі және мағынасы жағынан ӛзара ерекшеленеді. Фактілер, ӛзінің толық 
ашылуы үшін неғұрлым кішірек фактілерді білуді талап ететін күрделі фактілер 
– бірінші  кезектегі  фактілер,  ал,  кішірек  фактілер  –  екінші  кезектегі 
фактілер деп аталады. Бірінші кезектегі фактіні түсіну екінші кезектегі фактіні 
меңгермейінше  мүлдем  мүмкін  болмайды.  Екінші  кезектегі  фактілер  ӛз 
кезегінде нақтыланады. Бұл фактілер тарихи білімнің алғашқы бӛлшектері деп 
аталады.  Әдістемеде  олар  тек  бір  ғана  қарапайым  тарихи  құбылысты  немесе 
оның  бір  ғана  сипатты  белгісін  кӛрсетететін  қарапайым  фактілер  деген  топқа 
біріктіріледі [66; 241]. 
Әртүрлі сипаттағы фактілерді ӛзара ұштастыра отырып, тарихи оқиғаның 
нақты  образын  жасап  шығаруда  тарихи  фактілер  мен  материалдарды  таңдап 
алуды  ӛте  ұқыптылықпен  жүргізу  талап  етіледі.  Бұл  үшін  оқу  материалдарын 
математикалық  тілге  тасымалдау,  яғни  логикалық  тұрғыдан  оқу  элементтерін 
құрылымдауды  жүзеге  асыру  қажет.  Бұл  жағдайда  мұғалім  оқушылардың 
есінде ӛмір бойы сақталатын негізгі фактілерді және олардың ӛзінің мазмұнын 
ашу  үшін  қажетті  қосалқы  фактілердің  арақатынасын  дұрыс  реттеп  таңдап 
алады. 
Тарих  курсын  оқытуда  (қай  деңгейде  болмасын)  «Мәңгілік  Ел» 
құндылықтары  бойынша  оқу  материалдарын  екінші  ретті  немесе  қарапайым 
тарихи  құбылыс,  қарапайым  факті  деңгейінде  түсіндіру  ӛз  нәтижесін  жоғары 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау