*** Облыстық байқау ***
8
Жайық ұстазы
Е
ң үздік оқырман отбасы
28 мамыр, 2014 ж.
Фестиваль мира, дружбы и согласия
Әдістемелік
идеялар фестивалі
МЕНШІК ИЕСІ:
«Өрлеу» біліктілікті арттыру
ұлттық орталығы» акционерлік
қоғамының филиалы Батыс
Қазақстан облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты
Бас редактор:
АҚМАрЖАН ТАУБАЕвА
Жауапты хатшы:
Руфия Афлетонова
Тілші: Рысты Исмағұлова
Компьютерлік
жұмыстар:
Галина Бижанова
* Газет айына екі рет шығады
* Редакция оқырман хаттарына
жауап бермейді, хаттар мен қолжазба
қайтарылмайды
* Автор мақалалары редакция көзқарасын
білдірмейді
* Деректердің дәлдігі үшін автор
жауапты
Газет Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат
және мұрағат министрлігінде 10.06.2013 ж. тіркеліп,
№13667- Г тіркеу куәлігі берілген.
Мекен жайымыз: 090001 Орал қаласы, Евразия даңғылы,
238 үй.
Тел: 23-75-27. Zkoipk.kz, Zh-Ustazy@rambler.ru
Жалпы тираж 4500
Газет “Полиграфсервис“ ЖШС баспаханасында
басылады. Мекен-жайы: Л.Толстой көшесі, 27/3.
Тел: 50-51-46
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда...
*** Музыка ***
Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні
Орал «Сервис» технологиялық колледжі ба-
засында техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарының оқытушылары арасында байқау
өткізілді. Оқытушылар арасындағы байқауды
облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік
кабинеті ұйымдастырды. Байқау мақсаты
техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге
қабілетті маман даярлауда озат тәжірибелері
бар шығармашыл педагогтардың әдістемелік
жұмысты жетілдірудегі инновациялық, дәстүрлі
емес ұсыныстарын анықтау және тәжірибесін
тарату.
Облыстық байқау екі бөлімнен құрылған.
20 наурыз күні бірінші бөлімде (сырттай)
қатысушылардың мамандарды дайындаудағы
білім сапасын арттыру көрсеткіші, техникалық
және кәсіптік білім берудегі озық тәжірибелері,
әдістемелік іс-әрекеттеріне инновацияны
енгізгендері туралы мәліметтері ұсынылды. Әділ-
қазылардың бағалауымен 16 қатысушының 9-ының
үздік материалдары байқаудың үш кезеңнен
тұратын екінші бөліміне жіберілді.
Байқауға Батыс Қазақстан индустриалды
колледжі атынан арнайы пәндер оқытушысы, ре-
спубликалык техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-
әдістемелік орталығы жанындағы оқу әдебиеті
және оқу-әдістемелік құралдарды сараптамадан
өткізу республикалық комиссия мүшесі - Айымгүл
Төлегенқызы Халиуллина қатынасты.
Екінші бөлімнің алғашқы кезеңінде
қатысушылар әдістемелік идеяларын корғап,
«сабақ үлгілерін», «шеберлік класс» презента-
циясын көрсетті. Колледждің арнайы пәндер
оқытушысы А.Т.Халиуллина «Арнайы пәндерді
оқыту барысында лабораториялық-практикалық
тапсырмаларды енгізу» әдістемлік идеясын қорғау
мақсатында бірнеше сабақтарын көрсетті «Те-
лефон аппараттарының түрлері», «Талшықты-
оптикалық кабель», «Провода воздушных линий
связи».
«Сыни сағат» екінші кезеңінде – қатысушының
жаңа инновациялық технологияларды меңгеруі, оны
еркін қолдана алуы бағаланды. Қатысушыларға би-
лет арқылы сұраққа жауап беру ұсынылды. Оқыту
технологиясының мысалы: В.Ф.Шаталов техно-
логиясы, пікір-сайыс, электрондық интерактивтік
оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологи-
ясы және т.б. түрлерін толық ашып, сұрақтарға
жауап берді. Барлық қатысушылар оқыту техно-
логияларын жетік меңгергендерін дәлелдей алды.
Олар өз тәжірибелерінде оқыту технологияла-
рын қолданып жүргендерін дәлелдеу мақсатында
нақты мысалдармен түсіндірді.
«Шығармашылық көрме» үшінші кезеңінде -
қатысушылардың шығармашылық лаборатория-
сы, бейне материалдары, әдістемелік (ғылыми-
әдістемелік) нұсқаулар, альбомдар, бұйымдар,
құрылғылары, т.б. жұмыстары ұсынылды.
Колледждің арнайы пәндер окытушысы
А.Т.Халиуллина педагогикалық еңбек тәжірибесінің
аздығына қарамастан (3 жыл) байқаудың
«Шығармашылық көрме» үшінші кезеңінде
төмендегі шығармашылық лабораториясын
қорғады:
- Республикалық техникалық-кәсіптік білім
беруді дамытудың және біліктілікті берудің
ғылыми-әдістемелік орталығының БҚО бойын-
ша филиалының әдістемелік жинағына «Провода
ВЛС» атты ашық сабақ дайындамасы;
- Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау тест тап-
сырмалары жинағы;
- ««ІР-телефония» оқу-лабораториялық стенд»
теориялық оқу құралы;
- ««ІР-телефония» оқу-лабораториялық стенд»
практикалық оқу құралы.
Байқау педагогтар үшін инновациялық
шығармашылық идеяларды, ғылыми-әдістемелік
жетістіктерді, дәстүрлі емес оқытудың жолда-
рын үйретіп, өз мамандығына деген сүйіспеншілік
мейрамына айналды. Мұның бәрі жас мұғалімдер
үлгі алатын дәрежеде өтті.
Жеңімпаздар Батыс Қазақстан облыстық
білім басқармасының дипломымен, бағалы
сыйлықтарымен марапатталды.
Жеміс СӘЛЕКЕЕВА,
Батыс Қазақстан индустриалды
колледжінің тілдерді дамыту
және енгізу маманы
Облыстық
педагогикалық му-
зей №213 бұйрық негізінде
1999 жылы сәуірдің 26 күні
құрылып, 2000 жылы 29 қыркүйек
күні облыстық педагог кадрлар
біліктілігін арттыру институтының жа-
нынан ашылды. Музейдің ашылуына орай,
үлкен ұйымдастыру және ізденіс жұмыстары
жүргізіліп, деректердің жиналуына инсти-
тутымызды 25 жыл (1986-2011ж) басқарған
ректоры Өтебай Құспанов және бұрынғы
«Педагогикалық қоғамның» Орал филиалының
меңгерушісі Бәкиза Өтебаеваның, одан кейінгі
меңгерушісі Ағила Макарованың үлесі зор болды.
Бүгінгі таңда музей «Өрлеу» біліктілікті арт-
тыру ұлттық орталығы АҚ филиалы «Батыс
Қазақстан облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институ-
ты жанында өз жұмысын жалғастырып келеді.
Күні бүгінде облыстық педагогикалық
музей қоры толықтырылып, ұрпақтар
сабақтастығында үлкен тәрбиелік
маңызы бар әртүрлі бағыттарда
ізденіс жұмыстарын жүргізіп,
жаңа деректер, материалдық
мәдениеттің көне куәлары
жиналуда.
Облыс
білім саласына елеулі
үлес қосқан білімді, білікті
ұстаздар туралы мол ақпараттар
жинау бағытында оқырман қауымнан
ардагер-ұстаздар, халықаралық және
республикалық, облыстық байқаулардың
жеңімпаздары, республикалық съездер деле-
гаттары туралы мағлұматтарды жинап, музей
қорында сақталуы үшін қолдау көрсетуіңізді
сұраймыз. Музей қызметкерлері оқу-ағарту ісінің
белсенді қайраткерлері туралы деректер, фотосу-
реттер, құнды құжаттар, әр кезеңде жарық көрген
оқулықтар сақтаған адамдармен, ортақ іс мүддесі
үшін тығыз байланыс орнатып, ынтымақтастықпен
бірлесіп, жұмыс жасауға шақырады.
Біздің мекенжайымыз:
Орал қаласы, индекс 090001
Еуразия даңғылы, 238,
404 кабинет. Телефон: 543884.
Нурмашева Айымжан Аманжолқызы
Эл.почта: muzey.orleuzko mail.ru
*** В школах Приуралья***
Ф
естиваль «Бір шаңырақ астында»,
проведённый учащимися СОШ № 45
накануне 1 Мая, прошёл на бис!
Ещё слышны в памяти звуки Первомай-
ского фестиваля «Бір шаңырақ астында»
в стенах нашей школы.
У
чащихся в роскошных костюмах раз-
ных национальностей было не узнать.
Каждый класс-отдельная национальность-
казахи, русские, украинцы и молдаване,
узбеки и уйгуры, представители других
этносов-осознавал себя создателями еди-
ной культурной общности казахстанско-
го народа. Ученики с ловкостью и умени-
ем демонстрировали традиции и культуру
той национальности, которую представ-
ляли. И каждый из них старался блеснуть
своим артистизмом. Показ презентации,
завораживающий национальный танец
помогли окунуться в атмосферу праздни-
ка. От всего этого исходила теплота отно-
шений народов разных национальностей,
проживающих на нашей земле. Фестиваль
«Бір шаңырақ астында» наполнен глубо-
ким смыслом и созвучен казахской посло-
вице, которая гласит: «Где единство-там
жизнь». Учащиеся показали, что сохраняя
единение многонационального народа Ка-
захстана, проявляя толерантность, мы смо-
жем сделать наше государство процветаю-
щим. Нам, классным руководителям, остава-
лось только гордиться своими плодами и по-
бедами наших детей.
Айнагуль ЖУБАТОВА,
классный руководитель 6 класса,
СОШ №45
С
әуір айының 25-27-
сі аралығында Астана
қаласында өткен «Жас өнер: -
мәдениет пен бейбітшілік жо-
лында» атты ІІ Халықаралық
байқауы және Бурабай қаласында
28-30 сәуір күні IΙI Республикалық
Тайжарыс радио байқауы өтті.
Бұл екі бірдей байқауға БҚО аты-
нан Д.Нұрпейісова атындағы №1
балалар саз мектебі оқушылары:
үлкен топтан Жұмағұл Ая-
улым, орта топтан Ахме-
тов Әділ, Нұрманғалиев Диас,
кіші топтан Аблаев Жандәурен
қатысты. Республикамыздың
әр облысынан қатысқан өнерлі
бүлдіршіндер арасында біздің
мектептің оқушылары өте
жоғары деңгейде өнер көрсетіп, елімізге
белгілі өнер шеберлері Ардақ Исатае-
ва, Мұрат Әбуғазы, Гүлмира Жангел-
дина сынды қазылардан өз бағаларын
алды. Өңірімізден қатысқан жас
өрендер Батыс ән салу мектебінің
қазіргі таңда өзінің шарықтау шегінде
екенін дәлелдеп сахнада Мұхит, Ғарекең
және халық әндерін нақышына келтіріп
орындап, төмендегідей жүлделерге
ие болды. Үлкен топтан Жұмағұл Ая-
улым, орта топтан Ахметов Әділ І
орын, Нұрманғалиев Диас, кіші топ-
тан Аблаев Жандаурен ІІ орындар-
ды қанжығаларына байлады. Ара-
сына бір күн салып Бурабай елінде
өткен ІІΙ Республикалық Тайжарыс
радио байқауында да жоғарыда ат-
тары аталған өрендеріміз Батыс ән
мектебінің болашақ саңлақтары
екенін тағы бір дәлелдей білді. Әр ата-
лым бойынша қатысқан 250-ден аса
бүлдіршіндер арасында Д.Нұрпейісова
атындағы мектептің жүйріктері
сахна төрінде өз өнерлерін тағы бір
мәрте жоғары деңгейде дәлелдеді. Өнер
додасының мәре сызығынан күмбірлеген
күй номинациясынан Құрманғазының
Адай күйімен көрерменнің көз айымы-
на айналған Әділ Ахметов Бас жүлдеге
ие болып, Түркияның Аланья қаласына
Халықаралық фестиваль байқауына ар-
найы жолдама жеңіп алды. Ән салу но-
минациясы бойынша кіші топтан Аблаев
Жандәурен Бас жүлдені иеленіп, қазылар
алқасының ақ батасын алды. Сондай-ақ
ән-күй номинациясында қатар қатысқан
үлкен топтан Жұмағұл Аяулым ән са-
лудан да, күй сайысынан да ІІ орын ал-
са, ал орта топтағы ән салу номина-
циясы бойынша Әділ Ахметов пен Диас
Нұрманғалиев ІІ орынды иеленді. Бұл
байқауда (Жұмағұл А, Ахметов Ә) ән-
күй номинациясына қатар қатысты.
Ә
р облыстың атынан үкілеп қосқан
үміттері екенін жете сезініп,
сахнаға кәсіби өнер шеберлеріндей
сыланып шыққан бүлдіршіндердің
өнерлерін бар ынта-жігермен тама-
шаладым. Бүлдіршіндердің өнерлеріне
сүйсіне отырып, қарға тамырлы қазақ
баласының бойындағы өнерге деген
махаббатына тәнті болдым. Сар да-
ланы сахна еткен Құрманғазы, Дина,
Мұхит, Ғарекеңдердің бізге қалдырған
мұраларының құндылығына тағы бір
көз жеткіздім. Біздің елден қатысқан
өрендеріміз бәйге алып жатқандарына
Аллаға мың мәрте тағзым ете отырып,
осындай ұрпақтар сабақтастығының
жойылмауына ерен еңбек етіп жүрген
жетекшілеріне алғысымды білдіремін.
Әрине, өнер адам бойына ананың сүті
әкенің қанымен берілетіні сөзсіз. Де-
генмен, бала бойындағы ұшқынды дер
кезінде байқап, көзін ашқан бұлақтай
қылып, өнер арнасына салып жіберген
жоғарыда облысымыздың өнер
қоржынына орасан олжа салған жас
қырандарымыздың жетекшілері: Сәния
Күмісқалиева, Нұрсұлу Бақтыгереева,
Дастан Есентеміров, Асқар Кенжеғалиев
сынды өмірін өнерге арнаған
ұстаздардың бала тәрбиесі жолындағы
еңбектері өнер әлеміне бей-жай қарай
алмайтын
табандылықтарының
нәтижесі деп білемін.
Бейбіт ҚАЖЫҒАЛИЕВ,
Д.Нұрпейісова атындағы
№1 балалар саз мектебінің
оқытушысы
«Ел боламын десең бесігіңді түзе»
демекші, жуырда облыстық драма театрын-
да «Ақжайық өңірінің ең үздік оқырман от-
басы» фестивалі өткен болатын. Фестиваль-
ге қатысушы отбасылар ұрпақ тәрбиесіндегі
өздерінің көзқарастарымен бөлісіп, өз
мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін насихат-
тап, өздері дайындаған көрмелерін ұсынды.
Осындай мерейі үстем шараға Теректі
ауданының атынан Аңқаты ауылынан Ахме-
товтар отбасы қатысқан болатын. Аудандық
«Алтын ұя» байқауының жүлдегерлері
облыстық фетивальге сөзсіз жолдама алып,
өз отбасыларының мәдениеті мен өнерін
көпшілік назарына ұсынды. «Үш қыз өсірсең,
жұмаққа барасың» дейді халқымыз, ендеше
Қайырбек пен Айгүл Ахметоватер төрт бірдей
қыздың ата-анасы. Оған қоса, екі кішкентай
жиендерінің ата-әжесі.
Ахметовтар жанұясы ауылымыздың ең
үздік оқырмандарының бірі. Әсіресе, жер-
лес ақын апамыз Ақмаржан Таубаеваның
шығармаларын сүйіп оқиды. Сонымен қатар,
ауылымыздың қоғамдық жұмыстарына да
белсене қатысып отырады.
Ендеше Ақжайық өңірі отбасыларына,
әсіресе балаларының бойына елжандылықты,
ұлттық намысты сіңіретін, оларды
кішіпейілділікке, адамгершілікке, мейірімділікке
тәрбиелейтін осындай игі шаралар көп болғай
демекпіз.
Салтанат ЕРБОЛАТҚЫЗЫ,
Аңқаты селолық округінің
жастар жетекшісі,
Теректі ауданы
Музей - тәлім-тәрбие ортасы
*** Оқырмандар назарына ***