Бүгінгі таңда қоғамымыз жасөспірімдерді тәрбиелеуде мек



жүктеу 7,89 Mb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата23.11.2018
өлшемі7,89 Mb.
#23915
  1   2   3   4   5   6   7   8


Бүгінгі таңда 

қоғамымыз  

жасөспірімдерді 

тәрбиелеуде мек-

теп мұғалімінің 

білімділігімен қоса, 

беделіне, жеке ада-

ми қасиеттеріне 

зәру ..

.

ұ   с   т   а   з   ы

№7 (288)

28 мамыр,

2014 жыл

 

А қ п а р а т т ы қ ,   т а н ы м д ы қ   ж ә н е   ә д і с т ем ел і к   б а с ы л ы м

Ж А Й Ы Қ

Шағын жинақты мектеп -      

білім бастауы

  Д а р ы н д ы   т ұ л ғ а :

 

 

оны қалыптастыру - өзекті мәселе

2014  жылдың  24-25 

сәуірі  күндері  аралығында 

Абай атындағы Қазақ ұлттық 

педагогикалық университеті 

базасында Қазақстан Респу-

бликасы  Шағын  жинақты 

мектептерінің директорлары мен 

мұғалімдерінің  тәжірибесімен 

танысу және тәжірибе алма-

су  үшін  әдістемелік  алаң 

құру мақсатында «Мәңгілік 

елге  –  ақпараттық  мек-

теп,  шығармашыл  педагог, 

бәсекеге  қабілеті  оқушы» 

тақырыбындағы 

шағын 

жинақты  мектептердің  І 



Республикалық слеті өткізілді. 

Слет  ережесіне  сәйкес 

шағын 

жинақты 


мек-

теп  мұғалімдері    арасында 

«Менің үздік сабағым» және 

шағын жинақты мектеп дирек-

торлары арасында «Шағын жинақты мектеп 

басқарудың үздік педагогикалық тәжірибесі» 

байқау жеңімпаздарын анықтап, үздік канди-

даттарды слетке қатысуға жолдады. Аталған 

слет жұмысына біздің  Батыс Қазақстан облысы 

бойынша 10 кандидат қатысты. Бүгінгі күні осы 

слет желісімен ауыл мектептерінің мұғалімдері 

арасында педагогикалық пікірталас семинары 

өткізіліп отыр.  Алматы қаласында өткен Шағын 

жинақты мектеп мұғалімдерінің І Республикалық 

слетінде мектеп директорлары арасындағы 

байқауда менің «Нәтижеге бағытталған білім бе-

руге өту жағдайындағы шағын жинақты мектепті 

басқару» тақырыбындағы жобам үздік  деп таны-

лып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жоба мақсаты: оқушы қабілетін дамы-

та отырып шығармашылыққа бейім тұлғаны 

қалыптастыру, мұғалімнің біліктілігін арттырып, 

шәкіртке сапалы білім, саналы  тәрбие  беру.



Күтілетін нәтиже: рухы мықты, жан дүниесі 

бай, білім бәсекесіне қабілетті, жан-жақты 

жетілген жеке тұлға қалыптастыру. Жас ұрпақтың 

дарыны мен талантын ашу, шығармашылық ой-

лау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген 

сенімін нығайту.

Осы жоспарды іске асыруда, нәтижеге 

бағытталған білім беруге өту жағдайындағы 

шағын  жинақты  мектепті  басқару  үшін 

атқарылатын жұмыстардың топтамасын үш 

бағытта қарастыруды ұсынамын.

1. Оқыту субьектілерінің өздік анализ жа-

сауына тиімді жағдай жасау. 2. Өзіндік зерттеу-

лер нәтижелерінде  «Жаңа формация мұғалімі», 

«ХХІ ғасыр түлегі» модельдерін құзыреттілік 

тұрғысынан қалыптастыру. 3. Өзіндік даму, 

мектептің даму бағдарламасын жасау.

Тиімді басқару үшін ортаның білім беру 

мүмкіндіктерін білу пайдалы, яғни мақсатқа 

бағытталған мониторинг  ұйымдастыру арқылы 

оған диагностика жүргізу және талдау, яғни 

бірінші бағыт бойынша оқыту субьектілерінің 

өзіндік анализ жасауына тиімді жағдай жа-

сау үшін, толық жинақты мектепке қарағанда, 

шағын  жинақты  мектептерде  көптеген 

қиындықтар туындайтындығын, бұл мәселелерді 

шешу үшін осы мектептердің айырмашылығын, 

ұқсастығы мен артықшылығын ажырата білуіміз 

маңызды. Мысалы:

Ұқсастығы:  Нормативтік  құжаттармен 

жұмыстану.  



Талаптар: Сапалы білім, саналы тәрбие, 

ұрпақ болашағы, балабақша, мектеп жанынындағы 

интернат жұмыстары.

Кемшілігі:  Әр  түрлі  жастағы  балалар-

ды бір сынып кешенге біріктіріп, бір мезгілде, 

бір бөлмеде оқыту; әр түрлі жастағы балалар-

дан  құралған  сынып  кешендеріне  арналған 

оқытудың арнайы әдістемесінің жасалмауы; 

әр түрлі жастағы балалардан құралған сынып 

кешендерінде жұмыс істей алатын педагог ма-

мандармен сандық және сапалық тұрғыдан 

қамтамасыз етілмеуі; ауылдық мектептердің ар-

найы құрал-жабдықтармен жабдықталған оқу 

кабинеттерімен, шеберханамен, лабораториямен, 

аудио-визуалды құралдармен, компьютермен 

жабдықталмауы; шағын жинақты мектептердегі 

сабақ  құрылымын  жоспарлаудағы  өзіндік 

ерекшеліктер; бір мұғалімнің жүктемесінің 

шамадан тыс көп болуы; мұғалім құрамының 

тұрақталмауы.

Артықшылығы: Ата-анамен тығыз байла-

ныс; бала саны аз, қиын бала жоқ; қабілетті ба-

ламен жеке жұмыс жасауға мүмкіндіктер бар; 

табиғатқа етене жақын; елдегі адамдар түгел 

таныс, жұмыс жасауға жеңілдік туғызады; бала 

ауылдағы еңбекпен етене араласады.

Осы  шағын  жинақты  мектептердің 

артықшылығына сүйене отырып, нәтижеге жету 

үшін «Жаңа формация мұғалімін», «ХХІ ғасыр 

түлегін» құзыреттілік тұрғысынан қалыптастыру 

қажет. Мемлекеттік білім саясаты, ең алды-

мен мектеп арқылы жүзеге асырылатыны анық. 

Ал,  мектептегі білім беруді орындайтын - бұл 

мұғалім. Осы орайда    мектеп мұғалімдерінің 

сапалық құрамына тоқталып өтсем: 

2011-2012 оқу жылында жалпы 33 мұғалім, 

оның ішінде - 2 мұғалім жоғары санатты, 10-ы  

- бірінші санатты, 9-ы екінші санатты, 12-

сінің санаты жоқ болса, 2012-2013 оқу жы-

лында сол 33 мұғалімнің  2-уі жоғары санат-

ты, 11-і бірінші санатты,12-сі екінші санат-

ты, 8-і санаты жоқ мұғалімдер қызмет етсе

2012 жылы 1 мұғалім, 2013 жылы 2 мұғалім 

жаңа форматтағы, үшінші деңгейлік біліктілік 

санатындағы мұғалімдер қатарынан табылды. 

Сапасы жағынан мұғалімдердің өсуі бірден-

бір  білім  сапасының  ілгерілеуіне  әкелді. 

Соның ішінде «жаңа форматтағы» мұғалімдер 

модельдерін қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті 

мәселесі екендігі баршаңызға мәлім. Мұндай 

мұғалімдер ауыл мектептеріндегі томаға-тұйық, 

белсенділігі төмен оқушылардың білімге деген 

құштарлығын оятуға, белсенділігін арттыруға, 

өз  ойын  ашық  айта  алатын  шығармашыл 

тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. 

Қандай ортада болса да, өзінің айтар ойы бар, 

өмірге деген өзінің көзқарасы бар, жан-жақты 

қалыптасқан білімді ұрпақты дайындау басты 

мақсатымыз. Мұғалім шәкірттерді қаталдықпен 

емес, Л.Н.Толстойдың «Шеберліктің белгісі – 

түрлі әдісті болу» дегендей, мейірім шуағымен, 

ағыл-тегіл білімімен баурап ала алады. Мектептің 

шығармашыл ұжымының жеткен жетістіктері де 

аз емес. Атап өтер болсақ, мектебіміз «Болашақ» 

продюсерлік орталығы және «Мұхит мұралары» 

командаларының ұйымдастырумен өткен аудан 

мектеп оқушылары арасындағы КТК сайысында 

жүлделі бірінші орынды жеңіп алса, «Саябақтар 

шеруі» облыстық байқауында жүлделі 2-орынды, 

аудандық  білім  беру  саласын  жетілдіру 

жұмыстарының  озық  ұйымдастырылуы 

байқауында «Оқушылардың жазғы демалысын 

сапалы ұйымдастыру» номинациясымен мара-

патталса, бір топ мұғалімдерден құралған ко-

манда республикалық сырттай байқауларда 

жеңіске жетіп, әдістемелік журналдарда жария-

ланып жүр. 

Шағын  жинақты  мектептің  өзіндік 

ерекшеліктерінің бірі – ата-аналармен тығыз 

байланыста болу, ата-аналарды мектепке тар-

ту жұмыстары бір ізге қойылған. Жыл сайынғы 

өткізілетін «Мектепке жол» акциясы аясында 

ауыл кәсіпкерлері ауқымды демеушілік көрсетіп 

келеді. Мысалы: «Сатыбалды», «Нұрқанат», 

«Ешім» шаруа қожалықтары осы акцияға үлкен 

жауапкершілікпен қарап, балаларды мейірімге, 

қуанышқа бөлеп келеді.

Жыл сайынғы балабақшамызға келетін 

балалар  санының  көбеюінің  өзі  ауылдық 

жердегі тұрғындардың ауылға тұрақталып, әл-

ауқатының өскендігін көрсетеді. 

2006 жылы 15 балабақша тәрбиеленушісімен 

мектеп-балабақша болып қалыптасса, қазіргі 

кезде  балабақшада  тәрбиеленушілер  са-

ны 30-ға жетіп отыр. Қазіргі заман талапта-

рына сай безендірілген балабақша бөлмелері 

жаңа мүліктер мен ойыншықтармен қамтылған. 

Мектептің 50 орындық асханасынан жыл ішінде 

68 оқушы бір мезгілдік ыстық тамақ ішумен 

қамтылды.

Қорыта айтқанда, даму жолын дұрыс таңдай 

білген Отанымыздың дамыған әрі көркейген 

елдер  қатарына  қосылуына,  Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдау-

ын басты назарда ұстаған біздің мектеп ұжымы 

лайықты үлес қосу мақсатында бар мүмкіндікті 

пайдаланып еңбек етуде.

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры, ұлы жа-

зушы М.Әуезов: “Халықты халықпен, адам-

ды адаммен теңестіретін - білім” деген екен. 

Олай болса, әлемнің білім кеңістігін еркін ашып 

кіретін, дүниежүзілік мәдениетті танып, ұлттық, 

төл мәдениетті қастерлей білетін, рухани жан-

дүниесі бай, ой-өрісі дамыған жоғары білімді, 

белсенді ұрпақ тәрбиелеу – басты міндет болып 

қала бермек.  



Айгүл АЙТҚАЛИЕВА,

Аққозы ЖББМБ директоры,

Қаратөбе ауданы

«Қазақстан ұлы держава болуы үшін бізге  

күш-қуаты, қажыр-қайраты мол, ақылды да 

ойлы, дарынды жастар керек». 

 

        

 

      

Н.Назарбаев

Қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім 

беру саласындағы жетістіктерге негізделген 

жаңа  жүйе  еліміздің  білім  беру  саласы-

на терең енгізіліп отыр. Бұл өзгерістер өз 

кезегінде болашақ интеллектуалды ұлтты 

қалыптастырудың кепілі болмақ. Қазақстан 

Республикасының  2030  жылға  дейінгі 

стратегиялық даму бағдарламасында білім 

беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін 

білім беру жүйесін ақпараттандыру, жаңа 

талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. 

Қазірігі білім беру жүйесінде мектептің 

психологиялық қызметі - жаңа дамып ке-

ле жатқан саланың бірі. Осыған байланы-

сты шешуді талап ететін көптеген мәселелер 

бар. Біріншіден, ол психологтың мектептегі 

мәртебесі, оның құқықтары мен міндеттері, 

жауапкершілігі мен этикасы, жұмыс бағыттары 

мен құжаттар мәселесі толық белгіленуі тиіс.

Психологиялық 

қызметтің 

басты 

мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу үдерісін 



психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім бе-

ру үдерісіне қатысушылардың денсаулығын 

қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу 

үдерісін ұйымдастыру және жүргізу. Осы 

орайда 2014 жылдың 29 сәуірінде «Өрлеу» 

БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облы-

сы бойынша педагогикалық қызметкерлердің 

біліктілігін арттыру институты базасында 

«Интеллектуалды дарынды жасөспірімдер 

тұлғасының эмоционалды сферасын дамы-

ту» тақырыбында республикалық семинар 

өтті. Семинар барысында педагогтердің білім 

беру қызметінде интеллектуалды дарынды 

жасөспірімдер тұлғасын дамыту және өзіндік 

әлеуметтенуін, психологиялық-педагогикалық, 

әлеуметтік, жас ерекшеліктерін ескеру; интел-

лектуалды дарынды жасөспірімдер тұлғасының 

эмоционалды сферасының дамуына қолайлы 

жағдай жасауды қамтамасыз ететін оқу-тәрбие 

шараларын жоспарлау және жүзеге асыруда 

инновациялық тәжірибені қолдану мәселелері 

қарастырылды.

Аталмыш семинарда Ақмола, Ақтөбе, 

Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, 

Қарағанды, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан 

облыстарының педагогтері қамтылды. Семинар 

жұмысына 50-ден астам педагогтер мен психо-

логтар қатысты. 

Семинар жұмысы секциялық отырыстардан 

басталды:

І  секция  -  «Интеллектуалды  дарынды 

жасөспірімдер тұлғасының дамуындағы эмоци-

оналды сфераның рөлі». Модераторлар: п.ғ.к., 

доцент А.Иргалиев, магистр Д.Жумагалиева.

ІІ  секция  -  «Интеллектуалды  дарын-

ды жасөспірімдер тұлғасының эмоционал-

ды сферасының даму деңгейін диагности-

калау  мәселелері».  Модераторлар:  п.ғ.к. 

Ш.Габдрахманова, С.Файзуллина.

ІІІ секция - Интеллектуалды дарынды 

жасөспірімдер тұлғасының эмоционалды сфе-

расын түзету-дамыту шаралары. Модератор: 

К.Шамуратова.

Семинар жұмысының барысында № 42 

«Ақ ниет» мектеп-гимназиясының педагог-

психологі Л.Бисенгалиева «Эмоционалды 

көңіл-күйді реттеу тренингтері», «Өрлеу» 

БАҰО АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ-ның аға 

оқытушысы  С.Файзуллина  «Интегра-

ция предметов самопознания с естественно-

математическими дисциплинами» тақырыбында 

шеберлік сыныптар көрсетті. 

Семинардың 

практикалық 

бөлігі 

С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық да-



рынды балаларға арналған мектеп-интернат 

кешенінде және Батыс Қазақстан облысы, 

Теректі аудандық «Үміт» лингвистикалық гим-

назиясында өтті.

Семинар қатысушыларын филиалдың ди-

ректоры 


педагогика 

ғылымдарының кандида-

ты С.Измуханбетова қарсы 

алды,  одан  әрі  мектеп-

интернат  кешенінің  ди-

ректоры Е.Сапаров мектеп 

қызметінің  мазмұнымен 

таныстырды. 

«Мек-

теп тынысы» атты бейне-



фильмде мектептің тари-

хы, жетістіктері және да-

муы  көрсетілді.  Батыс 

Қазақстан  облысының 

білім басқармасының оқу-

әдістемелік кабинетінің ди-

ректоры А.Хамзина «Да-

рынды  оқушы  –  дарын-

ды ұстаздан» атты баянда-

масында облысымыздың 

педагогтерінің 

республикалық, облыстық 

деңгейдегі  жетістіктері 

туралы  мәлімдеді.  Одан  әрі  аталмыш 

мектептің педагог-психологтері К.Туяшова 

мен Н.Кадырова «Дарынды оқушылардың 

эмоционалды сферасын дамыту жолдары» 

тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Семи-

нар жұмысы одан әрі «Интеллектуалды да-

рынды жасөспірімдер тұлғасының эмоцио-

налды сферасын дамытуға арналған негізгі 

нысандар» бағытында экскурсияға ұласты. 

Қатысушылар экскурсия барысында өнер 

мектебінің концертін тамашалады. Құрамында 

5 қызметкері бар медициналық кабинетпен

мектеп мұражайымен, жатақхана бөлмелерімен, 

табиғат  мүйісі  және  шахмат  сыныбының 

жұмысымен танысты. 

Семинар  жұмысы  одан  әрі  Теректі 

аудандық «Үміт» лингвистикалық гимназиясы 

базасында жалғасын тапты. Қатысушыларды 

мектеп директоры Д.Мұштанова қарсы алып, 

«Алтын белгі иегерлері» фотогалереясымен, 

гимназия мұражайымен таныстырды. Сондай-

ақ салтанат залында гимназия оқушыларының 

дайындаған «The Snow Queen», «Үкі» драмалық 

қойылымы  көрсетілді. 

Дөңгелек үстел барысында «Өрлеу» БАҰО 

АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ директорының 

орынбасары 

Е.Сафуллин 

«Нәтижеге 

бағытталған оқытуда оқушылардың эмоционал-

ды сферасының маңызы» (жеке іс-тәжірибеден) 

тақырыбында баяндамасын оқыды. Одан әрі 

Орал қаласы физика-математика бағытындағы 

«Назарбаев Зияткерлік мектебінің» филоло-

гия ғылымдарының кандидаты, доцент, орыс 

тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі О.Опря «Не-

которые приемы работы с одаренными деть-

ми на уроках русского языка и литературы», 

Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің 

педагог-психологі Г.Имангалиева «Тұлға 

дамуындағы эмоцияның рөлі», Орал қаласы, 

Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясының 

педагог-психологі А.Луня «Как прекрасен этот 

мир, мир эмоций и чувств» тақырыптарында 

шеберлік сыныптар көрсетті.

Семинар соңында интеллектуалды дарын-

ды жасөспірімдер тұлғасының эмоционал-

ды сферасын дамыту мәселелері бойынша 

педагогтердің және психологтердің қызметін 

жетілдіру үшін ұсыныстар қабылданды.

Филиал  директоры  С.Измуханбетова 

қатысушыларға куәліктер табыстады. «Өрлеу» 

БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойын-

ша ПҚ БАИ-ның аға оқытушысы А.Аубакиров, 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау об-

лысы бойынша ПҚ БАИ-ның қызметкерлері 

Б.Андашева мен Н.Сәрсенова, сондай-ақ об-

лыс педагогтерінің атынан Жаңақала ауданы 

Д.Нұрпейісова атындағы ЖББОМ жоғарғы са-

натты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 

ІІ деңгей бағдарламасының тыңдаушысы 

В.Сапарова сөз сөйлеп, семинардың сәтті 

өткендігі және өз мақсатына жеткендігі туралы 

оң пікірлерін айтты.

Шараның аяғында салтанатты түрде «Үміт» 

лингвистикалық гимназиясы оқушыларының 

маршы орындалды. 

Аталмыш семинардың жоғары деңгейде 

өтуіне жағдай жасаған С.Сейфуллин атындағы 

№11 облыстық дарынды балаларға арналған 

мектеп-интернат  кешенінің  директоры 

Е.Сапаровқа және Батыс Қазақстан облы-

сы, Теректі аудандық «Үміт» лингвистикалық 

гимназиясының директоры Д.Мұштановаға 

алғысымызды білдіреміз.

Семинарға қатысушылардың материалда-

ры филиал сайтының арнайы ашылған бетінде 

http://zkoipk.kz/2904seminar.html жарияланды 

және де тамыз мәжілісіне дейін пікір алмасып, 

талқылаулар жүргізілетін болады. 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы 

БҚО ПҚ БАИ инновациялық дамы-

туды әдістемелік қамту бөлімі 



жүктеу 7,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау