Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5,58 Mb.
Pdf просмотр
бет41/60
Дата21.11.2018
өлшемі5,58 Mb.
#22628
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60

 
123 
Фотокарталар  –  фотобейнелеумен  үйлестірілген  карталар.  Олар 
жалпыгеографиялық,  геологиялық,  тектоникалық,  ландшафтық  және 
ғарыштық,  сондай-ақ  Айдың  және  өңге  планеталар  бетінің 
фотобейнелері болып бөлектенеді. 
Тақырыптық  карталарда  геометриялық  келбеті  көрнекіленбейтін 
табиғаттық  (А),  қоғамдық,  яғни  әлеуметтік-экономикалық  (Ә)  және 
табиғи-қоғамдық,  немесе  гиперсфералық  (Б)  құбылыстар,  объектілер 
немесе процестер бейнеленеді. 
Мысалы,  А.  Табиғаттық  карталар:  физико-географиялық, 
геологиялық,  геофизикалық,  жер  беті  мен  мұхит  түбінің  бедері, 
метереологиялық пен климатологиялық, гидрогеологиялық, мұхиттық, 
топырақтық,  ботаникалық,  зоогеографиялық,  медико-географиялық 
карталар. 
Ә. Қоғамдық  карталар:  тұрғындар,  шаруашылық,  ғылыми  және 
мәдени,  қызмет  көрсету  және  денсаулық  сақтау,  саяси  және  саяси-
әкімшілік, тарихи карталар. 
Б. Табиғаттық  -қоғамдық  карталар:  экологиялық-географиялық, 
табиғи-техникалық карталар. 
Тақырыптық  карталар  сан  алуан  (жалпы  саны  107).  А,Ә  және 
Б топтамаларындағы  карталардың  жеке-дара  аттары  мен  олардың 
үлестік саны тиісінше 63, 35 және 9 екені толық деректелген. 
Бақылау сұрақтары: 
Георафиялық карталар мен атластарды қалай талдайды? 
Георафиялық карталар мен атластарды қалай бағалайды? 
 
26. Картаны құру және жаңарту негізі. Картаны редакторлау 
Арнайы карталар нақтылы шеңбер төңірегіндегі есептерді шығаруға 
немесе пайдаланушыларға арналады  да, көбінесе техникалық қызмет 
атқарады.  Олар  былайша  топталады:  Навигациялық  (сапар  шегудегі) 
карталар:  әуелік  және  ғарыштық  навигация,  теңіздік  навигация, 
лоцмандық (кеме жүргізудегі) навигация, жолдар мен автожолдардың 
карталары.  Кадастрлық  (мәліметтік)  карталар:  жер  кадастры,  су 
кадастры,  қалалық  кадастр,  орман-тоғай  кадастырының  карталары. 
Техникалық  карталар:  жер  асты  коммуникациялары,  инженерлік-
құрылыстық карталар. Жобалық карталар: мелиоративтік (жер өңдеу-
ылғалдандыру  мен  құрғату),  орман-тоғайға  орналастыру,  жерге 
орналастыру.  Карталардың  атқаратын  міндеті  бойынша  жіктелісуін 
мына карталар құрады: оқулық, үгіт-ағарту, анықтамалық, экскурсиялық, 
спорттық,  сондай-ақ  соқырлар  мен  көзі  нашар  көретіндерге  арналған 
тактильдік (сезіктік) карталар. Табиғи және қоғамдық құбылыстардың 
басты  географиялық  заңдылықтарын,  қасиеттері  мен  өзара 


 
124 
ықпалдылықтарын  жете  зерделеу  тақырыптық  картографиялаудың 
дамуымен,  яғни  тақырыптық  карталардың  жасалуымен,  өте  тығыз 
байланысты.  Геологиялық  картографиялау:  геологиялық,  тектоникалық 
төрттік шөгінділер, литологиялық, пайдалы қазбалар орнын меңзейтін 
карталарды  құрастыру.  Топырақтық  картографиялау:  агрономиялық 
және агрохимиялық карталар бойынша мынадай мазмұндық элементтерді 
айқындау-топырақ  типтерінің  таралу  аумақтары,  топырақтардың 
механикалық  (гранулометриялық)  құрылымы  және  негізгі  типтерінің 
тіліктері.  Орман  алқабын  картографиялау:  өмісдіктердің  басыңқы 
типтерінің  таралу  аумақтары,  ағаштың  түрлері,  өсімдіктердің 
пішіндері  мен  диаграммалар  сияқты  мазмұндық  элементтердің 
бейнеленуі.  Ауыл  шараушылығына  қатысты  картографиялау:  жер 
қорын, өсімдік пен мал шаруашылығын, ауыл тұрғындарын сипаттауға 
қажетті  картоматериалдарды  дайындау.  Климаттық  картографиялау: 
климаттың  негізгі  элементтерінің  таралуы  мен  үйлесуін,  олардың 
көпжылдық орта шамаларын және экстремалдық мәндерін айқындауға 
қажетті  карталарды  құрастыру.  Өсімдіктер  дүниесін  картографиялау: 
яғни  ботаникалық  карталарды  жасау.  Тұрғындарды  картографиялау 
арқылы  олардың  жайласуы  мен  орнығуын,  жасы  мен  жынысы 
бойынша  құрылымдылығын,  миграцияға  ұшырауын,  әлеуметтік, 
этнографиялық  және  антропологиялық  жағдайларын  сипаттайтын 
карталарды құрастыру. 
Бақылау сұрақтары: 
Қазіргі 
таңда 
карталарды 
құру 
барысында 
қандай 
технологияларды кеңінен қолданылады? 
 
27. Картографияның даму тарихы. Ежелгі замандағы дамуы 
Адам  баласының  барлық  тіршілігі  жермен  байланысты  екені 
бәрімізге  аян.  Сол  себепті  жерді  зерттеуге  арналған  ғылымдардың 
бірнеше  түрлі  тараулары  бар.  Грек  тілінде  жерді  «геоид»  дейді, 
осыған  байланысты  жерге  арналған  ғылымдардың  көпшілігі  осы 
буынмен  басталады:  геодезия,  геология,  геофизика,  геоботаника, 
геомеханика жэне т.б. 
Бұл  ғылымдардың  бәрі  бір-бірімен  тығыз  байланысты  және 
өлшеу  мәселесі  коғамның  даму  тарихымен  тікелей  ұштасып  жатады. 
Қоғам  тарихының  әр  дәуірінде  жермен  шүғылдану  дәрежесі  де  әр 
түрлі сатыда болып келді. Адам коғамының даму дәрежесінің өзі сол 
жер  байлығын  пайдалана  білу  тәсіліне  тәуелді.  Сол  себептен  жер 
өлшеу әдістерінің дәрежесі адам қоғамының даму тарихын көрсететін 
бір  айкын дерек болып  табылады.  Осы  айтылғандарға  мысал  ретінде 
геодезия мен маркшейдерия ғылымдарының әрбір тарихи кезендерде 
қандай  орын  алып  келгендігіне  қысқаша  токталамыз.  Жер  өлшеу 


 
125 
әдістері мен ірі қүрылыстардың көрнекті ескерткіштері дүние жүзінде 
бірнеше  жерлерде  бар.  Мысалы,  біздің  заманымыздан  бұрынғы 
VI ғасырда  Ніл  өзенінің  бойында  салынған  суару  жүйелері  мен 
каналдарда  геодезиялық  өлшеулер  қолданылған.  Ежелгі  Мысыр 
(Египет)  елінде  орасан  зор  құрылыстар  салынған.  Ал  Египет 
патшаларының  өздері  тірі  кездерінде  салғызған  пирамидаларының 
ішіндегі  ең  үлкені-Хеопс  пирамидасының  төрт  қырының  әрқайсысы 
230,13  метрден  де,  ал  бір-бірінен  айырмашылығы  2  см-ден  аспайды. 
Египет  пирамидалары  «Әлемнің  жеті  кереметінің»  бірі  болып 
саналады. Мүндай қүрылыстар салу, арнаулы геодезиялық өлшеулерсіз 
жүргізілуі  мүмкін  емес.  Біздің  заманымыздан  IV  ғасыр  бұрын  өмір 
сүрген фек математигі Евдем «Жерді өлшеу нәтижесінде египеттіктер 
метрия  ғылымын  ойлап  шығарды»,  -деп  жазды.  Жер  өлшеу  өнерін 
египеттіктерден  үйренген  гректер,  оны  алғашқы  кезде  «геометрия» 
деп  атады.  Геометрия  заңдары  жер  өлшеуде  әрдайым  қолданылады, 
барлық  ғылымдарға  үстаздық  еткен  үлы  ғалым-Аристотель  өлшеу 
ғылымын  геометриядан  бөліп  айту  үшін  оны  «геодезия»  деп  атаған. 
III ғасырда өмір сүрген фек ғалымы Эратофен градустық өлшеулердің 
көмегімен жер радиусін аныктаған. Бүдан кейін геодезия Үндістанда, 
Орта Азияда, Араб елдерінде дамыды. Дүние жүзінде осы күнге дейін 
сақталып  қалған  ірі  қүрылыстар  қатарында  жататындар:  Үндістанда-
Чанрагута,  Қытайда-Ұлы  қорған  (қабырға),  Жапонияда-Тодайдзи, 
Индонезияда-Боробудудр,  Арабияда-Қүдыс,  Медина,  Бағдат.  Кейінгі 
Ақсақ темір заманынан бастап салынған тамаша қүрылыстар қатарына 
жататындар: Шахи-Зинда, Тадж-Махал, Хожа-Ахмед Яссауи мавзолейі, 
Ұлықбек обсерваториясы, т.б. 
Орта замандағы дамуы 
Айтылған құрылыстар сол дәуірде жоғарғы дәрежелі мәдениеттің 
болғанын дәлелдейді. Жоғарғы мәдениеттің қалыптасуына жер өлшеу 
ғылымы да өзіндік рөл атқара отырып, сол мәдениеттің арқасында өзі 
де дамып жетілді. Араб мәдениетінің дамыған кезінде Аристотельден 
кейінгі  жүзінде  білім  мен  мәдениеттің  «екінші  ұстазы»  атанған 
данышпан,  энциклопедист,  ғалым  Әбу  Насыр  аль-Фараби  (870-
950 ж.ж.) геодезия ғылымы, геодезиялық оптикалық аспаптар жөнінде 
өзінің «Ғылымдардың тізбегі» атты еңбегінде былай деген: «Геодезия 
ғылымы  арқылы  адамзат  алые  орналасқан,  көз  жетпейтін  заттардың 
мөлшерін, шамасын бір затпен екінші заттың арақашықтығын, биіктігін, 
тендігін,  (мысалы:  ағаштың,  үйдің  биіктігін.  өзеннің  терендігін) 
анықтауға  болады.  Кейде  қателеспес  үшін  өлшеулерде  әр  түрлі 
оптикалық  аспаптар  қолданылады»  деген.  Ал  «Алмагеске  түсініктеме» 
атты  кітабының  «Сфералық  астрономия»  деген  тарауында, 
астрономия  мен  география  мәселелерін  математикалық  жолмен 


жүктеу 5,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау