132
№3 Зертханалық жұмыс
6-тапсырма. Берілген топографиялық картадан түзу сызықтарды
сызықтық масштаб арқылы өлшеу (4 кесте).
Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар. Екі нүктенің
арақашықтығын анықтау үшін циркульдың айырығын картадағы
кескіннің арақашықтығымен бірдей қылдырып орналастырады
(3 сурет). Содан кейін циркульдың оң аяғы бүтін бөліндіде, ал сол
аяғы кіші бөлшектер аймағында болатындай етіп сызықтық масштабқа
апарып, санақ жүргізеді. Берілген үлгіде нүктелер арасындағы
арақашықтық 1 км 250 м.
3-сурет. Картадағы арақашықтықты сызықтық масштаб
арқылы өлшеу
4-кесте
Нұсқа
У-34-37-В-в-4 (Снов) картасы бойынша
1
Михалинская тауы (6812) – жел диірмені (6612)
2
Михалинская тауы (6812) – Карьерная тауы (6713)
3
108,1 су деңгейінің белгісі (6814) – бұлақ (6713)
4
158,4 белгісі (6714) – кірпіш зауыты (6613)
5
Су диірмені (6613) – Белый (6513)
6
Құдық (6612) – құдық (6513)
7
Кирпичная т. (6613) – 139,4 су деңгейінің белгісі (6513)
8
Орманшы үйі (6611) – шіркеу (6510)
9
Су диірмені (6611) - Голая т. (6511)
10
Белый (6513) – Малиновская т. (6411)
11
Метеостанция (6413) – 146,4 белгісі (6514)
12
Шіркеу (6413) – 142,0 су деңгейінің белгісі (6512)
13
Семафор (6414) - Су қыспақты мұнара (6413)
14
137,6 белгісі (6411) – 131,4 белгісі (6511)
15
Орманшы үйі (6610) – жел диірмені (6612)
16
Лесная т. (6711) – телефон станциясы (6711)
17
Кірпіш зауыты (6613) – 158,4 белгісі (6714)
18
Су қыспақты мұнара (6614) – жеке жаткан тас (6513)
19
Құдық (6612) – Голая т. (6511)
20
129,4 су деңгейінің белгісі (6411) – құдық (6412)
133
№4 Зертханалық жұмыс
7-тапсырма. Берілген картада қисық сызықтарды өлшуіш-
циркуль және курвиметр көмегімен өлшеу. (5-кесте)
5-кесте
Нұсқа
У-34-37-В-в-4 (Снов) картасы бойынша
1
Голубая ө. Черное көлінен бастап 67 тордың горизонталь сызығына дейін
2
Голубая ө. 67 тордың горизонталь сызығынан (6712) бастап ауылдық
жолдың қиылысуына дейін (6711)
3
Голубая ө. 12 тордың вертикаль сызығынан (6712) бастап соныңа дейін
(6510)
4
Бұлақ (6511)
5
Каменка ө. Бастауынан бастап шоссемен қиылысатын жеріне дейін (6614)
6
Каменка ө. Шоссемен қиылысатын жерінен (6614) бастап жақсартылған
грунттық жолдың үстіндегі көпірге дейін (6613)
7
Голубая ө. парақтың оңтүстік рамкасынан (6412) бастап 65 тордың
горизонталь сызығына дейін
8
Голубая ө. 65 тордың горизонталь сызығынан (6512) бастап Черное көліне
дейін (6513)
9
Бұлақ бастауынан (6414) сағасына дейін (6513)
10
Орман жолы 150,4 белгісінен (6613) орманның солтүстік шекарасына
дейін (6713)
11
Ауыларалық жол Вороново ауылынан (6612) Добрынино ауылына дейін
(6614)
12
Ауыларалық жол Вороново ауылынан (6612) 143,0 белгісінінң қиылысына
дейін (6611)
13
Ауыларалық жол парақтың солтүстік рамкасынан (6812) жақсартылған
грунттық жолмен қиылысына дейін (6712)
14
Ауыларалық жол Михалино ауылынан (6711) 131,2 белгісімен
қиылысуына дейін (6610)
15
Ауыларалық жол парақтың батыс рамкасынан (6510) Голубая өзенімен
қиылысу жеріне дейін (6710)
16
Ауыларалық жол Беличи совхозынан (6511) 170,0 белгісімен қиылысу
жеріне дейін (6712)
17
Ауыларалық жол Беличи совхозынан (6511) 149,2 белгісімен қиылысу
жеріне дейін (6412)
18
Далалық, содан кейін орман жолы 156,9 белгісімен қиылысқан жерінен
(6813) 150,4 белгісімен қиылысуына дейін (6613)
19
Ауыларалық жол 153,0 белгісімен қиылысынан (6510) 171,5 белгісімен
қиылысына дейін (6410)
20
Ауыларалық жол орманшы үйінен (6412) жақсартылған грунттық жолмен
қиылысуына дейін (6511)
134
Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар. Картадағы қисық
сызықтарды циркуль айрығымен түзу сызықты қадамдар жасау
арқылы өлшейді. өлшеудің дәлділігі жоғары деңгейде болу үшін
циркуль айрығының арасы неғұрлым кішірек болуы керек, себебі
қисық доғаларды өлшеген кезде олар түзу сызықпен алмасады.
Қатты қисайған сызықтарды өлшеу үшін айрықтың қолайлы
өлшемі 0,2-0,5 см, ал қисық жерлері аздау сызықтарға 0,5-1 см
өлшемдері қолданылады. Майысқан сызықтарды өошеу үшін
қолданатын циркуль айрығын циркуль қадамы деп атайды. Өлшеу
барысында циркульдің бір аяғын бастапқы нүктеге қойып, екіншісін -
өлшенетін сызық бағытына қарай орналастырады да сол бағыт
бойынша «жүреді» (4 сурет). Өлшемнің дәлдігіне көз жеткізу үшін,
өлшеуді кем дегенде 2 рет жасау керек. Ал қорытынды жауап үшін
арифметикалық орташасын алған дұрыс.
4-сурет. Арақашықтықты өлшеу
Түзу емес сызықтардың арақашықтығын өлшеу үшін арнайы
құрал – курвиметр қолданылады (5 сурет).
Калибрленген доңғалақ құралдың негізі болып табылады, ол тісті
доңғалақтар арқылы циферблаттағы бағдармен (стрелкамен)
байланысады.
Картадағы қандай-да бір сызық бойымен (мысалы, жол)
доңғалақтың жылжуы барысында циферблаттағы бағдар қозғалып,
доңғалақпен өткен жолды см есебімен көрсетеді. Картаның масштабына
сүйене отырып жергілікті жердегі арақашықтық анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |