Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 5,58 Mb.
Pdf просмотр
бет42/60
Дата21.11.2018
өлшемі5,58 Mb.
#22628
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60

 
126 
шешудің  жеңіл  эдістерін  ұсынады.  Мысалы,  Айдың  радиусін,  жер 
бетінің ендігі мен бойлығы, Ай мен Жердің ара қашықтығын, Айдың 
паралаксін  өлшеулер  жайлы  Орта  Азия  мен  Шығыстың  ұлы  ғалымы 
Абу Райхан Бируни (973-1050 ж.ж.) үлкен мұра қалдырды. Г. Галилей 
жасаған  көру  дүрбісінің  (1609  ж)  көмегімен  жүргізілген  геодезиялық 
өлшеулердің  дәлдігі  жоғары  болды.  XVII  ғасырда  И.  Ньютон  ашкан 
бүкіл әлемдік тартылыс заңының көмегімен жердің шар емес, айналу 
осінің  бағыты  бойынша  сығылған  эллипсоида  екенін  дәлелдейді. 
Ресейдегі  геодезиялык  жұмыстар  XVIII  ғасырда,  I  Петрдің  дэуірінде 
жүзеге  асырылды.  1973  жылы  Ресейде  Географиялық  департамент 
құрылып,  1758-1765  жылдары  орыстың  ұлы  ғалымы  М.В  Ломоносов 
оның  жетекшісі  болды.  Сол  кездері  геодезистерді  дайындайтын  оқу 
орындары  ашылып,  геодезиялық  аспаптар  шығарыла  бастады.  Осы 
кезде Ресейде теңізде жүзудің, әскери істің және сауданың кең дамуы 
геодезиялық  өлшеулер  жүргізіп,  карта  жасауды  талап  етті.  Осы 
мақсатпен  аз  зерттелген  аудандарды  түсіру  үшін  арнайы 
экспедициялар  жіберілді.  Сол  экспедициялардың  бірі  Қазақстанның 
оңтүстік  аймақтарында,  Қырғыз  және  Қытай  шекараларында 
топографиялық түсірістер жүргізді. 
Ресей Империясының қарамағында дамуы 
Экспедиция карта жасаған атақты ғалым Ш. Уәлиханов Омбыдағы 
Кадет  корпусын  бітіріп,  жиырма  екі  жасында  Орыс  география 
қоғамына  мүше  болып  сайланды.  Шоқан  Уэлиханов  1950-52  ж.ж. 
Омбы  қаласындағы  әскери  оқу  орнының  студенті  бола  жүре, 
Сырымбет  тауы  мен  оның  төңірегінің,  Көкшетау  және  Қосмұрын 
аймақтарының схемалық карталарын, ол 1856 ж. бастап әскери-ғылыми 
экспедиция  құрамында  жүріп,  Қазакстан,  Ыстық-көл,  Орталық  Тянь-
Шянь  аймақтарында  топографиялык  түсірістер  жүргізген,  сөйтіп, 
Орталық  Азияның  картасын,  сондай-ақ  Қашкариядан  Ташкентке 
дейінгі  жердің  маршруттық  картасын  жасаған.  Ш.Уәлихановтың 
география  жэне  топография  саласындагы  елеулі  еңбектері  жайлы 
оның  5  томдык  шығармалар  жинағының  3-томынан  толық  мағүлмат 
алуға  болады.  XIX  гасырдың  бірінші  жартысында  Ресейдегі 
геодезиялық жүмыстардың жоғарғы дәрежеде жүргізілуіне коп еңбек 
сіңірген  орыс  астрономы  және  геодезист,  Ленинградтагы  Пулков 
обсерваториясының негізін қалаушы В.Я. Струве болды. Геодезиялық 
қызметтің  қарқындап  дамуына  Кеңес  өкіметі  кең  жол  ашты. 
Геодезиялық  ғылыми  жұмыстарды  жүргізуге  арналған  геодезиялық 
орталық  ғылыми-зерттеу  институттар  мен  мамандар  даярлайтын 
көптеген  оқу  орындары  ашылды.  1925  жылдан  бастап  бұрынғы 
Кеңестер  Одагында  мемлекеттік  карталар  жасау  үшін  жер  бетін 


 
127 
әуеден  суретке  түсіру  қолданылды.  Ал  қазіргі  кезде  топографиялық-
геодезиялық  жүмыстардың  және  картографияның  бүдан  әрі  дамуына 
ғарыштық техника үлкен әсер етуде. Келешекте шаруашылығымыздың 
қажеттерін  жан-жақты  қамтамасыз  ету,  ғарыштан  суретке  түсірмей 
жүзеге  асырылмайтынына  көз  жетіп  отыр.  Жер  пішінінің  жаңа 
өлшемдерін анықтауда, бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесінің 
теориясын  жасауда  жэне  практикага  ендіруде  Ф.Н. Красовский 
бастаған  орыс  ғалымдары  зор  еңбек  етті.  Геодезия  мен  картография 
саласының дамуына М.С. Молоденский, А.А. Изотов, А.С. Чеботорев, 
Н.А. Урмаев, т.б. қосқан еңбектері айтарлықтай. 
Қазіргі  заман  картографиясы  –  ғылыми  пәндер  мен  техникалық 
салалардың  тармақталған  жүйесі.  Картографияда  жалпыгеографиялық, 
геологиялық,  топырақты,  этнографиялық  картографиялау  сияқты 
көптеген  тақырыптық  салалар  қалыптасты.  Әдісі  бойынша  олар 
картографияға,  ал  пәні  бойынша  нақты  ғылымдарға  (геология, 
топырақтану, этнография) жатады. Білімнің жаңа салаларының пайда 
болуына байланысты тақырыптық картографияның да жаңа бөлімдері 
қалыптасты,  мысалы:  геоэкологиялық,  геосаяси,  электронды 
картографиялау. Мақсаты мен практикалық бағдарлау бойынша келесі 
салаларды  белгілеуге  болады:  ғылыми,  туристтік,  навигациялық 
(теңіздік, аэронавигациялық), инженерлік картографиялау және т.б.  
Қазiргi заман картографиясы заманның талап етуіне байланысты 
геоинформатикамен  және  компьютерлік  модельдеумен  өзара  әрекет 
етедi. Екі ғылымның интеграциялануы нәтижесінде картографиялаудың 
перспективті  саласы  –  геоақпараттық  картография  қалыптасты. 
Телекоммуникацияның  тоғысуымен  интернетті-картография  дамыды, 
яғни  атластарды,  карталарды  электронды  жүйеде  шығаруға  және 
орналастыруға болады.  
Бақылау сұрақтары: 
Картография тарихы қандай кезеңдерді бастан кешті? 
Ресей  Империясының  қарамағында  картографияның  дамуы 
қалай жүрді? 


 
128 
ІІ Зертханалық бөлім 
№1 Зертханалық жұмыс  
 
1-тапсырма. Мысалда көрсетілген өлшемдер мен топографиялық 
жартылай  қалың  шрифтпен  парақтың  рамкасын  және  трафареттік 
торды салу (1-сурет). 
 
 
 
1-сурет. Рамка өлшемдері, мм 
 
Тапсырманы  орындауға  арналған ұсыныстар.  Барлық жұмыс  ең 
алдымен  қарындаш  көмегімен  жасалады.  Сонымен  қатар,  рамканың 
қалындығы  екі  жіңішке  сызықтармен  сызылады.  Мысалда  өлщемдер 
миллиметр есебімен берілген.  
Сызу  барысында  қарындашты  қатты  баспау  керек,  себебі  одан 
кейін тушьпен жіңішке сызық жүргізу қиынға түседі. Сонымен қатар 
өшіргішті  де  көп  пайдалану  тиімсіз,  өшірген  жерлерде  тушь  ағып 
кетеді. 
Топографиялық  шрифтпен  жазылған  бас  әріптердің  көбі  негізгі 
элементтің  енінің  5  бірлігін  құрайды.  Тек  қана  А  (5,5),  Ц  (6),  Д,  М 
(6,5),  Ф,  Ю,  Ы  (7),  Ж,  Ш  (7,5),  Щ  (8)  әріптері  өзгеше  болып  келеді. 
1 мен 4 сандарынан басқа барлық сандардың ені 4 бірлікке тең. 
Бас  әріптердің  биіктігі  16мм,  ал  кіші  әріптер  12  мм  биіктікпен 
сызылады.  Әріптерді  алдымен  қарындашпен,  содан  кейін  тушьпен 
сызады, 
Сызбаның  рамкасы  мен  әріптер  қара  түсті,  ал  трафареттік  тор 
көк, жасыл немесе қызыл түстермен сызылады. 


жүктеу 5,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау