Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет5/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49


 
 
мен техника қауіпсіздігі бойынша заңдар мен нормативті-құқықтық актілер талаптарының 
орындалуын қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек жағдайын жасайды. 
 
        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан 
Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 
туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" , "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік 
және әскери қызмет туралы" заңдарын және б асқа да жоғары оқу орны жүйесінің қызметі мен 
дамуын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді ; білім беру жүйесінің негізгі 
бағыттары мен даму болашағын; оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты отандық 
және шет елдік жетістіктерді; оқу жұмыстарын жетілдірудің әдістемесін; педагогика мен 
психология негіздерін, оқу-тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесін; тиісті 
мамандықтар бойынша негізгі ғылыми мәселелерді; мамандарды қайта дайындауға және 
біліктіліктерін арттыруға байланысты қолданыстағы нормативтік құжаттарды; еңбек туралы 
заңдардың негіздерін, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарын, 
экономика негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері 
мен нормаларын. 
 
        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым 
кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және білім ұйымдарында басшы қызметтегі немесе 
мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс. 
 
 
   Кафедра меңгерушісі (Әскери кафедра бастығы) 
 
      Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 
2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі); 27.12.2013 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
 
 
         Лауазымдық міндеттері: Кафедраның мамандар даярлау бағыттары мен мамандықтары 
бойынша даму стратегиясын жасайды, жұмыс берушілермен, білім беруді басқару органдарымен 
сыртқы байланыстарды нығайтады және дамытады. Білім беру қызметінің және кафедраның 
мамандар даярлау бағыттары мен мамандықтарының нарығын зерделейді. 
 
       Мамандар дайындау сапасының кафедра ішілік жүйесін жасайды. Оқу үдерісін жоғары 
сапамен қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық әдістер мен оқыту құралдарын айқындай 
алады. Оқытудың барлық түрлері бойынша барлық оқыту сабақтарының өткізілуін 
ұйымдастырады. Жоспарланған және ағымдағы қызметкерлердің оқу, ғылыми, әдістемелік 
мәселелерін талқылау бойынша кафедра отырысын өткізеді. 
 
       Кафедра пәндері бойынша оқу бағдарламаларын бекітеді. Факультеттің, жоғары оқу 
орнының басқа кафедраларындағы оқу бағдарламалары бойынша қорытындылар дайындайды. 
 
       Кафедра жұмысының жоспары мен кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын 
бекітеді. Кафедра қызметкерлерінің арасында педагогикалық жүктеме мен лауазымдық 
міндеттерді бөлуді жүзеге асырады, олардың уақытылы және сапалы орындалуына бақылау 
жасайды. Оқу сабақтарын өткізуде оқытудың қазіргі техникалық құралдарын таңдауды жүзеге 
асырып, оны пайдалану мүмкіндігін жасайды. 
 
       Барлық сабақ түрлерін жүргізеді, курстық, дипломдық жұмыстардың жобаларына, 
магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына және магистранттар мен PhD 
докторанттардың диссертацияларына жетекшілік жасайды. 
 
       Студенттердің кәсіби практикаларын, курстық және диплом жұмыстарын ұйымдастырады 
және басшылық жасайды. 
 
       Жекелеген пәндер бойынша студенттерге курстық емтихандарды, сынақтарды, сондай-ақ 
аралық сынақтарды өткізуді қамтамасыз етеді. Олардың нәтижелеріне талдау жасап, кафедра 
мәжілістерінде баяндайды. Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуін 


10 
 
 
ұйымдастырады, факультет басшылығының тапсырмасымен кафедра қызметкерлері мен 
ізденушілері дайындаған диссертацияларды қарастырады. Студенттердің ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына басшылық жасайды. Аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстары мен олардың ғылыми 
нәтижелерін ғылымға енгізу мүмкіндіктерін талқылайды. Қол жеткізген ғылыми нәтижелерді 
баспада жариялауды қамтамасыз етеді. 
 
       Оқулықтарға, оқу құралдарына, әдістемелік құралдарға қорытындылар дайындауды 
қамтамасыз етеді. Оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік құралдардың 
дайындалуын ұйымдастырады және тікелей өзі қатысады. 
 
       Кафедрадағы оқытушылар мен басқа да қызметкерлердің жеке жұмыс жоспарларының 
сапасы мен орындалуына бақылау жасайды. 
 
       Кафедраның педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Кафедра 
оқытушыларының тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және таратады. Жұмысты жаңа бастаған 
оқытушыларға оқыту және әдістемелік тұрғыдан көмек көрсетеді. Ғылыми педагог мамандарды 
дайындауға басшылық жасайды. 
 
       Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруды жоспарлайды. 
 
       Дайындық бағыттары бойынша және ЖООаралық деңгейде оқу-әдістемелік 
комиссияларының жұмысына қатысады. 
 
       Ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдарымен және басқа да 
ұйымдарымен байланыс орнатады. 
 
       Кафедраның, факультеттің, жоғары оқу орнының халықаралық қызметіне қатысады және 
қамтамасыз етеді. Кафедраның барлық құжаттарының және есептерінің дайындалуын және 
сақталуын қамтамасыз етеді. 
 
       Кафедра жұмысының қорытындысы бойынша есеп береді. Факультет студенттері мен 
кафедралардың оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік 
санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. Еңбекті қорғау және 
техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды. 
 
        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан 
Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 
туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" , "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік 
және әскери қызмет туралы" заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен 
дамуын реттейтін нормативті-құқықтық актілерін; мамандықтар мен мамандану пәндері 
бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының 
құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, 
психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен 
тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңдарын; 
еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын. 
 
        Біліктілікке қойылатын талаптар: әскери кафедра бастығының жоғары (немесе жоғары 
оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе полковник әскери атағы, 
педагогикалық қызметкерлер лауазымдарында немесе әскери бөлім командирінің орынбасары 
және одан жоғары басшылық құрамда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
 
 
   Профессор 
 
      Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 
2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі); 27.12.2013 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
 
 
         Лауазымдық міндеттері: Жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-
әдістемелік жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылау жасайды. Кәсіби білім 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау