Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет8/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49

15 
 
 
         Лауазымдық міндеттері: Құрылымдық бөлімшенің жылдық жобаларын дайындап, 
басшылыққа ұсынады. Жоғары оқу орнының тақырыптық жоспарында бөлімше үшін қаралған 
жұмыстарды ұйымдастырып, бақылау жасап отырады, сәйкес білім салалары бойынша олардың 
даму мүмкіндігін айқындайды, зерттеу жүргізу әдістері мен құралдарын, бөлімше алдына 
қойылған ғылыми-техникалық міндеттерді шешу жолдарын таңдайды. Бөлімшенің перспективті 
және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлейді, оларды жоғары оқу орнының басшылығына ұсынады. 
Елдің әлеуметтік-экономикалық саласының тиісті ғылым және техника өрісін дамыту жөнінде 
техникалық тапсырмалар, әдістемелік және жұмыс бағдарламалары, техникалық-экономикалық 
негіздемелер, болжамдар мен ұсынымдар, басқа да жоспарлар мен әдістемелік материалдар 
әзірлеуге жетекшілік жасайды. 
 
       Жоспарда көзделген тапсырмалардың орындалуына, бөлімше мамандары мен қоса 
атқарушылар орындаған жұмыстар сапасына бақылау жасайды. Нормативтік талаптардың 
сақталуын, құжаттар ресімдеудің кешенділігі мен сапалылығын, оны бекітілген тәртіпте 
келісімді қамтамасыз етеді. Бөлімше орындаған жұмыстар туралы есептерді бекітіп, оны 
қарауға ұсынады. Олардың нәтижелерін іс жүзінде қолдануды қамтамасыз етеді. Бөлімшенің 
жұмыс жүргізуіне қажетті жабдықтарға, материалдар мен басқа да ресурстарға сұранысын 
айқындайды, олардың сақталуын қамтамасыз ету шараларын жасайды. 
 
       Ғылыми-техникалық жетістіктерді патенттеу және өнертабыстар мен жаңашылдық 
ұсыныстарды тіркеуді қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады. 
 
       Бөлімше жұмысының тиімділігін арттыруды, мамандарды оңтайлы орналастыруды 
қамтамасыз етеді, мамандардың шығармашылық белсенділігін арттыру шараларын қабылдайды. 
Мамандардың біліктіліктерін жоғарылату жұмыстарын ұйымдастырады. Қызметкерлердің бөлімше 
жұмысының жалпы нәтижесіне қосқан жеке еңбек үлесін ескере отырып, еңбекақы төлеу 
жөнінде кафедра меңгерушісіне ұсыныстар береді. Оқу зертханасының қызмет бағытын 
анықтайды, оның жұмысын ұйымдастырады, бақылау жасайды, олардың жұмыстарын үйлестіреді. 
 
        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан 
Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 
туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және білім сұрақтарын 
реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерін; тиісті білім, ғылыми техника 
саласындағы мәселелерді; экономика даму бағыттарының түрлерін, осы мәселелерге қатысты 
отандық және шет елдік тәжірибелерді, ғылыми зерттеулер жүргізуді және енгізуді, ғылыми 
құрылғыларды, оның қолданылу ережелерін, ғылыми-техникалық құжаттарды ресімдеуді, 
құралдарға, материалдарға, басқа да ғылыми құрылғыларға тапсырма беруді, мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; экономика негіздерін; еңбекті қорғау, техника 
қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын. 
 
        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми және ұйымдастырушылық 
жұмыс тәжірибесі бес жылдан кем болмауы. 
 
 
   3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің 
педагог қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары 
 
      Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 
N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) Бұйрығымен. 
 
 
   Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі  
 білім беру ұйымының басшысы  
 
         Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру 
ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және 


16 
 
 
қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды. 
 
       Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің кестесін, ішкі тәртіп 
ережесін бекітеді. Білім беру ұйымының басқару құрылымын, штаттық кестесін, 
қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Білім алушылардың контингентін 
қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Техникалық және кәсіптік 
білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету ұйымдарының 
жұмыс істеу және олардың жұмысына бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлармен 
қамтамасыз етеді. 
 
       Жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен жүргізілетін жұмысты 
үйлестіреді. Қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаны 
толтыруды және оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер тәртібінің 
сақталуын қамтамасыз етеді. Материалдық-техникалық базаны қайта жарақтауды және қайта 
құруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Білім беру ұйымының 
оқыту қызметінің саласын дұрыс ұстау және кеңейту мақсатында инновациялық білім 
технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді. 
 
       Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие 
процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін 
арттыру үшін жағдай жасайды. 
 
       Үздіксіз кәсіптік оқыту жөнінде білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша 
жалпы басшылықты жүзеге асырады. 
 
       Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (олардың орнын басушы 
адамдармен) жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де 
ұйымдарда білім беру ұйымының мүддесін білдіреді. 
 
       Әлеуметтік серіктестік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі 
шараларды жүзеге асырады. Уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық 
қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады. Еңбекті қорғау, техникалық 
қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын 
орындауды қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек етуге жағдай жасайды. 
 
        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан 
Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , 
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, 
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие 
беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және 
психология негіздерін, қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; басқарудың 
инновациялық әдістерін; экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық мәселелерін; құқық 
негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке 
қарсы ережелер мен нормаларын. 
 
        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, білім беру ұйымындағы немесе оқу 
орнының бейініне сәйкес ұйымдарда басшы лауазымда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. 
 
 
   Басшының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы  
 жөніндегі орынбасары  
 
         Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру 
ұйымының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысын басқарады. Білім беру ұйымының ғылыми және 
оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және жоспарлайды. Білім беру ұйымының әдістемелік 
ұсынымдарын әзірлеу, пәндік (циклдік) әдістемелік комиссия, ғылыми және оқу-әдістемелік 
жұмысы жөнінде есептік құжатты дайындау жөніндегі кафедралардың жұмыстарын ұйымдастыру 
мәселесін үйлестіреді. 
 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау