Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет38/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49

75 
 
 
сапасына және білім алушылардың білім дайындығы нәтижелерін бағалау объективтілігіне
үйірме, секция, студия, клуб және факультатив жұмыстарына бақылауды жүзеге асырады. 
Педагогикалық қызметкерлердің инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеру және 
әзірлеу жұмыстарына көмек көрсетеді. 
 
      Емтихандарды, конкурстарды, жарыстарды дайындау және өткізу бойынша жұмыстарды 
ұйымдастырады.
 
       Білім алушылар мен қызметкерлерге қажетті жағдайды қамтамасыз етеді, білім 
алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды. Ата-аналар арасында ағарту 
жұмыстарын ұйымдастырады. Оқу сабақтарының кестесін құрады. Белгіленген есеп 
құжаттамаларын уақытылы жасауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрларды іріктеуге және 
орналастыруға қатысады, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыруды 
ұйымдастырады. 
 
      Білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсынысты енгізеді. Оқу кабинеттерін заманауи 
жабдықтар комнатымен, көрнекі құралдар мен оқытудың техникалық құралдарымен 
жарақтандыру, оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен, мерзімдік басылымдармен 
кітапханаларды толықтыру бойынша шаралар қабылдайды.
 
      Білім алушыларды медициналық қамтамасыз ету үшін бақылауды жүзеге асырады. 
Санитарлық-гигиеналық талаптарды, еңбекті сақтау ережесін сақтауды қамтамасыз етеді. 
Қажетті есептерді дайындау және ұсынуды қамтамасыз етеді.
 
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан 
Республикасының Еңбек кодексі, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан 
Республикасының кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», "Қазақстан 
Республикасының тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары 
туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық 
бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және балаларға 
арналған қосымша білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын басқа да 
нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, педагогикалық психология негiздерiн, 
физиология және гигиена негіздерін, педагогикалық ғылым және практика жетiстiктерін, 
экономика негіздерін, қаржылық-шаруашылық қызметі, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті 
қорғау, техника қауіпсіздігін, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді, санитарлық 
ережелер мен нормаларды.
 
      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі немесе тиісті бейін 
бойынша жоғары білімі, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл 
немесе басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
 
 
   Қосымша білім беру педагогы 
 
      Лауазымдық міндеттері: Қосымша бiлiм беру саласында білім алушылардың әртүрлі 
шығармашылық қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Үйірме, секция, студия, клуб 
және басқа да балалар бірлестіктерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құрамын 
жинақтайды, оларды оқу мерзiмiнде сақтау шараларын қолданады. Балаларға арналған қосымша 
білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, 
сабақтың жоспары мен бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. 
Белгіленген құжаттаманы жүргізеді. 
 
      Психофизиологиялық тұрғыдан алғанда жұмыстың нысандарын, құралдарын және 
әдістерінің педагогикалық негізделген таңдауын қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылық 
қабілеттерін анықтап, тұлғаның адамгершілік рухани дамуына, білім алушылардың 
(тәрбиеленушілердің) тұрақты кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Білім 
алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қызметін, зерттеушілік жұмысын ұйымдастырады, білім 
беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқу практикасына байланысты жүзеге 


76 
 
 
асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және 
талдайды. Іскерлікті меңгеруді, шығармашылық қызметтің тәжірибесін, компьютерлік 
технологияларды қолдана отырып, танымдық қызығушылықты дамытуды ескере отырып, оқытудың 
тиімділігін бағалайды. Қалыпты кәсіби қызығушылығы мен бейімін қалыптастыруға ықпал 
етеді, дарынды және талантты білім алушыларды (тәрбиеленушілерді), оның ішінде 
мүмкіншіліктері шектеулі балаларды дамытуды қолдайды. Балалардың жаппай білім беру іс-
шараларына қатысуын (конкурстар, көрмелер, слеттер, конференциялар, олимпиадалар және 
т.б.) ұйымдастырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің демалыс уақытын ұйымдастыруға 
қатысады. Оқу сабақтарын жүргізуде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт 
қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен 
денсаулығына жауап береді. Ата аналары мен олардың орнын басатын тұлғаларға және 
педагогтарға кеңес беріп, көмектеседі. Әдістемелік бірлестіктер мен басқа да әдістемелік 
жұмыс нысандарына қатысады. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады.
 
      Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын мен Еңбек кодексін, 
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы», "Қазақстан Республикасының тілдер 
туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлықпен 
күрес туралы" «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың 
қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдары және бiлiм беру қызметін регламенттейтін 
басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының бiлiм беруді 
дамытудағы басым бағыттарын, дидактиканың қағидаттарын, педагогика және жас 
ерекшеліктері психологиясының негiздерiн, бiлiм беру процесін әдiстемелiк қамтамасыз ету 
қағидаттарын, тәрбие жұмысын, тиімді, сараланған, дамытуды оқытудың, құзыреттілік 
тәсілдерін іске асырудың сенімділік, өз ұстанымын дәлелдеудің, әртүрлі жастағы білім 
алушылармен, тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен, оларды ауыстыратын тұлғалармен, 
жұмыстағы әріптестермен байланыс жасау әдістемесін, жанжал жағдайларының себептерін 
сараптау технологияларын, педагогикалық технологиялар диагностикасын, дербес 
компьютермен, электронды пошта және браузерлермен, мультимедиалық жабдықтармен жұмыс 
істеу негіздерін, білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережелерін, еңбек және өрт 
қауіпсіздігін сақтау ережелерін.
 
       Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: 
 
      біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: үйірме, секция, студия және өзге де 
балалар бірлестігінің бейініне сәйкес жоғары педагогикалық бiлiмі, жұмыс өтіліне талап 
қойылмайды;
 
      біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман: педагогикалық бейіннің немесе үйірме, 
секция, студия және өзге де балалар бірлестігінің бейініне сәйкес техникалық және 
кәсіптік бiлiм, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
 
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік 
талаптары: 
 
       біліктілігі жоғары деңгейлі екiншi санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі 
санаты жоқ педагогқа қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, зерттеу, эксперименттік 
жұмыстары дағдаларын меңгеруі, жаңа әдістемелерді сынау бойынша жұмыстарды жүргізе 
білуі, өңірлік (қалалық) көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалары 
ұжымын басқаруы тиіс. 
 
      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: үйірме, секция, студия және өзге де балалар 
бірлестігінің бейініне сәйкес жоғары педагогикалық бiлiмі немесе тиісті бейіні бойынша 
жоғары бiлiмі және педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
 
      біліктілігі жоғары деңгейлі бiрiншi санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі 
екінші санатты педагогқа қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар зерттеу, 
эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, облыстық, республикалық конкурстардың, 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау