69
Республикасының
Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала
құқықтары туралы конвенция», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан
Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедек
балаларды қорғау» Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік
құқықтық актілерді, арнайы
педагогика, арнайы психология, жас ерекшелік физиологиясын,
мектеп гигиенасын, пәнді оқыту мен тәрбиелік жұмыс әдістемесін, бағдарламалар мен
оқулықтарды, оқытудың құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндігін, педагогика ғылымы
мен білім берудің даму перспективасы мен негізгі бағыттарын, еңбек туралы заңнама
негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы күрес
ережелері мен
нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман:
жұмыс өтілінсіз «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерін анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ мұғалім-дефектологқа қойылатын талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар: озық тәжірибелерді зерделеуі, оны практикада қолдана білуі,
балалар кемістігінің көрсетілген дәрежесін талдау, дағдыларының болуы, даму ауытқуларын
түзеу, бұзылған функцияларды қалыптастыру бойынша топтық және жеке сабақтар жүргізуі,
білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары
педагогикалық білімі және мұғалім дефектолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман: дефектолог мұғалімге,
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі,
сонымен қатар даму мүмкіндігі шектеулі балалармен оқу-түзету жұмыстарын талдау әдістерін
меңгеруі, шығармашылық семинарларға жетекшілік
жасай білуі, озық тәжірибелерді енгізуі,
дефектологияның қазіргі әдістерін игеруі, оларды пайдалану құқығына сертификаттарының
болуы, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және мұғалім-
дефектолог лауазымында жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты мұғалім дефектологқа қойылатын
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстардың
әдістерін игеруі, жаңа оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды, педагогикалық
технологияларды,
оқыту және тәрбиелеу әдістерін, әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу
жұмыстарын жүргізе білуі, өз пәні бойынша эксперименттік тапсырма құру, арнайы білім
беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуі, арнайы
білім беру проблемалары бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдардың болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары
педагогикалық білімі және мұғалім-дефектолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Логопед-мұғалім
Лауазымдық міндеттері: Оқушыларды тексереді, сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен
деңгейін, оларды түзетудің әдістерін анықтайды, балалардың
психикалық дене даму және
сөйлеу жағдайын есепке ала отырып, сабақ жүргізуге топ жинақтайды. Дамудағы сөйлеу
кемшілігін, сөйлеу қызметінің бұзылуын қалпына келтіру үшін топтық және жеке сабақтар
өткізеді. Оқушылардың жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыруға және олардың
әлеуметтенуіне ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, әдістерін және құралдарын
70
пайдаланады. Арнайы ұйымдарда дамудағы ауытқушылықты барынша түзетуге бағытталған
оқушыларды (тәрбиеленушілерді) оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.
Жүйелі түрде өзінің кәсіби біліктіліктерін көтереді. Компьютерлік сауаттылықты,
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді. Әдістемелік бірлестіктер
қызметтеріне және әдістемелік жұмыстардың басқа да нысандарына қатысады. Ата-аналармен
(оларды алмастырушы тұлғалармен)
байланыс жасайды, балаларға арнайы көмек көрсетудің
арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде кеңес береді. Оқыту процесі кезінде білім
алушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты болады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала
құқықтары туралы конвенция», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Кемтар
балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңдарын мен білім беру
мәселелерін, педагогикалық және ұйымдастырушылық міндеттерді шешу үшін қажетті көлемде
жалпы теориялық пән негіздерін, педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы,
мектеп гигиенасын, арнайы педагогика және арнайы психология, бағдарламалар мен
оқулықтарды, логопед кабинетін жарақтандыру және жабдықтауға қойылатын талаптарды, оқыту
құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, еңбек туралы заңнама негіздерін,
еңбекті қорғау
қағидалары мен нормаларын, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды,
техника қауіпсіздігі және өртке қарсы күрес негіздері бойынша басқа да нормативтік
құқықтық актілерді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: «Дефектология», «Логопедия»
мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі.
Тиісті санаттарды алу үшін міндеттерді анықтай отырып біліктілікке қойылатын
талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі
санаты жоқ мұғалім логопедке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар
тәжірибелік-эксперименттік жұмыс дағдыларының болуы, жаңа оқыту әдістемесін сынақтан
өткізу жөніндегі жұмысты жүргізе білуі, озық тәжірибелерді зерделеуі, оны практикада
қолдана білуі, оқушылардың тұлғалық жеке мәдениетін, олардың әлеуметтенуін
қалыптастыруды талдау дағдыларының болуы, білім
беру ұйымдарының әдістемелік
бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі,
логопед-мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ логопед-мұғалімге қойылатын талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар Дамудағы ауытқушылықты барынша түзетуге бағытталған
тәрбиеленушілерді оқытуды талдау әдістерін меңгеруі, шығармашылық семинарларға
жетекшілік етуі, озық тәжірибені енгізуі, дефектологияның заманауи әдістерін меңгеруі,
оларды пайдалану құқығына сертификатының болуы, білім беру ұйымдарының әдістемелік
бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, өзінің кәсіби құзыреті саласындағы
тиісті теориялық
және практикалық білімін меңгеруі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
«Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және
логопед-мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты логопед-мұғалімге қойылатын талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі,